1 Ықтималдықтар теориясы элементтері



бет3/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#93477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
эконометрика

Оқиғалар алгебрасы
Жиындар теориясының аппаратын жалғастырып жиындарға қолданылатын амалдар сияқты кездейсоқ оқиғаларға қолданылатын амалдардарды анықтауға болады. Бұл жағдайда универсал жиын ретінде элементар оқиғалар кеңістігін алуға болады  . Бос жиын  – мүмкін емес оқиғалар.
1. A және B оқиғаларының қосындысы (бірігуі) деп ең болмағанда екеуінің біреуінің пайда болуынан құралған C оқиғасы айтылады (яғни не A, не В, немесе A және B бірге): 
2. А және B оқиғаларының көбейтіндісі (қиылысуы) деп екеуінің бірге пайда болуынан құралған C оқиғасы айтылады:  . 
3. A және  оқиғаларының айырымы деп A оқиғасы пайда болып,  оқиғасы пайда болмауынан тұратын C оқиғасы айтылады:  . 
4. A оқиғасына қарама-қарсы оқиға деп A оқиғасы орындалмағанда орындалатын оқиғасы айтылады:  .
5. Егер A оқиғасының пайда болуы оқиғасының пайда болуына ықпал жасаса,  , яғни А жиыны B-ның ішкі жиыны.
Бұл амалдардың анықтамаларын қасиеттері сияқты Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен кескіндеуге болады. Айта кетелік, кейбір ұғымдар мен қорытындыларды қысқаша көрсетілген амалдар көмегімен көрсетуге болады. Мысалы, егер A және B үйлесімсіз болса, онда  ; Егер  толық топ құрса, онда 1)  ; 2)  .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет