Құстарды бақылау Мақсаты: Қыстап қалатын құстар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын құстар жайлы білімдерін кеңейту.
Қазір біз далада қандай құстарды жиі көреміз? (торғай, сауысқан, қарға)
Көркем сөз:Торғай, торғай, торғайсың
Жақын келіп қонғайсың
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың
Еңбек: Жолды қардан тазалау.
Қимылды ойын: «Қарындаштармен» қар үстінде сурет салып үйрену.
№ 18
Қарды бақылау Мақсаты: Жел жоқ күні қардың жер бетіне қалай жауатынын бақылату. Қар көп жауса, аққала жасауға болатындығын түсіндіру. Күн жылынса, қардың тез еріп кететінін айту.
Жұмбақ:Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Еңбек : Қардан әртүрлі геометриялық пішіндерді жасауға үйрету.
Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан» Шапшаңдылыққа үйрету.
№ 19
Қыс мезгіліндегі күннің көзін бақылау Мақсаты: Қыстағы күннің көзі мен жаздағы күннің көзін салыстыру.
Қыстағы күннің көзі жарқырайды, бірақ жерді жылытпайды.
Көркем сөз: Аяз қысып, өрнек сызып
Тереземді торлайды.
Еңбек: Аулада шашылып қалған бұталарды жинау. Тазалыққа баулу.