1. Жалпы ережелер Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Дата06.03.2023
өлшемі80,52 Kb.
#171223
Байланысты:
Ақжол (копия)

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері


Орындаған: Қайдаров Ақжол
Тексерген: Есмағанбетова Айгерім
Топ: СС 21-06К

1. Жалпы ережелер

Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;

өлшем бiрлiгi – өлшемнiң жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;

өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал.

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнің құрылымына:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;

5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау;

3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;

3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;

5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;

6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;

7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;

2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:

  • 1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • 2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;
  • 3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
  • 4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;
  • 5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;
  • 6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;
  • 7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;
  • 8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар

Жеке және заңды тұлғалардың:

1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;

2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;

3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;

4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;

6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет