1. Қышқылдың сулы ерітінділері мен негіздердің (күшті қышқыл, күшті негіз, әлсіз қышқыл, әлсіз негіз, полипротонды қышқыл, күшті және әлсіз қышқылдардың қоспасы) рН-ын және рон-ын есепте


Көлемі 0,07 л, тығыздығы 1,18 г/мл 30%-тік ерітіндіден концентрациясы 0,1 болатын азот қышқылының неше литрін алуға болады?



бет23/26
Дата16.12.2022
өлшемі214,79 Kb.
#163058
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
1. ûø ûëäû ñóëû åð³ò³íä³ëåð³ ìåí íåã³çäåðä³ (ê øò³ ûø ûë, ê

24. Көлемі 0,07 л, тығыздығы 1,18 г/мл 30%-тік ерітіндіден концентрациясы 0,1 болатын азот қышқылының неше литрін алуға болады?

25-28-31. Қышқыл-негіздік титрлеу. Өлшеуіш ыдыстарды колибрлеу.
Қышқыл-негіздік титрлеу қышқыл мен негіздің әсерлесуіне негізделген.
Қышқыл-негізді титрлеуде мына титрлеу түрлері қолданылады:
1. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу;
2. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу;
3. Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу;
4. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу;
5. Әлсіз қышқылды әлсіз негізбен(не керісінше)титрлеу.
Бұл әдісті қолданып, тамақтық қышқылдардың (сірке қышқылының, лимон қышқылының, сүт қышқылы және алма қышқылдарының) мөлшерін анықтауға болады.
Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға тиісті емес өлшеу құралдарының нақты мәні мен пайдалануға жарамдылығын анықтап, растау мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы.
26-29-32. Фотометриялық талдаудың мағынасы.
Фотометриялық анықтаулар барысында тиімді жағдайларды таңдау үшін негізгі параметрлерге толқын ұзындығы, оптикалық тығыздық, жарықжұтқыш қабаттың қалыңдығы және боялған заттың концентрациясы жатады.
Затты фотометриялық анықтаудың шарты мен реті келесідегідей:
1. Оптикалық тығыздығы және басқа да компоненттері талданатын затты ауыстыратын фотометриялық пішін таңдау.
2. Жұтылу спектрін өлшеу және тиімді толқын ұзындығын таңдау, ереже бойынша, бұл - жұтылудың максимумы. Бірақ егер де қоспа осы толқын ұзындығында жұтса, онда басқа спектр облысын таңдаған жөн.
3. Бөгде заттардың әсерін оптикалық тығыздықта зерттеу.
4. Бугер-Ламберт-Бер заңына сүйене отырып, концентрацияның аумағын бекіту. Ол үшін зерттелетін заттың әртүрлі стандартты ерітінділерін қолданады, фотометриялық реакция жүргізе отырып, бір уақытта бос ерітіндіні (зерттелетін заты жоқ) дайындайды. Ерітіндінің концентрациясы ең төмен болған жағдайда, оптикалық тығыздығы 0,05.1-ден кем емес, ал ең жоғары болған жағдайда – 0,8.1,0-ден артық емес және жұтқыш қабаттың қалыңдығы l < 5 см болатындай етіп кюветті таңдайды.
5. Ерітіндідегі заттардың концентрациясын есептеуді жүргізу. Фотоэлектрлік өлшеудің бірнеше тәсілдері бар: градуирленген график әдісі; жұтылудың молярлық коэффициенті әдісі; қоспа әдісі; дифференциалды фотометрия әдісі; спектрофотометрлік титрлеу әдісі. Көбіне градуирленген график әдісі қолданылады.
6. Талдау нәтижесін тексеру, қалпына келуін бағалау және метреологиялық бағалап, ақырғы нәтижені беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет