№1 жадынама. Психологтың кеңесі: «Оқу жылдамдығы төмен, нашар оқитын (кітапты) балаға қалай көмектесуге болады?»
Кіші мектеп жасындағы балаға дефектолог маманының көмегі қажет, егер ол кітап оқудағы қиындықтар әсерінен: *тапсырмаларды орындауда қатынас тәртібі мен заңдылықтарды орнатуда қиындыққа шалдықса, мысалы, жыл, ай, апта күндерінің келу тәртібінде шатасса;
*ретімен санауда 3 саннан артық , кері санауда 2 саннан артық дұрыс қайталап бере алмаса;
*тіпті қарпайым ритмді қайта жаңғырта алмайды, мысалы, үстелдің үстінен қаламмен не қолмен жасаған тарсылды.
*сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиынсынады;
*адамдар мен заттардың оң, солын ажыратуды қиынсынады, оң мен солды талап ететін тапсырмаларды орындай алмай қиналады;
*сөздік қоры өте аз болған жағдайда;
*сөзге фонемалық талдау жасай алмайды (дыбыстардың орнына буындарды белгілейді, дауысты дыбыстарды тастап кетеді);
*оқыған кезде дауысты дыбыстарды шатастырады, біліп тұрса да (мысалы, ә-а,э, ө-о, а-ы, т.с.с);
*буындарды ауыстырады, мүлдем басқа сөз оқуы мүмкін, теріс оқиды;
*мұқиятсыз, тиышсыз,шапшаң, көңілі тұрақсыз.
Оқу машығы төмен баламен жұмыс жасағанда оның бойында мына қасиеттерді қалыптастырып, дамыту керек:. 1.Өзінің денесі туралы түсінігі. Өзінің денесінің негізінде бала жоғары, төмен, оңды, солды, артта, алда деген ұғымдармен танысады. Ол үлкендердің сұрактарына жауап береді (Бас үстінде ме, астында ма? Арқа артта ма әлде алда ма? Т.с.с.) алдымен өзіне қатысты сосын өзгелерге қатысты қолданады. 2. Кеңістік туралы елесі. Бала қоршаған заттар мен суреттердің негізінде үлкендердің сұрақтарына жауап бере алады: қай зат алыс, жақын, кім жылдам, кіші. Содан кейін сұрақтар күрделенеді:қай зат мынаған қарағанда жақында тұр, бірақ анау затқа қарағанда алыстау тұр?(бұны артық, кем, кіші үлкен, т.б. ұғымдарға қолдануға болады) 3.Бірізділік жайлы түсінік. Үлкендер балаға жыл мезгілдерінің, тәулік, ай, күн, аптаның келетін ретін түсіндіреді, оның бәрін кітаптағы суреттермен сүйемелдейді. Сонымен қатар балаға келесі тапсырмалар ұсынылады: * берілген үлгі бойынша геометриялық фигураларды, пазлдарды, моншақтарды бірізділікпен, белгілі бір заңдылықпен орналастыру; *текшелерден қиылған суреттер мен бейнелерді құрастыру; *бірізді суреттердің көмегі арқылы әңгіме құрастыру. 4. Сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі. (жаңылтпаштар арқылы). Жаңылтпаштарды айту баланың дикциясын жақсартып қана қоймай, дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Мысалы, Ай, Айдарбай, Айдарбай! Айыр мүйіз сиырыңды, Үйіңе айдай бар, т.с.с. Бала біраз жаңылтпаш жаттағаннан кейін одан белгілі бір дыбысқа жаңылтпаш айтуды сұрауға болады. Мысалы, «ң» дыбысына- Таң ата Заңғар, Шаңғы алдырар. Шаңғы алдырған Заңғар. Шаңғымен сырғанар. 5.Сөздің буындық құрамы туралы түсінігі. Баламен жаттыққанда допты қолдану ыңғайлы: *үлкен мен бала допты бір-біріне лақтыра отырып, сөздерді буынға бөледі. (Мысалы, та-уық, жа-ңа, ба-ла-пан, т.с.с.) * үлкен адам бірнеше сөздің басы болалатын буынды айтады, ал бала сол буыннан басталатын бірнеше сөз ойлауы керек. (мысалы, ба- -лапан, -ла, -лық, -нан, -рыс, т.б.).
Ең маңыздысы- баланың өзіне деген, өз күшіне, қабілетіне сенімін арттыру. 6-10 жасар баламен жұмыс істегенде ойндар мен қызықты жаттығуларды еңгіген дұрыс ( текшелер, пазлдар, түсті суреттер, т.б.).Мәтін мен жаттығулардың мазмұны баланың қызығушылғына сәйкес келу керек. Мысалы, Барби қуыршақ, машиналар, т.с.с. Баланың қызығушылығын жойып алмау үшін, оның жетістіктерінің кестесін жүргізіп отырыңыз. Мадақтап, кішкене жетістігі болса да мақтап қоюды ұмытпаңыз.
№2 жадынама. Бейнелік ойлауды дамытуға арналаған жаттығулар. «Аяқталмаған әңгімелер».
Бұл жаттығу баланың қиялын дамыта түседі. Балаларға басталған әңгімені аяқтау ұсынылады. Бұл жаттығу шығармашылық елесі мен қайтажаңғыртуын дамытады, логикасын, ойлауын,баланың зейінін; баланың өмірлік тәжірибесі мен құндылықтар жүйесін белсендіреді. Жұмысқа арналаған мәтіндер.
Достарыңызбен бөлісу: |