1 қыркүйек – Білім күніне арналған тәрбие сағаты «Мен – өз елімнің патриотымын»



Дата10.12.2019
өлшемі82 Kb.
#53283
Байланысты:
00012176-0914f50d

1 қыркүйек – Білім күніне арналған тәрбие сағаты

«Мен – өз елімнің патриотымын»


Мақсаты: 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, шарлар.
Әдісі:  сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты, топтық жұмыс
Тәрбие үрдісі:
Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

 Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Отанымыз Қазақстан
– Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн.
– Елордамыз Астана қаласы.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сынып оқушыларын еліміздің рәміздері бейнеленген қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу



  1. топ: Елтаңба

  2. топ: Ту

  3. топ: Әнұран

Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.

Шексіз көк аспанды жамылады


Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні
(1-топ Әнұран жайлы мәлімет береді, сұрақтарға жауап береді)

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,


Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.
(2-топ Ту туралы мәлімет береді)

Бұл - таңбасы елімнің


Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны


Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі

(3-топ Елтаңба туралы мәлімет айтып, сұрақтарға жауап береді)



1.      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.



  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек

нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.


  1. Әнұран, гимн — салтанатты ән,

мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.

Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. МолдағалиевЖ. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары:



М. ТөлебаевЛ. ХамидиЕ. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады



2-кезең: «Мен – патриотпын!» тақырыбына ой толғау

3-кезең: Сөзжұмбақ шешу «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы /Достық/
2. Елордамыз қай қала /Астана /
3. Біз қай ұлтпыз?/ Қазақ/
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі /Әнұран/



4-кезең: «Полиглот» үш тілде жауап беру кереке

1. Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)


2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе – верблюд - camel)

3. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (мысық – кошка – cat)


4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал. (алма - яблоко - apple)
5. Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (балық – рыба –fish)

6. Жеті қазынаның бірі – адамды күзетіп жүретін досы. (ит – собака –doq)


5- кезең: «Жүзден жүйрік»

«Қызықты ұйқастар»


1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»

Құрметті оқушылар, бүгінгі сынып сағатымыз да өз мәресіне жетті. Белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Кішкентай бүлдіршіндер, еліміздің дамуы мен көркеюіне сендер де бір кірпіш болып қаланатындарыңа мен кәміл сенемін!



Мен бүгінгі сынып сағаттымызды мына өлең  жолдарымен қорытындылағым келіп тур.

Қорытынды:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.

Менің байтақ республикам даласы,

Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.

Дала көрсең көк жиекпен таласқан,

Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.

Менің байтақ республикам даласы,

Менің көгім – теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең анық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген –



Ұлан байтақ республикам бұл менің.

Ақтүйесай орта мектебі
«Мен – өз елімнің патриотымын»

(Білім күніне арналған сынып сағаты)

5-сынып
Өткізген: Калимова А.С.

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет