«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің



бет24/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің
2019-2020 оқу жылындағы психологиялық қызметтің
жылдық есебі
Психологиялық қызметтің мақсаты:
- балалардың психологиялық саулығын сақтау;
- балалық шақтың әртүрлі жас кезеңінде балалардың психикалық жан дүниесінің және жеке тұлғалық дамуының қалыпты деңгейде болуына ықпал ету;
- педагогтердің және ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту, психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің міндеті:
- жеке тұлғаның толыққанды даму мүмкіндігіне қарай, психологиялық-педагогикалық жағынан жағымды жағдай туғызу.
Мектебіміздегі психологиялық қызмет негізгі
5 бағытта жұмыс жасайды.

  1. Психологиялық диагностика :

Бұл бағытта оқушылардың оқуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке бейімделуіне, әлеуметтік қарым-қатынасына, таным процестеріне, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, қабілетіне, мамандық таңдауына, тәрбие деңгейіне байланысты анықтаулар жүргізіліп, диаграмма, мониторингі шығарылып, жүргізілген зерттеулер нәтижесіне орай жұмыстар атқарылып отырады.
2019-2020 оқу жылының басында оқушылардың оқуға даярлығын анықтау мақсатында 1-сынып оқушылармен Керн–Ийрасек тестін жүргіздік. Орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Осы жағдайды болдырмау мақсатында 5-сынып оқушыларымен «Мектепте маған не ұнайды?», «Өзін-өзі бағалау», «Социометрия» әдістемелерін және «Пәнге көзқарасы» тақырыптарында сауалнамалары жүргізілді.
Мұғалімдермен «Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс қабілеті» атты әдістеме жүргізілді. Нәтижесінде мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеу мүмкіндіктері бар, бірақ одан әрі интеллектілік үрдісте қабілеттілікті арттырып, белсенді болу талап етілетіндігі анықталды.
Тәртібі қиын және тәртіп бұзуға бейім оқушылармен жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, агрессиясына, өзін-өзі бағалауына, отбасымен қарым- қатынасына, мінез-құлық акцентуациясына тест, әдістемелер жүргізілді.
8-11 сынып оқушылармен «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» атты сауалнама жүргізілді. Нәтижесімен сынып жетекшілері таныс болды.
Қорытындысы тиісті орынға тапсырылды.
5-11 сынып оқушыларынан «Нашақорлықтың алдын-алу» атты сауалнамалар алынды.
«Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл» атты 5-11 сынып аралығында сауалнамалар жүргізілді.
9-сынып оқушылары арасында әлеуметтік жасырын сауалнама жүргізіліп, нәтижесі тиісті орындарға өткізілді.
Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылармен тесттер жүргізілді.
1-4 сыныптардың дарынды оқушыларының логикалық ойлау қабілеттеріне, есте сақтау қабілеттеріне, ауызша-логикалық ойлау қабілеттеріне әдістемелер жүргізілді. 5-11 сынып оқушылар аралығында үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, дамыту тренингтері жүргізілді, мұғалімдерге кеңестер берілді. І жартыжылдықта аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында 3-11 сынып оқушыларымен «Кактус», «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемелері жүргізілді. Зерттелінушінің қоршаған ортаға көзқарасын және жеке бас ұстанымын анықтау мақсатында 5- 6-7 сынып оқушыларымен Кондаштың «Қобалжу шкаласы», «Ағаш», «Кактус», «Аяқталмаған сөйлем» әдістемелері жүргізілді. 8-9-10-11 сынып оқушыларымен Г.Айзенктің «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау», «Кактус», «Аяқталмаған сөйлем» әдістемелері жүргізілді.
Қорытынды: оқушылармен жүргізілген әдістемелер нәтижесі сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне таныстырылды. Нәтижесіне орай ашушаңдықтан, қысымнан арылту мақсатында тренинг, жаттығулары ұйымдастырылуда.9-сынып оқушылардың ата-аналарымен ОЖСБ-ға көзқарасына сауалнамалар жүргізілді.11-сынып оқушыларының ата-аналарымен ҰБТ-ге көзқарасына сауалнамалар жүргізілді. ҰБТ-ға және ОЖСБ-ға байланысты сынып оқушыларының ата-аналарымен тест, әдістемелер жүргізіліп, кеңестер берілді.
Үйде оқытылатын балалармен таным процестеріне, өзін-өзі бағалауына тест, әдістемелер жүргізіліп, мінездеме жазылып, мұғалімдеріне, ата- аналарына таныстырылды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет