1. интерактивтік оқыту әдістерінің теориялық негіздері


Пікір Дұрыс/Дұрыс емес



бет22/35
Дата25.01.2022
өлшемі366,67 Kb.
#114644
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
15-тапс Нуршат Оразкелди

Пікір

Дұрыс/Дұрыс емес

1.

2.

3.



А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ақын.

Абайға әжесі Зере ертегілер оқып беретін еді.

Ертегі – бұл ойдан шығарылған әңгіме





Кез келген жағдайда теориялық және практикалық материал оқыту үрдісі үшін түсінікті, ыңғайлы сипатталуы тиіс.

Материалдарды құрастыру, оны білім беру бағдарламасы ретінде ұсыну идеясы бағдарламалап оқыту (60-жылдары) және компьютерлік оқыту (80-90 жылдары) жүйесінде айқын көрініс тапты 50,219б.

Бағдарламалап оқыту әдісі өзіне көрнекілік, әрі практикалық әдісті енгізеді. Сондай-ақ бағдарламалап оқыту өзіндік нақты ерекшелігі бар оқыту түрі, технология ретінде қарастырылады. Бағдарламалап оқыту әдісінің де өзіндік ерекшелігі бар, бірақ оның негізінде мәтінмен жұмыс, практикалық жұмыстың қандай да бір түрі, оқытудың сұрақ-жауап әдісі жатыр.

Бағдарламаланған оқытудың көздеген үш талабы бар:

а) ұсынылатын материалдың айқын, дәл құрылымы;

ә) материалды оқушыға аздаған мөлшермен беру: әр мөлшер – білімді меңгеру «қадамы»;

б) кері байланыс, яғни әр қадамнан кейінгі өзіндік бақылау.

Материал оқушыға жеке беріледі, әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Өзіндік бақылау мұғалімнің не компьютердің берген сұрақтарымен алмастырылады 50,220б.

Өкінішке орай, бағдарламаланған оқыту бастауыш мектепте кеңінен қолданылмады. Шетел тәжірибесінде эксперименттік оқу құралдары шыға-рылып, қолданыс табуда. Отандық тәжірибеде бағдарламаланған оқыту әдіс-темесін құру өзекті мәселелер қатарынан өз шешімін табуы тиіс.

Ал компьютерлік бағдарламалар соңғы онжылдықта қарқынды дами бастады. Десек те, қазақ тілі әдістемесіне қатысты компьютерлік бағдарламалар бүгінгі тәжірибемізде сұранысқа айналып отыр.

Қазіргі уақытта мектепте не үйде компьютерді қолдану келесі жағдайлармен шектеледі:

- компьютер оқушының сұрағын қабылдайды және экранда мәтін, сызба,

модельдер түрінде жауап береді;

- оқушы компьютер бағдарламасына енгізілген тапсырмаларды орындайды, ал компьютер жауаптарды жинақтай отырып, олардың дұрыстығын бағалайды 50,220б.

Әйтседе, осы салада, оның ішінде теория саласында оқытудың компьютерлік әдістемесін құру қажеттігі туындайды.

Технологияның дамуына орай интерактивтік тақтаны қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар дайындалып ұсынылуда. Бұл бастауыш сыныптарға да қажетті құрал, өйткені интерактивті тақта оқушылардың оқуға деген қыызығушылығын туғызады, әрі мектепте оқытылатын білімді тиімді меңгертуге ықпал етеді. Бастауыш мектепте келесі факторларды ескерген жөн: балалардың балабақшадан соң мектеп табалдырығын аттап, сабақтарда өзін-өзі ұйымдастыра білуі және орасан зор ақпараттарды меңгеруі өте қиын. Бұл жағдайда, бастауыш мектептегі сабақтарда интерактивтік тақтаны қолдану педагог үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы ажырамас көмекшісіне айналады.

Білім беруде интерактивтік тақтаны қолданудың үш басты бағытын қарастырайық:


  • Презентациялар, яғни тұсаукесер, демонстрация және моделдеу. Сабақта оқу материалын түсінуді жақсарту үшін интерактивтік тақтамен бірге талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру және басқа да ресурстар қолданылады.

  • Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады.

  • Интерактвтік тақтаны қолдану барысында сабақ қарқынын (темп) арттыру. Интерактвтік тақтаны қолдану сабақты жоспарлауды жақсарта түседі және оның қарқынын арттырады.

    1. Презентациялар, демонстрация және моделдеу

Интерактивтік тақта – тұтас сыныпты оқытуға арналған құнды құрал. Бұл – сабақты оқушылар үшін жанды, әрі қызықты ұйымдастыруда мұғалімге көмек боларлық визуалды ресурс. Интерактивтік тақта визуалды құралдардың кең диапазонын (карталар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер және басқалары) қолдана отырып, оқушыларға ақпарат беруге мүмкіндік береді.

    1. Сабақта оқушылар белсенділігін арттыру.

Көптеген мұғалімдер интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда оқушылар сабаққа деген қызығушылық танытып, белсенділік көрсетеді деген пікір білдіреді. Оқушыларға берілген ақпарат қолжетімді, әрі түсінікті, бұл сыныптың түсіністік атмосферасын жақсартады.

3.Сабақ қарқынын ұлғайту. Егер сіздің сабағыңызда интерактивті тақта болса, онда оқушы тақтаға тапсырманы қашан жазып болады деп күтудің қажеті жоқ және ол уақыт алар еді. Мұғалім экранға алдын-ала дайындалған материалды шығарып қоя алады, сабақтың уақыты да үнемделеді. Қалған уақытыңыз берілген тапсырманы орындуға ғана жұмсалады

Интерактивті тақтадағы барлық жазбаларды компьютерде сақтап қоюға болады, оны келесі сабақта өтілген материалды қайталау барысында қайта ашуға болады.

Толықтай функциялайтын интерактивтік тақта әдетте 4 компоненттен тұрады:



  • компьютер

  • мультимедиялық проектор

  • талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру

  • интерактивтік тақта.

Мультимедиялық проектор және интерактивтік тақта компьютерге қосылады. Компьютердің мониторындағы бейнелер проектор арқылы интерактивтік тақтаға түсіріледі.

Интерактивтік тақталар тура және кері проецияланған болуы мүмкін. Интерактивті тақтаның қымбат моделдері проекторды қолданбайды, оның сенсорлық плазмалы панельдері болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет