1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері


Маңызды жалпылама ақпарат



бет10/31
Дата20.09.2022
өлшемі288,88 Kb.
#150004
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсету. лекция
инклюзив кәсіби құзірет
Маңызды жалпылама ақпарат


1.Оқушылардың ерекше білім беру қажеттілігін бағалау мектеппен (мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметімен), сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады. Жалпы немесе арнайы сыныпта ақыл-ойы кем балаларға арналған жеке немесе арнайы бағдарлама бойынша (МЖМБС-ға бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді ПМПК-дің кешенді тексе-ру негізінде ғана қабылдайды.



  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі және / немесе мектеп Кеңесі қажет болған жағдайда дербес (ПМПК ұсынымынсыз) жалпы білім беру бағдарламаларын қысқарту (бейімдеу), психолог, лого-пед, педагог-ассистент қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдай ала-ды, бірақ тек белгілі бір кезеңге – бір-үш оқу тоқсанынан аспайтын. Егер балаға оқу бағдарламасын меңгеруде мұндай көмек көрсету жеткіліксіз болса, онда ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін баланы ПМПК-ге бағыттау қажет.




  1. Баланың мектептегі оқу үлгерімі мен мінез-құлық нәтижелері негізінде қандай да бір маманның қызметіне мұқтаж еместігі туралы шешімді қолдау көрсету қызметі және/немесе мектеп Кеңесі қабылдайды.

  2. ПМПК-дің ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ұсыныстары бастауыш мектепте (бірінші және төртінші сынып-тарда) оқу уақытында кемінде екі рет жаңартылуы тиіс. Мектеп қолдау көрсету қызметінің және/немесе мектеп кеңесінің шешімі бойынша қажеттілік туындаған жағдайда баланың ЕБҚ-н бағалау мен ұсыныстар алу үшін ПМПК-ге жібере алады.




  1. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тек ата-аналардың келісімімен ӘПКК-нің мамандарымен жүргізіледі. Келісім беру формасы 1-қосымша, 6-формада көрсетілген.

4 МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ (КӨМЕК) КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) –әр баланыңмүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.


Мектеп ортасын даярлау


Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:



  • оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны теңдей қабылдауы;

  • білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;

  • ЕБҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;

  • ЕБҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;




  • оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.



Инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:


а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;


б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы;


в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:


- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нор-мативтік негізін құру;



  • білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;




  • мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;




  • мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;




  • мектеп қауымдастығын дайындау;




  • одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.



Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив-тік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті да-мыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды[22].


Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері. Ди-ректор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ППҚҰ) құру туралы бұйрық шығарады, ППҚК қызметі, арнайы сыныптардың қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді; мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу принциптерін қалыптастырады; басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет