11. Әлеуметтік үрдістер Әлеуметтік үрдіс - құрылымдық немесе себепті (басқаша айтқанда қызметтік) тәуелділікпен өзара байланысатын кездейсоқ құбылыстардың сериясы.
12. Әлеуметтік институттар және мекемелер Институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі – бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді табу және бала тәрбиелеу. « Ү ғы м да р д ы ң қоры т ы н ды сы : и нст и т ут т ар, рөлдер ж эн е м ә р т еб ел ер » кестесінде денсаулық сақтау саласының мысалында негізгі әлеуметтік үғымдардың өзара қалай байланысатыны дәлелденеді. Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі институттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы институты.
• Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыратын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін институты.
Бұл институттар маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді орындау мақсатында әр қоғамға тұрақты әлеуметтік шешімдер жиынтығын ұсынады. Бұл шешімдер әр қоғамда әртүрлі болады, тіпті кейде бір-біріне мүлде кереғар болып жатады. Үкімет институттары монархия,демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Дегенмен барлық дені cay қоғамдарда осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді. Қарабайыр қоғамдарда саясат пен экономика, білім мен дін сияқты маңызды әлеуметтік қажеттіліктердің барлығын бір ірі әлеуметтік институт - отбасы немесе туыстық институт қанағаттандырады.Туыстық міндеттерге негізделген әлеуметтік қатынастар – өндірісті ұйымдастыру, көбею, білім беру және қорғау үшін негіз болып табылады.Қоғам ұлғайып, күрделене түскен сайын қордаланған барлық мәселелерді шешуге отбасының шамасы жетпей қалады. Соның нәгижесінде кейбір істер біртіндеп білім беру, дін және үкімет сияқты арнайы мамандандырылған институттарға ауыса бастайды.Қоғамның әлеуметтік және физикалық ортасы өзгеріп, сол орталарда жұмыс істейтін технологиялар қарыштап дамып жатқандықтан адам алдында туындайтын проблемалар да өзгеру үстінде. Яғни институттық құрылымдар бір орында түрмайды, жаңа проблемаларды шешу үшін жаңа құрылымдар пайда болады немесе қоғамдар хаосқа ұшырайды (Diamond, 2005). Мысалы, СПИД эпидемиясы басталғанда Африкадағы Уганда елі қоғамға қауіпсіз жыныстық қатынас туралы білім беріп, тегін мүшеқаптар таратып, дерт жұқтырғандарды тегін емдеп, індетке белсене тойтарыс берді. Соның нәтижесінде ел экономикасы тұрақтылығын сақтап қалды. Ал Оңтүстік Африка Республикасының үкіметі бұл дертке заманауи тұрғыда баға беруден,оның алдын алудан бас тартты. Соның кесірінен, СПИД инфекциясын жұқтырғандар көбейіп, отбасылар, мектептер және экономика құрдымға кетіп жатыр.Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге болады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше,институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына эсер етеді және басқа институттар да оларға эсер етеді.Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін нормалар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мысалға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуелділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік тұрақтылықты арттырады.Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететіндіктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі. Экономикадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көпәсерін тигізеді.
13. Қоғамның әлеуметтік құрылымы Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Ғылыми және әлеуметтік- саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай- ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым- қатынастың: әлеуметтік- таптық, әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік- этникалық сияқты түрлерін сипаттайды.
Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және екі компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс- әрекетінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.