ЖҰмыс дайындаған: Мехманов. А қабылдаған: Бисембаева Н. Мектептегі психологиялық қызмет



Дата24.10.2019
өлшемі386,6 Kb.
#50626
Байланысты:
психодиагностика мехманов111


ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ

ЖҰМЫС

Дайындаған:Мехманов.А

Қабылдаған: Бисембаева Н.

Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.

Мектеп психологының құқықтық мәртебесі
  • Мектеп психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман.
  • Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
  • Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.
  • Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.
  • Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.
  • Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.
  • Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.
  • Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.
  • Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.
  • Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
  • Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.

П с и х о л о г:
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
  • Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға м і н д е т т і.

Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.

7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.

8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.

9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.

10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!

11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!


  • « Психодиагностика » сөзі – « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.
  • Психодиагностика – кез-келген психологиялық – педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. 
  • Психодиагностиканың мақсаты – «əлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық əдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу».
  • Психодиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.
  • 1.Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма қол белгілеу.
  • 2.Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау.
  • 3.Қажет болған жағдайда адамның психологиялық жəне мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.
  • 4.Əртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.
  • Әдістер классификациясы:

  • 1) Интерпретация әдісі-суреттерге, картинкаларға қарап зерттеу. Бұл әдіс арқылы генетикасын немесе құрылысын анықтауға болады. Бұған ((ТАТ,САТ) тест фрустрации Розенцвейга, тест Жиля, тест Сонди) жатады.

    2) Структуралық әдіс (Г.Роршахтың әдісі) жатады.

    3) Конструктивті әдіс.

    4) Шығармашылық әдіс.


  • Зерттеу объектісі жан-жақты даму үстінде. Зерттеу әдістерін біз 4 топқа бөлеміз.

  • 1) ұйымдастырылған әдістер.

    2) Эмпирикалық әдістер.

    3) Мағлұматтарды істеп шығару әдісі.

    4) Интерпретациялық әдістер.



Жобалау әдісінің бірнеше түрі бар атап өтетін болсақ, Олар:

1. Құрастырушы.Зерттелген жұмыстың мазмұны қорытындылай келе оның материалға маңыз беруімен оны құрастыруында (Роршахтың мәтіні).

2. Құрастырушы тест. Белгілі бөлімдер мен детальдардың пайда болуы мен құрылымында деп болжайды. (Миррдің мәтіні).

3. Түсіндірмелі тест. Белгілі жағдайдағы гистерпретациялық оқиғаны суреттейді, түсіндіруге болжайды. (ТАТ, Руки мәтіні).

4. Катартикалық тест. Ұйымдастырылған шартта негізделген шығармашылық әрекетін болжайды. Ашық мысал ретінде көп жағдайда психотерапиялық, сонымен қатар психодиагностикада қолданылатын әдісі ретінде қаралатын психодраманы болжайды.

5. Экспрессивті тест. Негізінен суретке немесе берілген және еркін тақырыптар, көп жағдайда «ДДЧ» суреттеуді тестті болжайды.

6. Импрессивті тест. Таңдауды немесе басқаларды ынталандыруды талап етеді.

7. Аддутивті тесттер. Бұл тестердің тобылық ішіндегі ең атақты әдісі фраза және тарихтың қорытындысын қарайтыны болып табылады. Көптеген нұсқаулар бар, бұл фразалар қажет кезде бағытталған сұраққа жауап беру үшін жеке тұлғаның автор мәтінінде айтылған ойға қарай қарайтыны және клиенттің белсенді ынталануын көру үшін әдістің бұл түрі аяқталмаған әңгіме немесе көп жағдайда психотерапиялық маңыз беретін ертегілер тарихты қорытындылауға болжайды. Шығармашылықта көңілі түсіп, қобалжуға себебін тигізеді.

Психодиагностика жүргізуде ескерілетін негізгі талаптар:

1.Жақсы теориялық дайындық.

2.Психодиагностика əдістемесін жеткілікті білуі.

3.Психодиагностика əдістемесін қолдану.

4.Практикалық іске қажетті психодиагностика əдістемесін орынды қолдана білуі.



Қосымша талаптар:

1.психодиагностика əдістемесін дұрыс таңдай білу.

2.əдістеменің түсінікті болуы.

3.нұсқауы болуы.



4.жағдайдың болуы.
  • Психодиагностиканы жүргізгенде міндетті түрде төмендегідей моральдық этиканың нормаларын сақтауы тиіс.
  • Адамның еркінен тыс психодиагностикалық зерттеуден аулақ болу қажет.
  • Психологиялық тест жүргізбестен бұрын адамдарға алдын ала ескерту қажет.
  • Əрбір адам өзіне жүргізілген зерттеудің нəтижесін білуге құқығы бар.
  • Психодиагностикалық зерттеудің қорытындысы түсінікті жағдайда зерттелушіге айтылады.
  • Жасөспірімдермен жүргізілетін тест қорытындысын оның ата анасына, не күтушісіне айтуға болады.
  • Егер тест белгілі бір мақсатпен адамның психикалық даму деңгейін анықтауға немесе қызметіне орналасуға бағытталған болса, қорытынды нəтижесін айтуға болады. Сонымен психодиагностика психолог жұмысынан кəсіби түрде арнайы дайындықты қажет етеді, əрі бұл бағыт психолог қызметінде күрделі аймақты қамтиды.
  • Диагностикалық және коррекциялық әрекет құрылысы әлі толық анықталмаған. Оны алғаш рет Л.С. Выготский өз еңбектерінде қиын балаларды зерттеу нұсқасы ретінде мектеп психологияларының психодиагностикалық жұмысының үлгісі жасалған. Оның ұсынысы бойынша диагностикалық-коррекциялық жұмыс келесі кезеңдерден тұрады: -Тәжірибелік ұсыныстарды талдау; -Психологиялық мәселені белгілеу; -Бақыланып отырған нәрселер туралы болжамды шығару; -Зерттеу әдістерін таңдау; -Әдістерді қолдану; -Баланың ары қарай дамуы туралы болжамнан тұратын психологиялық диагнозды белгілеу.
  • Білім беру саласындағы психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың өзіне тән белгілі бір ұстамдық ерекшеліктері бар. Көптеген психологтардың зерттеулерінде психодиагностика екі құрамды бөліктен тұрады. Біріншіден ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-тәжірибелік психодиагностикасын бір-бірінен ажырата білудің өте қажет екендігін көрсетеді. Өйткені ғылыми-зерттеу психодиагностикасы психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын қалыптастыруға бейімделсе, ғылыми- тәжірибелік психодиагностика белгілі бір психологиялық қасиеттің пайда болу мен оның даму ерекшеліктерін зерттеу арқылы оның орын алған себептерін ашу, яғни нақты сұраққа жауап беруге бағытталған. Білім беру саласындағы психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Сондықтан да бірқатар психологтар оны психолого-педагогикалық диагностика деп атайды.

ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС – ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтау, әрі олармен жұмыс жүргізу.
  • Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
  • - балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
  • - бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
  • - оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
  • - оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
  • - арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
  • - интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
  • - оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
  • - педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.

Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:

І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.



ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.

Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:

1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасының дамуы мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;

2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;

3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр түрлі қиындықтарды ескеруді;

  • Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен, сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де жүргізіле береді. Бұл жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық ұжымның психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап болады.
  • Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты. Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен тәрбиесінің дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.
  • Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.
  • Психолог сабақтарға қатысады:

  • - оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;

    - оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;

    - мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.

  • Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:

  • - мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;

    - педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;

    - ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;

    - оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

    - мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;

  • Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
  • Психологиялық ағартушылық

  • Педагогикалық ұжымда, отбасында көбіне әр түрлі кикілжіңдер орын алып отырады. Бұның бәрі ересек адамдардың психологиялық сауатсыздығынан, бір-бірін тыңдау, түсіну, кешіру, мойынсұну, секілді қасиеттердің жүзеге аспау негізінен туындайды. Сондықтан да практик психологқа баламен жұмыс істейтін барлық адамдардың психологиялық мәдіниетін көтеру өте маңызды.
  • Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:  

  • 1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;

     

    2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау;



     

    3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;

     

    4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру;


  • Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс, әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет.
  • Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі

Мектеп жасына дейінгі балалар:
  • «Төртіншісі артық» әдістемесі

  • Бұл әдістеме көрнекі-бейнелі ойлау ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
  • Ойын әдістемесі

  • Тілді үйрету және жетілдіру бойынша.
  • Зайцевтің әдістемесі

  • Ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады.

    6-7 жас

  • Глен Доманның әдістемесі 

  • Баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі.

    Сәбилерге арналған


  • Жобалау әдістемесі

  • Берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады.

    4-5 жас

  • Аралас әдістеме

  • Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Ойын түрлері:
  • Дидактикалық ойыны
  • Шығармашылық ойыны
  • Сюжеттік рөлдік ойыны
  • Қимылды ойындар
  • Ұлттық ойындар
  • Педагогикалық ойындар
  • Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
  • Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны
  • «Дәл осындайды тауып ал»
  • «Салыстыр да, атын ата»
  • «Қай ағаштың жапырағы»
  • «Бірдей ойыншықты тап»
  • «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?»
  • «Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»
  • «Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап»
  • «4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»
  • «Сөз құра»
  • «Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»
  • «Үш сөз ата»

  • Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.

Бастауыш сыныптағы балалар
  • “10 сөзді жаттау” әдістемесі.

  • Баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.
  • “10 сан” әдістемесі.

  • Баланың қарапайым математикалық білімін тексеру. әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.
  • “10 фигура” әдістемесі.

  • Баланың гиометрялық фигураларды білуін анықтау.
  • “Мектеп мотивациясын тексеруге арналған” сауалнама.

  • Н. Г. Лусканова.
  • “Оқу мотивациясын тексеруге арналған” сауалнама.

  • Н. Г. Лусканова
  • Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар. 1. «Ине мен жіп» 2. «Бұл қашан болады?» 3. «Не үлкен?» 4. «Сиқырлы қапшық»
  • Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

  • 1. «Төрт құбылыс»

    2. «Көңілді шеңбер»

    3. Орныңды тап.

  • Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.

  • 1. Мен жеңімпазбын.

    2. Құлақ - мұрын.

    3. Өз орныңды тап.

    4. Дайын бол.



    5. Зейінді бол.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет