1 Жаңбырды бақылау Мақсаты



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі8,18 Mb.
#86539
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1

Кемпірқосақты бақылау
Мақсаты: Жаңбырдан кейін балалармен серуенге шығып кемпірқосақты бақылату, олардың қандай түстерден тұратынын таныстыру. (қызғылт, сары, жасыл, көкшіл, т.б.)
Көркем сөз: Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.

Еңбек: Учаскедегі қоқыстарды жинастыру.
Қимылды ойын: «Жаңбыр мен кемпірқосақ»

28


Ағаштарды, бұтақтарды бақылау
Мақсаты: Көктемгі ағаштарды бақылау.

Көркем сөз: Бүрлеп, өсіп көк шыбық,
Жұтып жатыр шуақты.
Енді аз уақыт ішінде ағаштар бүршіктер шашып, жапырақтар пайда бола бастайды
Қимылды ойын: «Мысық-пысық»

29


Жасыл шөптерді бақылау
Мақсаты: Балаларға жаңа қылтиып шығып келе жатқан шөптерді бақылату.
Көркем сөз: Қар еріді, су ақты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты.
Еңбек: Гүл егетін жерлерді қопсытып дайындау.
Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»
Балаларды татулыққа тәрбиелеу.

30


Мамыр айындағы ауа райын бақылау
Мақсаты: Балаларға мамырдағы ауа райы туралы түсінік беру.

  • Күн ұзарды, жылынды. Адамдар жеңіл киіне бастады.

Көркем сөз: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Еңбек: Құмда ойнайтын жерді үлкендердің көмегімен қопсыту, тазалау.
Қимылды ойын: «Үшінші артық»

31


Аспанды бақылау
Мақсаты: Мамыр айында аспан қандай болатынын анықтау.

  • Мамыр айында аспан таза, ашық, көгілдір болады. Жел соқса, аспандағы бұйра-бұйра бұлттар көшіп кетеді.

Көркем сөз: Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.
Қимылды ойын: «Кім кетті?»

32


Жаңбырдан кейінгі ылғалдылықты бақылау
Мақсаты: Жаңбырдан кейінгі өзгерістер жайлы түсініктер беру.
Балалардың назарын жаңбырдан кейінгі буға аудару. Бу аспанға көтеріліп, кішкентай тамшыларға айналып, жаңбыр болып жауады. Табиғатта алмасу процесі осылай жүретіндігін түсіндіру. Сук бу буға айналады.
Көркем сөз: Су – тіршілік нәрі
Еңбек: Есік алдын сыпыру.
Қимылды ойын: «Түлкі мен қояндар».

33


Желге бақылау
Мақсаты: Жел бағытын анықтау.
Зырылдауық арқылы желдің бағытын анықтау.
Көркем сөз: Көре алмайсың өзін сен,
Ол ысқырса өзінше
Орманды жайпайды
Теңізді шайқайды. (Дауыл)
Қимылды ойын: «Жел айналдырғышпен ойнау»
Балалардың көңіл-күйін көтеру, жүгіруге үйрету.

34


Құмды бақылау
Мақсаты: Құмның күн ыстықта ол да ыситынын түсіндіру. Құмнан пішіндер жасату.
Көркем сөз: Бір алаша төселген
Екі ауылды жалғайды
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды (Құм)
Еңбек: Құмшаның ішін қоқыстан тазалау.
Балаларды еңбексүйгіштікке баулу.
Ойын: Құммен ойнауды ұйымдастыру.
Дымқыл құмнан ойыншықтарды жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет