1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы


Ақыл-ой тәрбиесі және оқыту әдістері



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,62 Kb.
#90007
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жауабы 2

Ақыл-ой тәрбиесі және оқыту әдістері
Н. А. Добролюбов білім мен тәрбие жөнінен жаңа мақсаттарды көздейтін оқуы әрі салалы, әрі мазмұнды мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене жұмыс істеуге тиіс деп есептеді.Дидактика мен әдістерден оның талап еткендері білімді мейлінше ойлана-толғана меңгеруге жағдайлар жасау, нәрсе, зат жөнінен дұрыс ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру үшін ғылыми қорытындылар мен ережелерді мысалдармен бекіту, оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуға жағдайлар жасау, оқудың балалар үшін тартымды және қызықты құрылуын қамтамасыз ету.Добролюбов әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өздігінше кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялар ұйымдастыруды қолдайды.Оқу материалын баяндауда Добролюбов мұғалімнің тілінің жатық, пікірлерінің айқын, қорытындылар мен ережелерінің дәлелді болуын талап етті. Осы мәселелерге байланысты ол: "Ғылымның әрбір мәселесі мысалдар арқылы берілсін, әрбір ұгым елестеулер тораптары арқылы айтылсын, әрбір қорытынды талдаулар арқылы берілсін", - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет