1. Жалпы ережелер



бет62/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
2 типтік жартылай өткізгіш аспаптардың парамтерлерін өлшеу) – тексеру;

32) Электромагнитті жүйе аспаптары – кинематика және жылжымалы жүйені бөлшектеп жөндеу;

33) Электронды реттейтін аспаптар – жөндеу;

34) Полярленген реле – ревизия, жөндеу және реттеу;

35) Аспаптардың жылжымалы жүйелері – теңгеру;

36) Кернеу стабилизаторы – ревизия, жөндеу;

37) Монтаждау үстелі – ағымдағы жөндеу;

38) Қаттылық өлшегіштер және барлық типтегі ажыратқыш машиналар – тексеру;

39) Ультрадыбысты, электромагнитті қалыңдық өлшегіштер – орташа жөндеу;

40) Барлық типтегі электржетектер – монтаждау және баптау;

41) Бір фазалы және үш фазалы электр шоттар, кедергі магазиндер – тексеру.

800. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жылу өлшеу, оптикалық-механикалық, электродинамикалық, есептік, автоматты және басқа да аспаптарды бөлшектер мен тораптарды сомалайтын механизмі және көрсеткіштерін қашықтықтан жіберетін автоматты реттеу механизмін орната отырып, жөндеу, реттеу, сынау, түзету, монтаждау, баптау және тапсыру. Аспап жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, зертханалық аспаптарды жасау. Шкала, торларды сызу және күрделі эскиздерді құрастыру. Электрлік аспаптарды басқа өлшеу шектеріне қайта есептеу. Барлық жүйедегі жылу және электрлік бақылау-өлшеу аспаптарын, автореттегіштер мен қоректендіру автоматтарын квалитеттер бойынша реттеу және тексеру.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі және дәлме-дәл аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды реттеу және түзету тәсілдері, дәлме-дәл өлшеу құралдарының құрылғысы, аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою, барлық үлгідегі өзі жазатын аспаптардың кинематикалық тәсімі, күрделі аспаптар мен автоматтарды тексеру және түзету ережесі және талап етілетін дәлдікке кепіл беретін базисті бетін таңдау ережесі, арнайы аппаратураның, блоктардың, жұмыс істеу режимі және оны реттеу тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, жылу техникасы, радиотехника және оптика негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Автоматтық электронды потенциометрлер және реттейтін әрі өзі жазатын бір нүктелі мостылар – тексеру;

2) Қоректендіру, қысым және температура автоматтары – жөндеу, тексеру және түзету;

3) Электронды және жартылай өткізгіш тәсімді автореттегіштер мен басқа да аппаратура – жөндеу және қайта құру;

4) Автореттегіштер мен аспаптар – монтаждау, баптау, орнату жерінде және жөндеуден алдын ақаулықтарды айқындау үшін қарау;

5) Кинопроекциялық аппаратура – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу;

6) Таразылық циферблатты және көрсеткіш аспаптары бар вагон және автомобиль таразылары – монтаждау, түзету, тіректерді, алаңшалардың кронштейндерін тексеру;

7) Шекті жүктемесі 20 мг кем емес торзионды таразы – тексеру;

8) Гониометрлер – жөндеу, тексеру, түзету;

9) Оптикалық шыны бөлшектер – жетілдіру;

10) Интерферометрлер - жөндеу, тексеру, түзету;

11) Кино және фотоаппараттар – айна бұрышын орнату, диафрагма блогын, жапқышты түзету;

12) Терең үлгілік манометрлер мен потенциометрлер – шкалаларды қайта градуирлей отырып жөндеу;

13) Өзі жазатын және контактілі манометрлер – жөндеу;

14) Ұзындықты өлшеуге арналған өлшеу машиналар – жөндеу, тексеру, түзету;

15) Айқындау машиналары – тораптарды құрастыру;

16) Аспапты микроскоптар – микроскоптың штрихті бастарын жөндеу; жөндеу, құрастыру және үстелдің дәлдігін тексеру;

17) Әмбебап микроскоптар – жөндеу, тексеру, түзету;

18) Электрлік және электронды мостылар – жөндеу;

19) Прецизионды нивелирлер – жөндеу, тексеру, түзету;

20) Аспаптардың бағыт осьтері – қайрау және жылтырату;

21) Өлшеу шегі 2000о дейін ішінара сәулелендіру, радиациялы және оптикалық пирометрлер – тексеру, күрделі жөндеу;

22) Автоматты, радиобелсенді ультрадыбыстық газ талдау аспаптары мен радиоактивтік пневматикалық реттегіштер, сыйымдылық дабылқаққыштар, жүйелердің блоктары және т.б. – жөндеу, құрастыру және реттеу;

23) Физикалық-химиялық өлшеу аспаптары (кондуктометр, концентратометр, полярографтар, полярископтар, поляриметрлер) – тексеру;

24) Оттекті және пирометриялық аспаптар – жөндеу, тексеру, реттеу;

25) Күрделі түрлі жүйелер мен конструкциялардың оптикалық-механикалық аспаптары – жөндеу, реттеу және сынау;

26) Газды шығындауды тексеруге арналған аспаптар (шығын өлшегіш, газ талдағыштар және т.б.) – тексеру;

27) Бағыттайтын өлшеу аспаптары – негізгі бөлшектер мен тораптарды ауыстыра отырып күрделі жөндеу – рамкаларды қайта орау, сәттік пружиналарды олардың күштерін іріктей отырып ауыстыру, өлшеудің басқа шектеріне аспаптарды қайта градуирлеу;

28) Дәлме-дәл аспаптар (оптикалық пирометрлер, талдау таразылары, микроталдау және т.б.);

29) Ирекше фрездерді тексеруге арналған әмбебап аспаптар – тексеру, түзету;

30) Радио өлшегіш аспаптар (В1, В6, типтік кернеуді өлшеу; Р1, Р2 типтік қондырғыларда параметрлерді өлшеу; 41, 42, 43, 44 типті жиілікті өлшеу; Х1, Х2, Х3, Х4 типтік сипаттамаларды бақылау және зерттеу; С1, С2, С3, С4 типтік сигналдар мен спекторларды өлшеу және зерттеу; Г4, Г6 типтік генераторлар және т.б.) – тексеру;

31) Қосымша реттейтін аспапты шығын өлшегіштер – жөндеу;

32) рН-метрлер – бөлшектей және құрастыра отырып жөндеу;

33) Телемеханизация жүйесінің телеұяшықтары, желілік тораптар мен радиобақылау – жөндеу, құрастыру, тексеру және теңшеу;

34) Бір секундтық теодолиттер – жөндеу, тексеру, түзету;

35) Бақылау және тәжірибелі термобулар – градуирлеу;

36) Тексеру бұрыштықтары мен тақтайшалары, синус сызғыштар – бетін жөндеу және жетілдіру;

37) Жылу қалқандары – күрделі электр тәсімдерінің коммутациясы;

38) Эксцентриктер – гониометр бойынша қисық сызықты бетін жетілдіру.

801. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Проекциялық және оптикалық жүйелердің, радиобелсенді аспаптардың, радиостанция агрегаттарының, пеленгаторлардың, радарлық құрылғылардың экспериментальді, тәжірибелік және әмбебап жылу өлшеу, автоматты және электронды аппаратурасын жөндеу, реттеу, монтаждау, сынау, баптау, түзету және ыдысқа салу. Барлық типтегі, оның ішінде 0,01 және жоғары дәлдікті үлгідегі аспаптар мен жүйелердің электр өлшегіш аспаптарын тексеру.Күрделі электрондық схемалары бар блоктарды; бағдарламалық басқарылатын автоматтардағы бақылау блоктарын тексеру және теңшеу. Физикалық шамаларды өлшеуге арналған барлық типтегі радиоөлшегіш аспаптар мен жүйелерді тексеру. Арбитражды өлшемдерді жүргізу.электронды, жартылай өткізгішті аспаптардың, интегралды және логикалық схемалардың параметрлерін өлшеуге арналған қондырғыларды тексеру. Аппараттардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Бөлшектер мен тораптардың тозу деңгейін айқындау. Жылуды бақылау және қазандық автоматикасының, турбиналар мен технологиялық жабдықтың монтаждау тәсімдерінен кейін баптау және кешенді сынамалау. Жылу автоматикасы құрылғыларын тексеруге арналған тәсімдерді құрастыру. Жоғары дәлдікті жылу техникалық жабдықтарынан градиентті алу және оны одан әрі аттестаттау. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу және қажетті материалдарды рәсімдеу.

Білуге тиіс: күрделі аспаптардың құрылғысы, өзара іс-қимылы, оларды құрастырудың технологиялық процесі мен түзету тәсілдері, жылу автоматикасы құрылғысының электрлік жылу тәсімдері, күрделі бақылау-түзету аспаптарының құрылғысы және тексеру әдістері, тексеру жүргізілетін аспаптардың блок-схемалары және прициптік схемалары, тексерілетін өлшегіш аспаптарының жұмыс істеу принципі, оларды тексеру ережесі, үлгі ретінде пайдаланылатын өлшегіш аспаптар мен қондырғылардың жұмыс істеу принципі, аспаптар көрсеткіштерінің агрегат жұмыстарымен өзара байланысы, түзетулерді есептеу, автоматиканың күрделі сызбаларын оқу, күрделі диаграммаларды өңдеу ережесі, аспап жасауда қолданылатын оптикалық шынының, металдың және қосалқы материалдардың, өткізгіштердің, жартылай өткізгіштердің қасиеті, ілінісу және оптикалық жүйелердің түрлі кескіндерінің тісті дөңгелектерін есептеудің негіздері, тексерілетін өлшегіш аспаптарға стандарттың, нұсқаулықтың және әдістемелердің қоятын талаптары, орындалатын жұмыстың көлемінде физика, механика, телемеханика, жылу техникасы, электротехника, метрология, радиотехника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Автореттегіштер мен жылу өлшегіш аспаптары – қолданыстағы жабдықты баптау;

2) Кинопроекциялық аппараттар – мальтиялық және грейфер жүйесін баптау;

3) Электронды аппаратура – баптау;

4) Автоматты порциялық таразылар – күрделі жөндеу, монтаждау, түзету және тексеру;

5) Үлгілік таразылар және гирлер – жөндеу, түзету, тексеру;

6) Үлгілік және аналитикалық таразылар – жөндеу, монтаждау, түзеу және тексеру;

7) Оптикалық-акустикалық газталдағыштар – күрделі жөндеу, түзету;

8) Г5 типті генераторлар, лазерлік және квантты – тексеру;

9) Ұзақтық өлшегіштер – оптикалық жүйені жөндеу және түзету;

10) Телевизиялық өлшегіштер – жөндеу, тексеру;

11) Кино және фотоаппараттар – бекіткіштерді реттеу, баяулату механизмін жөндеу, ұзақтық өлшегіш призмасын ауыстыру, ұзақтық камераларындағы люфтілерді жою және автоспуск жөндеу, айна түсіруді жою, пленка жібіндегі біркелкілікті түзету, фокус объективтерін орнату, бейне іздегішті тазалау, айнаны ауыстыру, объективті взводты пружинаны реттеу;

12) Магнитті оттек өлшегіштер – монтаждау және баптау;

13) Компараторлар – жөндеу, түзету;

14) Телемеханизация жүйесі телеұяшықтарының тербелмелі контурлар – жөндеу, теңшеу;

15) Редукционды және кедергілер магазиндері – жөндеу және реттеу;

16) Өлшегіш, лазерлі микроскоптар, лазерлі эллипсометрлер, сағат проекторлары – тексеру;

17) Осциллографтар – жөндеу;

18) Бақылау-тарту платформалары – тексеру;

19) Күрделі конфигурациялы сығымдағыш формалары – жасау;

20) ЭМ2-11, ЭМ2-12 типтік магниттік шаманы және ядролық резонанс және басқа да әдістерді пайдаланатын т.б. өлшеуге арналған аспаптар – тексеру;

21) СВЧ аспаптары және бақылауға, өлшеуге және сигналдар мен С6, С7, С8, С9 типтік спекторды формаларды зерттеуге арналған аспаптар – тексеру;

22) 0,1º-ден 1º С дейін дәлдікті ұстап тұратын жоғары жиілікті изодромды және пропорционалды температураларды реттегіштер – тексеру;

23) Құрамында тұзы бар дабылқаққыштар – монтаждау, жөндеу, баптау;

24) Қызу беттерін үрлеу және қазандықты үздіксіз үрлеу автоматтандыру тәсімдері – жөндеу және баптау;

25) Монтажды-коммутациялық тәсімдер – принципиалды электрлік тәсімдер бойынша құрастыру;

26) Кедергі термометрлері – белсенді бөлікті орау және кесетін жерін пісіру;

27) Бақылау тестері (аспаптары) – жөндеу;

28) Электронды теңдік өлшегіштер – монтаждаудан кейін жөндеу және баптау;

29) Магнитті күшейткіштер – жөндеу;

30) Іріктелген құрылғылар – жылуды бақылау және автореттеудің принципиалды тәсімдері бойынша орнын таңдау, белгілеу және орнату.

802. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Телеөңдеу жүйесінің микропроцессорлар, мини және микро электр машиналары (бұдан әрі - ЭЕМ) және терминалды құрылғыларының базасында электронды құрылғыларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және пайдалануға беру. Микропроцессорлық техника базасында бағдарлайтын контроллерлерді, микро және мини ЭЕМ және басқа да жабдықтарды барлық жүйедегі элементтерді қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындай отырып және электронды-есептеу техника құралдарын оларды жұмыстың берілген параметрлеріне шығуын қамтамасыз ете отырып, аспаптардың күрделі жүйелерін және жабдықтарды басқару жүйелерін баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. Арнайы тестік бағдарламалар арқылы жабдықтардың басқару жүйелерін диагностикалау.

Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасында басқару жүйелерін құрудың негізгі принциптері, бағдарлаушы контроллерлердің, микро және мини ЭЕМ-ның функционалды және құрылымдық тәсімдері, микропроцессорлық құрылғылардың конструкциясы, автоматталған электр жетектерді бағдарламалау негіздері мен теориясы, технологиялық және тестілік бағдарламалауды енгізу тәсілдері, қайта түрлендіруші техника құрылғылары мен аспаптарының берілген статикалық және динамикалық сипаттамаларды алу мақсатында жүйелерді теңшеу әдістемесі, микропроцессорлық техника базасында құрылған негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен диагностикалық аппаратура құрылғысы, басқару жүйелеріндегі «есте сақтаудың» құрылу әдістері мен ұйымдастыру.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Микропроцессорлық газ анализаторлары, ылғалдық, тұз құрамын, сапасын өлшегіштер-бағдарламаларды тексеру, тестілеу, енгізу, диапазондарды өлшеу, тесті бойынша ақаулықтарды айқындау;

2) Микропроцессорлық «Интеллектуалды» дифманометрлер, қысым және деңгейлі датчиктер – коммуникаторлар арқылы тексеру, тестілеу, қайта теңшеу.

803. Бақылау-өлшеу аспаптары мен

автоматика жөніндегі слесарь 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессорлық техника базасында бағдарлайтын контроллерлерді, микро және мини ЭЕМ және басқа да жабдықтарды барлық жүйедегі элементтерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын орындай отырып және электронды-есептеу техника құралдарын, сондай-ақ периферий жабдықтарын оларды жұмыстың берілген параметрлеріне шығуын қамтамасыз ете отырып, аспаптардың күрделі және бірегей жүйелерін және жабдықтарды басқару жүйелерін кешенді техникалық қызмет көрсету және баптау, жөндеу, тексеру, сынау, монтаждау және пайдалануға тапсыру. Есептеу техника құралдарын пайдалана отырып тестілік бағдарламалар мен стенділердің көмегімен оларды диагностикалау. Есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып технологиялық бағдарламалар мен стенділердің тестілері мен түзетулерін құрастыру.

Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасында басқару жүйелерін құру тәсілдері, бағдарламалық контроллерлердің, микро және мини ЭЕМ-нің принципиалды тәсілдері, технологиялық және тестілік бағдарламаларды түзету тәсілдері, есептеу техникасы құрылғылары мен жүйелеріндегі ақаулықтарды баптау және іздеу жұмыстары кешенін ұйымдастыру, бірегей өлшеу және басқару жүйелері мен кешендерінің құрылысы мен диагностикасы, автоматты реттеу теориясы, нақты технологиялық жабдықта пайдаланылатын бағдарламалаудың негізгі «тілдері».

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1) Қысым, температура датчиктерінің интеллектуалды микропроцессорлы датчиктері, деңгей датчиктері - хаттаманың HART немесе SMART бойынша коммуникатор арқылы теңшеу, бағдарламалау, тестілеу, тексеруге тапсыру;

2) Микропроцессорлық контроллерлер, регуляторлар - бағдарламаларды тексеру, құрастыру, бағдарламаларды енгізу, реттеудің әрбір нақты торабы үшін реттеу сипаттамасын өзгертуді таңдау;

3) Микропроцессорлық логикалық тәсімдер- тесті бойынша ақаулықтарды баптау, тексеру, айқындау;

4) Сандық кіру және шығуы бар микропроцессорлық аспаптар-бағдарламаларды құрастыру;

5) Микропроцессорлық регуляторлар, виброметрлер-баптау, бағдарламалау, жөндеу, тексеруге тапсыру;

6) Микропроцессорлар базасындағы деңгей өлшегіштер, рекодерлер, қағазсыз өзі жазғыштар (микро – ЭЕМ базасында), микропроцессорлық газоанализаторлар, pH-метрлер, ылғалдық және температура өлшегіштер - ПЭЕМ-ге қосу, теңшеу, бағдарламалау, баптау, тестілеу, тексеруге тапсыру.

Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь
804. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдің жай тораптарын жөндеу. Кескішпен кесу, қол арамен кесу, қылтанақтарды аралау, тазалау, шаю, бұрандаларды қиыстыру, автомобильде кондуктордың саңылауын бұрғылау, кірден тазарту, бөлшектерді бөлшектегеннен кейін жуу және майлау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жекелеген жай тораптарды бөлшектеу жөнінде жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, металдың, майлардың, жылу, тежегіш сұйықтық, жуатын құрамның атауы мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1) Автомобильдер - салқындату жүйесінен суды, бактан отынды, гидравликалық тежегіш жүйесінен тежегіш сұйықтықты құйып алу;

2) Жұқа және ірі тазалайтын ауа және май сүзгілері – бөлшектеу.

805. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы және дизельдерді, жеңіл автомобильдерді, ұзындығы 9,5 м-ге дейінгі автобустардың және мотоциклдерден басқа жүк автомобильдерін жөндеу. Жай құрамалар мен автомобиль тораптарын жөндеу, құрастыру. Күрделі емес жарық беретін арматураны шешу және орнату. Сымдарды бөлу, ұзарту, оқшаулау және дәнекерлеу. Бірінші және екінші техникалық қызмет көрсетуде бекіту жұмыстарын орындау, анықталған ұсақ ақаулықтарды жою. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді айлабұйымдарды, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, слесарлық өңдеу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен автомобильдерді жөндеу және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: автомобильдер мен мотоциклдердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер, жай тораптарды құрастыру тәртібі, электр сымдарды бөлшектеу, ұзарту, оқшаулау және дәнекерлеу жолдары мен тәсілдері, электротехникалық және оқшаулау материалдарының негізгі түрлері, олардың қасиеттері мен қызметі, бекіту жұмыстарын орындаудың тәсілдері мен бірінші және қайталама техникалық қызмет көрсетудің көлемі, кеңінен таратылған әмбебап және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеті, салқындату және тежегіш сұйықтықтардың, майлар мен отынның қызметі мен пайдаланылуы, пневмо және электроаспапты пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, электр техникасы және орындалатын жұмыстың көлемінде металл технологиясы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Автомобилдер -дөңгелектерді, тосқауылдарды, басқыштарды, буферлер, қапшықтар, борт кронштейндері, жүк автомобильдерінің қанаттарын, буксерлік крюктерді, нөмір белгілерін шешу және орнату;

2) Картерлер, дөңгелектер - тексеру, бекіту;

3) Клапандар - бағыттағыштарды бөлшектеу;

4) Кронштейндер, қапшықтар - жасау;

5) Самосвал механизмдері - шешу;

6) Су сорғылары, желдеткіштер, компрессорлар – шешу және орнату;

7) Плафондар, артқы фонарлар, жандыру катушкалары, балауыздар, дыбыс белгілері – шешу және орнату;

8) Электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттары – техникалық қызмет көрсетуде тексеру, бекіту;

9) Сымдар – ауыстыру, дәнекерлеу, оқшаулау;

10) Төсемдер – жасау;

11) Рессорлар – рессор жаймаларын оларды жеңілдете отырып майлау;

12) Балауыздар, үзгіштер – бөлгіштер – контактілерді тазалау;

13) Жұқа және ірі тазалайтын ауа, май сүзгілері - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

806. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дизельді және арнайы жүк автомобильдерін және ұзындығы 9,5 м-ден асатын автобустарды бөлшектеу. Арнайы және дизельді, жеңіл автомобильдерді, ұзындығы 9,5 м-ге дейінгі автобустардың басқа жүк автомобильдерін жөндеу, құрастыру. Мотоциклдерді, мотороллерлер мен басқа да мотокөлік құралдарын жөндеу және құрастыру. Тозған бөлшектерді ауыстыра отырып, техникалық қызмет көрсету кезінде бұрандалы құрамаларды бекіту жұмыстарын орындау. Техникалық қызмет көрсету: агрегаттарды, тораптар мен орташа күрделіктегі аспаптарды кесу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Автомобильдің электр жабдықтары мен агрегаттарын бөлшектеу. Автомобиль мен автобус тораптарының, механизмдерінің, аспаптарының жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Электр жабдықтың аспаптары мен агрегаттарын біріктіру және дәнекерлеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеу және орнату.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі тораптарды, агрегаттар мен аспаптардың құрылысы мен қызметі, автомобиль мен мотоциклдерді құрастыру ережесі, бөлшектерді, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды жөндеу, электр жабдықтардың аспаптары мен агрегаттарын бөлшектеу, құрастыру, шешу және орнатудың негізгі жолдары, электр жабдықтары жүйесіндегі үлгілік ақаулықтар, оларды табу және жою тәсілдері, электр жабдықтарды жөндеуде қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, металлдардың негізгі қасиеттері, бөлшектерді термоөңдеу қызметі, әмбебап арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Жеңіл, жүк автомобильдері, барлық маркадағы және үлгідегі автобустар-бензобактарды, картерлерді, радиаторларды, тежегіш педальдарын, өшіргіштерді шешу және орнату, рессорларды ауыстыру;

2) Кардан біліктер, тежегіш барабандарының цапфалары – құрастыру кезінде қиыстыру;

3) Желдеткіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

4) Цилиндр блоктардың бастары, кардан шарнирлер – тексеру, бекіту;

5) Самосвал механизмдері цилиндрлерінің бастары – шешу, жөндеу, орнату;

6) Барлық үлгідегі қозғалтқыштар, артқы, алдыңғы мостылар, іліністі автоматтыны қоспағанда, жіберу қораптары, кардан біліктер – бөлшектеу;

7) Контактілер – дәнекерлеу;

8) Жеңіл автомобиль қанаттары – шешу, орнату;

9) Су, май сорғылар, желдеткіштер, компрессорлар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

10) Оқшаулау аспаптары мен электр жабдықтары агрегаттарының орамалары – сіңдіру, кептіру;

11) Реле – реттегіштер, жандыру таратқыштары – бөлшектеу;

12) Клапан ершіктері – шарошкамен өңдеу, ысқылау;

13) Фаралар, жандыру құлыптары, белгілер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

807. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дизельді, арнайы жүк автомобильдерін, автобустарды, мотоциклдерді, шетелдің жеңіл авмобильдерін, жүк пикаптар мен шағын автобустарды жөндеу және құрастыру. Күрделі агрегаттарды, тораптарды және аспаптарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және оларды техникалық қызмет көрсеткенде ауыстыру. Барлық үлгідегі автомобильдер мен автобустарды стендіде жүргізу. агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды реттеу және сынау процесінде ақауларды, ақаулықтарды анықтау және жою. Бөлшектегеннен және жуғаннан кейін бөлшектерді іріктеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру, ақаулық ведомостілерін жасау.

Білуге тиіс: дизельді және арнайы жүк автомобильдері мен автобустарының құрылысы мен қызметі, автомобильдердің электр және монтаждау тәсімдері, агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды құрастыруға, жөндеуге және реттеуге техникалық шарттар, агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде табылған күрделі ақауларды анықтау және жою әдістері мен тәсілдері, сынау ережесі мен режимдері, агрегаттар мен тораптарды сынау және тапсыруға техникалық шарттар, күрделі сынау құрылғыларының қызметі және пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы, электр жабдықтарының және автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттарының кезеңділігі мен техникалық қызмет көрсету көлемі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – қисық шатунды механизмді жөндеу және құрастыру;

2) Бөлу біліктері – блокқа орнату;

3) Генераторлар, статорлар, спидометрлер – бөлшектеу;

4) Самосвалды механизм гидрокөтергіштері – сынау;

5) Гидротрансформаторлар – байқау және бөлшектеу;

6) Дизельді қозғалтқыш цилиндр блоктарының бастары – құрастыру, жөндеу, герметикалығын сынау, орнату және бекіту;

7) Барлық үлгідегі қозғалтқыштар – жөндеу, құрастыру;

8) Артқы дөңгелектер – үйлесу бұрышын реттеу;

9) Барабанның тежегіш колодкалары, амортизаторлар, дифференциалдар – жөндеу және құрастыру;

10) Компрессорлар, тежегіш крандары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау;

11) Автоматты жіберу қораптары – бөлшектеу;

12) Механикалық жіберу қораптары – құрастыру, стендіде сынау;

13) Самосвал автомобильдерінің кузовтары, самосвал механизмдері – орнату, реттеу және түсіру;

14) Алдыңғы және артқы ілінісу мостылары, кардан біліктер – жөндеу, құрастыру және реттеу;

15) Алдыңғы осьтер – суықтай күйінде сығымдағышпен тексеру және түзету;

16) Түбірлі мойынтіректер – жапсырмаларын ауыстыру, қырып тегістеу, реттеу;

17) Поршендер – цилиндрлер бойынша іріктеу, шатунмен құрастыру, поршенді сақиналарды ауыстыру;

18) Күрделі электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттары – техникалық қызмет көрсетуде тексеру және реттеу;

19) Редукторлар, дифференциалдар – артқы мостының картерін жөндеу, құрастыру, сынау және орнату;

20) Реле – жандыру реттегіштері, таратқыштар – бөлшектеу, жөндеу;

21) Иінді біліктердің сальниктері, ілінісу ступицалары, шар сияқты рульді жетек саусақтары – ауыстыру;

22) Гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – бөлшектеу;

23) Рульдік басқару – жөндеу, құрастыру, реттеу;

24) Поршенді құрамадағы шатундар – аспаппен тексеру;

25) Шатундар – поршенді саусақтар бойынша шатунның жоғарғы қалпағындағы төлкені ауыстыру; тіктеуіш бойынша төрт жағдайда иінді біліктің мойындары бойынша түпкілікті қиыстыру;

26) Автомобиль электр сымдары – тәсім бойынша орнату.

808. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдің күрделі агрегаттарын, тораптары мен аспаптарын стенділер мен шассилерде реттеу және сынау және техникалық қызмет көрсету кезінде оларды ауыстыру. Тексеру аппаратурасында және тексеру айлабұйымдарында электр жабдықтарының бөлшектері мен тораптарын тексеру. Электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттарын тәсім бойынша оларды торапқа қоса отырып, орнату. Автомобиль агрегаттарын, тораптары мен электр жабдық аспаптарын жөндеу, құрастыру және сынау процесінде күрделі ақаулар мен ақаулықтарды анықтау және сынау. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша күрделі слесарлық өңдеу, жетілдіру. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүк және жеңіл автомобильдері мен автобустардың жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомобильдер мен автобустардың конструктивтік құрылымы, күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеу, құрастыру, сынау және реттеудің техникалық шарттары, түрлі күрделіктегі электрлік және монтаждық тәсімдері және аспаптар мен олардағы агрегаттардың өзара іс-қимылы, жанамалы бөлшектердің тозу себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдері, сынау стенділерінің құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1) Электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптары – толық тәсім бойынша орнату, торапқа қосу, оларды техникалық қызмет көрсетуде реттеу;

2) Маховикті иінді біліктері – теңгеру;

3) Генераторлар, статорлар, спидометрлер – жөндеу, құрастыру, сынау, ақауларды жою;

4) Самосвалды механизмнің жүк көтергіштері – құрастыру және сынау;

5) Гидротрансформаторлар – жөндеу, құрастыру;

6) Барлық түрдегі және маркадағы қозғалтқыштар – стендіде сынау, реттеу, диагностикалау;

7) Алдыңғы және артқы мостылар – мойынтіректерді ауыстыру және реттеу; тежегіштер, рульдік басқару, жарықтандыру және дабыл қағу жүйесі – диагностикалау;

8) Трансмиссияны, рульдік басқаруды тексеруге арналған аспаптар, шығын өлшегіштер мен газ талдағыштар – қызмет көрсету, ыдысқа салу, жөндеу;

9) Жандыру таратқыштары, реле-реттегіштер - стендіде тексеру, реттеу, ақауларды жою;

10) Гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – жөндеу, құрастыру, орнату және реттеу;

11) Цилиндрлер, түбірлі және шатунды мойынтіректер – стендіде сынағаннан кейін тексеру, ақаулықтарды жою және барлық құрамаларды түпкілікті бекіту.

809. Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы автомобильдің күрделі агрегаттары мен тораптарының технологиялық шарттарына сәйкес стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Пайдалану сипаттамасын шеше отырып құрастырудың дұрыстығын тексеру. Жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустарының барлық жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау және реттеу. Қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы автомобильдер мен автобустардың құрылымдық ерекшеліктері, күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары, тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу тәртібі, диагностикалық жабдықтарды реттеу және ыдысқа салу, жөндеу ережесі мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу, сынау;

2) Автомобильдің жетекті-экономикалық және тежегіш сапасын тексеруге арналған стенділер – қызмет көрсету, жөндеу, ыдысқа салу;

3) Электр жабдықтары, жандыру жүйелерін, пневматикалық тежегіш жүйелерін, рульдік басқару гидрокүшейткіш жүйелерін тексеруге арналған аспаптар – қызмет көрсету, жөндеу, ыдысқа салу және реттеу.

Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь


810. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналарын, тракторлар мен прицепті механизмдердің жай тораптарын бөлшектеу. Кескішпен кесу, қол арамен кесу, егеулеу, қылтанақтарын тазалау, шаю, бөлшектерді тазалау және майлау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі емес слесарлық жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары, қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, металдардың, майлардың, отын, майлау, жуатын заттардың атаулары мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1) Қарапайым жол-құрылыс машиналары мен тракторларының бөлшектері мен тораптары – тазалау және жуу;

2) Қарапайым бөлшектер – қылтанақтарын егеулеу, дайындамаларды қол арамен кесу, кескішпен кесу, бұранданы қиыстыру;

3) Жол құрылыс тракторлары мен машиналары – бөлшектеуден алдын кірден тазарту.

811. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналарын, тракторларды, прицепті механизмдерді бөлшектеу және оларды жөндеуге дайындау. Жол құрылыс машиналары мен тракторларының жай құрамалары мен тораптарын жекелеген бөлшектері мен бөліктерін ауыстыра отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Күрделі емесе жарықтандыру арматурасын шешу және орнату. Техникалық байқау және қызмет көрсетуде бекіту жұмыстарын орындау. Айлабұйымдарды пайдалана отырып 12-14 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жөндеу және монтаждау бойынша күрделірек жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жол құрылыс машиналары мен тракторлардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, жол құрылыс машиналары мен тракторларды тораптарға бөлшектеудің ережесі мен кезектілігі және жөндеуге дайындау, кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдармен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, салқындататын және тежегіш сұйықтықтарының, май, отындардың қызметі және пайдаланылуы, өңделетін материалдардың механикалық қасиеті, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері және параметрлері, орындалатын жұмыстың көлемінде электротехника және металдың технологиясы негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Бензобактар, аккумуляторлар, кабиналар, қапшықтар – машинаға орнату және бекіту;

2) Дискілер, тежегіш таспалар мен фрикциялық жапсырмалар – бүлінулерді жою және тойтару;

3) Кронштейндер, қапсырмалар, қапшықтар – жасау;

4) Шығырлар, ілініс муфталары, артқы мостылар, табан шынжыр арбалар, рульдік басқару, реверсивті механизмдер – шешу, бөлшектеу және жөндеуге дайындау;

5) Артқы мостылар, қозғалтқыштар, жіберу қораптары – шешу;

6) Плафондар, сәулелік фонарлар, балауыздар, стартерлер – шешу және орнату;

7) Май сүзгілер, су сорғылары, қозғалтқыш желдеткіштері – шешу.

812. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі тораптар мен агрегаттарды жекелеген бөлшектер мен бөліктерді ауыстыра отырып жөндеу, құрастыру және реттеу. Жол құрылыс машиналары мен тракторларды техникалық байқау және қызмет көрсету кезінде тораптардың, механизмдер, агрегаттар мен аспаптардың жұмысындағы ақауларды айқындау және жою. Агрегаттарды, тораптар мен электр жабдықтарын жөндеуге бөлшектеу және дайындау. Сымдарды біріктіру және дәнекерлеу, оларды оқшаулау және бүлінген жерлерін ауыстыру. Орташа күрделіктегі жол құрылыс машиналары мен тракторларын жүру барысында жалпы құрастыру. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Жоғарылау білікті слесардың басшылығымен жол құрылыс машиналарын, тракторлар мен прицепті машиналарды жөндеу жөніндегі күрделірек жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жол құрылыс машиналарын, тракторларды, прицепті механизмдердің құрылысы, негізгі тораптар мен бөлшектердің қызметі мен өзара іс-қимылы, машиналар мен прицепті механизмдерді бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі, машина және жекелеген агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдістері және жою тәсілдері, машина тораптарын майлауда қолданылатын майдың сұрыптары, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, сымдарды ұзарту, дәнекерлеу және оқшаулау электротехникалық материалдары мен ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Автогрейдерлер, автомобиль крандары мен пневмодөңгелекті өзі жүретін крандар – тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу;

2) Желдеткіштер, су және май қозғалтқыш сорғылары – жөндеу және құрастыру;

3) Қозғалтқыштар, жіберуді ауыстыру қораптары, артқы мостылар – жөндеуге бөлшектеу және дайындау;

4) Жандыру құлыптары – жөндеу, құрастыру, реттеу;

5) Клапандар – ысқылау;

6) Жетекші және алдыңғы дөңгелектер, шынжыр табандар мен тізбектер, ұстап тұратын және тірек роликтер, рульдік жетектер, тежегіш колодкалары мен таспалары – жөндеу және құрастыру;

7) Шығырлар, артқы мостылар, жіберу борттары, көтеру және құлату механизмдері, үйіндіні шығару рейкасы, теңгермелер, тежегіштер – жөндеу, құрастыру және орнату;

8) Құбыржолдар – ақаулықтарды жөндеу және жою;

9) Рульдік басқару – ауыстыру, орнату.

813. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналары мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру, стенділік сынау және реттеу. Машиналар мен тракторлардың агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды анықтау және жою. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Күрделі жол құрылыс машиналарын, шынжыр табанды тракторларды, электр жабдық агрегаттары мен аспаптарды жалпы құрастыру. Көтергіш көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып күрделі монтаждау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жол құрылыс машиналары мен тракторлардың конструкциялық құрылымы, түрлі үлгідегі және міндеттегі іштен жанатын қозғалтқыш құрылысы, машиналардың жекелеген агрегаттары мен тораптарын реттеу әдістері, машиналардың жекелеген агрегаттары мен тораптарын реттеу әдістері, жол құрылыс машиналары мен тракторлардың агрегаттарын сынау әдістемесі мен режимдері, тораптар мен агрегаттарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері, жол құрылыс машиналары мен тракторларының электр аспаптары мен электр жабдықтары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы.

Жұмыс үлгілері

1) Автогрейдерлер мен автокрандар - мультипликаторлардың ілінісу, механизм рульдерін, көтеру және бағыт тілін бұру механизмдерінің муфталарын жөндеу және құрастыру;

2) Бульдозерлер, грейдерлер, (өзі жүретін) скреперлер-көтергіш механизмдерінің сынау және олардың жұмысындағы ақауларды жою;

3) Шатун төлкелері – поршенді саусақтар бойынша қиысытру;

4) Жол құрылыс машиналарының гидросымдары – жөндеу, құрастыру, стендіде сынау;

5) Қуаттылығы 73 кВт (100 л.с.)-қа дейінгі іштен жанатын қозғалтқыштар – тораптар мен механизмдерді жөндеу, толық құрастыру, реттеу, газ бөлу, шатунды-поршенді топтың және қозғалтқыштың басқа да тораптарының ақауларын жою;

6) Клапандар – саңылауларды реттеу;

7) Поршенді сақиналар – поршеньді қиыстыру;

8) Тракторлардың жіберу қораптары – стендіде сынау;

9) Газ бөлу механизмдері – құрастыру;

10) Тракторды планетарлық бұру механизмдері – құрастыру және реттеу)

11) Түбірлі және шатунды мойынтіректер – қырып тегістеу;

12) Рульдік басқару, редукторлар, артқы мосты, жіберу қораптары, фрикциондар – жөндеу, құрастыру және реттеу;

13) Сыйымдылығы 15 куб. м-ге дейінгі шөміші бар экскаваторлар – экскаватор механизмдерін басқарудың пневматикалық және гидравликалық жетегін реттеу, басты шығырды сынау, арынды барабанды ауыстыру, шөміштің түбін ашуды реттеу.

814. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналары мен қуатты тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын стенділер мен шассилерде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Жол құрылыс машиналары мен тракторларының күрделі тораптары мен механизмдерінің жұмысында іштен жанатын қозғалтқыштың жұмысындағы ақаулықтарды естіп айқындау және жою. Арнайы аппаратура және аспаптарды пайдалана отырып электр жабдықтарын тексеру және сынау. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді күрделі слесарлық өңдеу.

Білуге тиіс: жөнделетін қуатты тракторлар мен күрделі жол құрылыс машиналарының конструкциялық құрылымы, күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеудің, құрастыру, сынау және реттеудің техникалық шарттары, күрделі электрлік және монтаждау тәсімдері, жанама бөлшектердің тозу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері, сынау стенділерінің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1) Маховикті иінді біліктер – теңгеру;

2) Қуаттылығы 73.6 кВт (100 л.с.) –тен жоғары іштен жанатын қозғалтыштар - күрделі жөндеу, толық құрастыру, реттеу және сынау;

3) Пневмодөңгелекті жүретін автомобиль және өзі жүретін крандары – күрделі жөндеуден кейін сынауға дайындау және сынау;

4) Шөмішінің сыйымдылығы 15 куб-тан жоғары экскаваторлар – экскаватор механизмдерінің пневматикалық және гидравликалық басқару жетегін реттеу, басты шығырды реттеу, шөміштің түбін ашуды реттеу.

815. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын

жөндеу жөніндегі слесарь 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы жол құрылыс машиналары мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарының техникалық шарттарына сәйкес жөндеу, құрастыру, реттеу, кешенді сынау және тапсыру. Пайдалану сипаттамасын ала отырып құрастырудың дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы жол құрылыс машиналары мен тракторларының конструкциялық ерекшеліктері, күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары, тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу, сынау;

2) Тәжірибелік, эксперименталды жол құрылыс машиналарының үлгілері (автогрейдерлер, асфальт қалағыштар, темір бетон жұмыстарына арналған күрделі уатып ұнтақтайтын және формалайтын машиналар)- жөндеу, баптау, сынау.

Жүк тиеу машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь


816. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машинасының жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу. Сыртқы және ішкі бетін аралау, жапсар жіктері мен қылтанақтарын тазалау. Бөлшектерді шаю, тазалау және майлау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жай жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: слесарлық өңдеуде қолданылатын жай жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптарының атаулары мен қызметі, өңделетін материалдардың атаулары мен таңбалануы, слесарлық қысқыштардың, қол қайшыларының, қол аралардың құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1) Болттар мен гайкалар – кілттің қырларын егеулер және бұранданы калибрлеу;

2) Қарапайым бөлшектер – тазарту, аралау;

3) Түрлі бөлшектер – тазалау, шаю, нығыздалған ауамен үрлеу;

4) Бекітпелер мен фланецтер – орнату;

5) Тойтармалар – жасау;

6) Газ құбырлар – қол арамен кесу;

7) Тісті дөңгелектер, біліктер және басқа да бөлшектер – механикалық өңдегеннен кейін қылтанақтарын тазалау.

817. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машиналарының жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Жөндеуде және құрастыруда қолданылатын 12-14 квалитеттер бойынша орташа күрделіктегі бөлшектерді және жай айлабұйымдарды жөндеу және жасау. Қамту және пісіруге бөлшектерді құрастыру. Жоғарырақ білікті слесарлық басшылығымен орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді жөндеу және жасау.

Білуге тиіс: қайта тиеу машиналарының жай тораптары мен механизмдерінің құрылысы, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, майлайтын сұйықтықтардың қызметі және оларды пайдалану тәсілдері, шектеулер мен отырғызу жүйелерін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, орындалатын жұмыс көлемінде металл технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Тербелту және сырғыту і мойынтіректердегі блоктар – құрастыру;

2) Төлкелер – сығымдау;

3) Ілгектер, ілмектер, тізбектер – жасау;

4) Мойынтірек корпустары – қырнауға құрастыру;

5) Кронштейндер мен қапшықтары – жасау;

6) Қол жетегімен шығырлар, тальдер – құрастыру;

7) Төсемдер – жасау;

8) Шпонкалар мен сыналар – аралау.

818. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген бөлшектерін ауыстыра отырып, орташа күрделіктегі тораптар мен агрегаттарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Түрлі дәнекерлеу бөлшектерін дәнекерлеу. Қайта тиеу машиналарына қызмет көрсетуде ақаулықтарды айқындау және жою. Электр пісіруші және газбен пісірушімен бірлесіп металл конструкцияларын (қоршаулар, траптар және т.б.) жөндеу және жасау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі тораптар мен агрегаттарды жөндеу және пісіру.

Білуге тиіс: жөнделетін тораптар мен агрегаттардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, өңделетін металдардың механикалық қасиеттері, термиялық өңдеудің қызметі және оның металдың қасиетінің өзгеруіне әсері, тойтармалы және пісірмелі құрамалардың түрлері мен олардың төзімділігінің шарттары, баяу балқитын және тез балқитын дәнекерлердің құрамы, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, орындалатын жұмыстың шеңберінде электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Авто және электр тиегіштер - артқы және алдыңғы мостыларды, жүк көтергіштерді, жіберу қораптарын, рульдік құрылғыларды, ілінісу муфталарын, редукторларды, гидроцилиндрлерді бөлшектеу және құрастыру;

2) Грейферлер - жекелеген блоктарды ауыстыру;

3) Іштен жанатын қозғалтқыштар - желдеткіштерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; сальниктерді ауыстыру, иінді біліктерді және су сорғыларын ауыстыру; сүзгілерді ауыстыру, қалпақтарын және цилиндрлерді жөндеу, орнату;

4) Порталды, мосткабельді, шынжыр табанды, теміржолды, жүзетін, автомобиль, пневмодөңгелекті крандар; мостылық қайта тиегіштер – редукторларды бөлшектеу және құрастыру; блоктарды ауыстыру; компрессорлардың поршенді сақиналарын ауыстыру; пневмо және гидрожетектер бөлшектеу және құрастыру; тозған шарнирдегі саусақтарды ішінара ауыстыра отырып тежегіштерді бөлшектеу;

5) Бу машиналары – гидростатикалық май сауыттарды бөлшектеу және құрастыру; сальниктерді, болтты және бұрандалы бекітпелерді созғылау;

6) Арнайы трюмді, вагондық және қоймалық машиналар – жылжу және қосалқы құрылғылардың механизмдерін құрастыру, жөндеу, бөлшектеу;

7) Крандарға, авто және электр тиегіштерге арналған жүк қамтитын түсірме органдары – жүк қамтитын органдардың төсемдерін бөлшектеу, құрастыру, ауыстыру, сальниктер мен манжеттерді ауыстыру;

8) Пневматикалық қайта тиегіштер – техникалық қызмет көрсету, ауа құбырларының, соплолардың, циклондардың құрамаларын жөндеу, сүзгілерді ауыстыру;

9) Таспалы, қырнағыш, пластинкалы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – мойынтіректерін ауыстыра отырып роликтерді бөлшектеу және құрастыру, таспаларды, ковштарды, қырнағыштар мен тізбектерді ауыстыру.

819. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машиналары мен орташа күрделіктегі машиналардың күрделі тораптары мен агрегаттарын жөндеу, құрастыру және реттеу. Әмбебап айлабұйымдар мен арнайы аспаптарды пайдалана отырып 6-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Қайта тиеу машиналарына техникалық қызмет көрсету. Күрделі тораптарда ақауларды анықтау және оларды жою. Жөндеуге арналған ақаулық ведомостілерін құрастыру.

Білуге тиіс: жөнделетін қайта тиеу машиналарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктері, машиналардың жекелеген тораптары мен агрегаттарын реттеу әдістері, күрделі сынау құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, электр машиналары мен іске қосуды реттейтін аппаратураның құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1) Авто – және электр тиегіштер - жүк көтергіштің телескоптық рамадағы кареткаларды жөндеу, реттеу, сынау: алдыңғы және артқы мостылардағы мойынтіректерді ауыстыру және реттеу;

2) Грейферлер - төлкелер мен мойынтіректерді ауыстыра отырып жоғарғы және төменгі толық түсті қораптарды бөлшектеу және құрастыру, шарнирлердегі саусақтарды ауыстыру;

3) Іштен жану қозғалтқыштары – қозғалтқыштың поршенді тобын бөлшектеу және құрастыру; бөлшектерді ауыстыра отырып және клапандарды ысқылап қозғалтқыштың клапандық механизмін құрастыру, түбірлі мойынтіректердің жапсырмаларын оларды қырып тегістеп және реттеп ауыстыру;

4) Порталды, мосты кабельді, теміржолды, жүзетін, автомобильдік, пневмодөңгелекті, мостылық қайта тиегіш крандар – баббит құю және айналдыратын торап мойынтіректерін қырып тегістеу, шынжыр табан және коникалық тісті іліністерді жөндеу және реттеу;

5) Бу машиналары мен қазандықтар – мысқалдар мен мысқал айналарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, қырып тегістеу, мойынтіректердің тартылысын реттеу, арматура мен гарнитураны ішінара ауыстыру;

6) Арнайы трюмді, вагондық және қоймалық машиналар – жүк, жылжу, жүк тасымалдау және қосалқы құрылғылардың жинау механизмдерін жөндеу, құрастыру және реттеу;

7) Пневматикалық қайта тиегіштер – ауа үрлегіштерді, шлюзді бекітпелерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

8) Пневматикалық және гидравликалық басқару жүйелері – жоғары қысымды шлангілерді, штуцерлерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, ішінара ауыстыру; манжеттер мен сальниктерді ауыстыру, герметикалығын тексеру;

9) Таспалы, қырнағыш, пластиналы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – керу және жеткізу станцияларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, таспалардың қозғалысын реттеу, тізбектерді керу.

820. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жүк тиеу күрделі жабдықтарын күрделі және орташа жөндеу. Кез келген массадағы тораптар мен агрегаттарды түрлі биіктікте монтаждау және демонтаждау. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмысындағы ақауларды естіп айқындау және оларды жою.

Білуге тиіс: жөнделетін түрлі үлгідегі күрделі қайта тиеу машиналары мен қозғалтқыштарының құрылғысы мен конструкциялық ерекшеліктері, тораптар мен бөлшектердің өзара іс-қимыл ережесі, жанамалы бөлшектердің тозу себептері, анықтау және жою тәсілдері, күрделі қайта тиеу жабдықтарын жөндеудің, сынау және реттеудің техникалық шарттары, электр машиналары мен қайта тиеу жабдықтарының іске қосылуын реттейтін аппаратураның жұмыс істеу принципі мен құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1) Автотиегіштер, электр тиегіштер және басқа да арнайы трюмді, қоймалық және вагон машиналары – күрделі жөндеу және сынау;

2) Гидроцилиндрлер, тежегіш және фрикциялық тежегіштер – күрделі жөндеу және сынау;

3) Грейферлер мен басқа да ілмелі ауысымдық кран, авто және электр тиегіштердің жүкті қамтитын органдары – күрделі жөндеу;

4) Іштен жанатын қозғалтқыштар – иінді және тарату біліктерін қалап, білік мойындарын калибрлеп, блоктау құрылғыларын реттеп күрделі жөндеу; іргетастан алу және орнату, сынау;

5) Компрессорлар, пневмо және гидроманипуляторлар, кесетін клапандар, тежегіш, пневмо және гидроцилиндрлер – күрделі жөндеу және сынау;

6) Порталды, мосткабельді, шынжыр табанды, теміржолды, жүзетін, автомобильдік, пневмодөңгелектік крандар, мостылық қайта тиегіштер – тораптар мен агрегаттарды, жүк көтеру, бағытты өзгерту, бұру, жылжыту механизмдерін күрделі жөндеу; деррик үлгілі және салмақты тік бағыттарды демонтаждау және монтаждау;

7) Бу машиналары мен қазандықтар – күрделі жөндеу, бу таратқышты реттеу және сынау;

8) Пневматикалық қайта тиегіштер – ауа үрлегіштер мен шлюзді бекітпелерді күрделі жөндеу және реттеу;

9) Таспалы, қырнағыш, пластиналы транспортерлер, норийлер мен қоректендіргіштер – күрделі жөндеу және сынау.

821. Жүк тиеу машиналарын жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптар мен агрегаттарды демонтаждау, жөндеу, монтаждау және реттеу, кешенді сынау, пайдалануға беру. Қосарланған крандардың көмегімен үлкен массадағы және габариттегі қайта тиеу машиналарының тораптарын, агрегаттары мен металл конструкцияларын монтаждау және демонтаждау. Қайта тиеу машиналарын пайдалану уақытында ақаулықтарды анықтау және жою. Пайдалану сипаттамасын алу және жөндеуден кейін қайта тиеу машинасын пайдалануға беру.

Білуге тиіс: жөнделетін және бапталатын қайта тиеу машиналарының кинематикалық тәсімдері, бөлшектер мен тораптардың дәлдігін тексеру және сынау әдістері, жабдықтардың жұмыс істеп тұрған бөлшектері мен тораптарына шектелген жүктемелер, жөндеу және монтаждаудан кейін қайта тиеу машиналарын сынау және пайдалануға тапсыру тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1) У-тәріздес және дизельді іштен жанатын қозғалтқыштар – қайта тиеу машиналарының іргетастарын алу және орнату, сипаттамасын ала отырып сынау;

2) Порталды, мосткабельді, шынжыр табанды, теміржолды, жүзетін, автомобильдік, пневмодөңгелектік крандар, мостылық қайта тиегіштер – бұру шеңбері мен тісті тәждің геометриясын, белдіктер мен бағыт көрсеткіш және порталдың дәлдігін қалпына келтіру;

3) Қысыммен жұмыс істейтін сорғылар, гидравликалық жүйелер, ыдыстар, кран гидромуфталары, авто және электр тиегіштер, арнайы трюмді, қоймалық және вагон машиналары – күрделі жөндеу, реттеу және тапсыру.

Желдету және салқындату жүйелерін жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь


822. Желдету және салқындату жүйелерін жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аспаптардың және психрометриялық кесте арқылы өндіріс цехтарында ауаның берілген температурасы мен ылғалдығын ұстап отыру үшін желдеткіш және салқындатқыш жүйелерін реттеу. Желдеткіш, форсунка, калориферлер мен сорғыларды жөндеуге қатысу, байқау және тазалау, автоматты реттеу аспаптарының хал-жайын және жұмысын қадағалау. Жұмыс істемейтін форсункаларды ауыстыру және психрометрлерді қайта зарядтау. Берілген уақытта психрометрлердің көрсеткіштерін жазып отыруға арналған журналды жүргізу. Желдеткіш және ылғалдатқыш құрылғыларын іске қосу және тоқтату. Құбырларды монтаждау орнына тасығанда тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: желдеткіш-ылғалдату құрылғылары мен автоматты реттеу аспаптарының құрылымы, конструкциясы және қолдану принципі, өндіріс цехтарындағы ылғалдық және температура параметрлері, психрометрлерді орнату және зарядтау ережесі, ауаның ылғалдық көрсеткіштерін айқындауға арналған кестелерді пайдалану ережесі, желдеткіш-ылғалдату құрылғыларын тазалау режимі, жерден басқарылатын жай жүк көтергіш құралдармен жүктерді ілмектеу, көтеру және жылжыту ережесі.

823. Желдету және салқындату жүйелерін жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір құрылғының өнімділігі 500000 куб. м/с-қа дейінгі ауа желдеткіш және салқындату жүйелерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, монтаждау және қызмет көрсету. Техникалық шарттарға сәйкес ауаның температурасын және ылғалдығын реттеу. Жөндеуге арналған ақаулық ведомостілерін жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және қолдану принципі, желдеткіш жабдықтары мен жылу жүйесінің жұмысын бақылау тәсілдері, жөнделетін жабдықты жөндеу, құрастыру және монтаждау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде жылу техникасының негіздерін, салқындатқыштағы ауаны өңдеу ерекшеліктері.

824. Желдету және салқындату жүйелерін жөндеу және

қызмет көрсету жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір құрылғының өнімділігі 500000 куб. м/с-дан асатын ауа желдеткіш және салқындату жүйелерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, монтаждау және қызмет көрсету. Жөнделген жабдықтарды сынау және пайдалануға тапсыру. Ауаны желдетуге арналған автоматты құрылғыларды жөндеу, монтаждау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструкциялық ерекшеліктері, желдеткіш жабдықтарын жөндеу, сынау және пайдалануға тапсырудың техникалық шарттары, қызмет көрсетілетін учаскені жылумен жабдықтау тәсімі.

Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
825. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Болттар мен гайкалардағы бұрандаларды кіргізу. Бөлшектерді қылтанақтардан және пісіргеннен кейін тазарту. Бөлшектерді кесу, аралау және егеулеу. Бөлшектерді тазалау, шаю және майлау. Жай слесарлық аспаптарды қайрау.

Білуге тиіс: слесарлық істің негіздерін, қолданылатын слесарлық аспаптың атауы, өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы, кеңінен таралған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, шаятын және майлайтын сұйықтықтардың түрлері мен қызметі.

Жұмыс үлгілері

1) Болттар мен гайкалар - бұранданы кіргізу;

2) Бөлшектер мен тораптар – байқауға және жөндеуге дайындау ;

3) Жай бөлшектер – қылтанақтан арылту;

4) Вагон асты қоршаулар – алып тастау;

5) Құбырлар, аспаптар мен резервуарлар – тазалау.

826. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу, жасау және жөндеу. Күрделі емес бөлшектер мен сұрыптық материал жасау. Болттар және білікшелермен біріктірілген жай тораптар мен бөлшектерді бөлшектеу және құрастыру. Қол және механикаландырылған аспаптармен саңылау тесу. Бекіту бөлшектерінде өлшегіш және плашкамен бұранда кесу. Буксирлі трамвай вагондары мен троллейбустарды тізбектеу және ажырату.

Білуге тиіс: жөнделетін жылжымалы құрамның жұмыс істеу принципін, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, болт және білікшелермен біріктірілген жай тораптарды жөндеу және құрастыру жөніндегі слесарлық жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, буксирлі трамвай вагондары мен троллейбустарды тізбектеу және ажырату ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Тепловоздардың иінді біліктері – буксирлеу;

2) Белгі фонарларының құлыптары – шешу және орнату;

3) Паровоздардың май сауытты сығымдағыштарын қыздыру ирекшелері – шешу және орнату;

4) Жылжымалы құрам механикалық жабдықтары, дизельдің қосалқы жабдықтары – маймен толтыру;

5) Желдеткіш келте құбырлары – шешу, жөндеу және орнату;

6) Тежегіш рычагты жіберулер – тораптарды бөлшектеу;

7) Тұтқалар, қоршаулар, сатылар, тұғырлар, тіректер, кронштейндер, қапсырмалар, ілмелер, құм құбырлары мен құм соплоларының фланецтері, ашылатын қарау қақпақтары, құбырлар, торшалар, люктар, белгі фонарларының ілмектері, қалқандар, май сауыттар – шешу, жөндеу, орнату;

8) Төсемдер – жасау;

9) Букс кергіштер, сыналар, қапсырмалар, ауыстыру бұрамасының, паровоз реверсінің жетектері – шешу;

10) Тежегіш және пневматикалық жабдықтың резервуарлары – шаю;

11) Дизель тоңазытқыш секциялары – үрлеу;

12) Картер торлары, форсункалардың құятын түтікшелері мен дизель коллекторлары – шешу және орнату;

13) Құбырларды бекітуге арналған қапсырмалар мен қапшықтар, құм құбырлардың ұштары, құм торлар – жасау;

14) Түсетін және суаратын құбырлар, жалын ұстайтын торлар, паровоз бен тендердің арасындағы брезент, бу жұмыс құбырларының қаптары мен бітеулері, машинист будкасының жылу құбырлары мен батареялары, көмір бергіштердің астаулары, паровоз шкворнялары – шешу және орнату;

15) Ауа магистралі құбырлары, түсіретін крандар, кран ұштарының ұстағыштары, тежегіш және пневматикалық жабдықтың ауа тазартқыштары – шешу және орнату;

16) Штуцерлер – шешу және орнату;

17) Пеш экрандары, дивандарды бекітуге арналған қапсырмалар – жасау.

827. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді жасау және жөндеу. Бөлшектерді қысып және жылжытып отырғызу жағдайында жылжымалы құрамның жөнделетін нысанының қосалқы бөлшектерін бөлшектеу. Пневматикалық жүйенің жекелеген аспаптарын монтаждау және демонтаждау. Шлинтті бекітпемен жылжымалы отырғызу кезінде тораптардың мөлшерлерін сақтай отырып және олардың орналасуын біріктіру. Сығылған ауа қысымымен пневматикалық жабдықтың әрекетін тексеру. Жекелеген механизмдерді реттеу және сынау.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандарының негізгі тораптарының құрылысы, қызметі және өзара іс-қимылы, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, шектеулер және отырғызу жүйесін, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, бөлшектер мен тораптардың құрама түрлері, жекелеген механизмдерді реттеу және сынаудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Электр секциялары вагондарының тербелетін арқалықтары, ілінетін аспалы арбалары, ток қабылдағыштардың жеңдері – шешу, орнату;

2) Паровоз машинисінің будкалары – бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жинақтау және құрастыру;

3) Сырғыту мойынтіректегі букстар – байқау және толтыру;

4) Желдеткіштер, жалюздер, калориферлер, амортизаторлар – шешу және орнату;

5) Рама бөлшектері мен вагон кузовы – шешу және орнату;

6) Тежегіш дискілері – бөлшектеу;

7) Вагон цистерналары құятын аспаптарының клапандары – байқау және толтыру;

8) Ұшы бар, ажырату крандары, стоп-крандар, оттық көсеудің саңылау есіктерінің бекіткіш клапандары – құм крандар – шешу, орнату;

9) Төсемдердегі қарайтын люктердің қақпақтары, моторлық ось мойынтіректерінің қақпақтары, жетекті электр қозғалтқыштың тісті қаптары – шешу және орнату;

10) Манометрлер – шешу, тексеріп орнату;

11) Троллейбус мостылары – шешу және тегістеу;

12) Құм жабдықтары мен олардың форсункалары – жөндеу;

13) Трамвай және троллейбустың тежегіш жабдықтары – жөндеу және тораптарды құрастыру;

14) Тоңазытқыш секцияларының түтік пластиналары – орнату;

15) Ауыспалы серпінді алаңшалар, су өлшегіштер мен сумен жылыту термометрлері, қазандықтардың кір жинағыштар, жуынатын тостағандар, шаятын құрылғылардың вентильдері мен клапандары – шешу, жөндеу, орнату;

16) Аспалы және рессорлық ілмелер - шешу және бөлшектеу;

17) Паровоздардың поршендері мен мысқалдары – шешу және бөлшектеу;

18) Электровоздың жетек электр қозғалтқыштарының карданды жетектері – шешу;

19) Жылжымалы құрам терезелерінің рамалары – шешу, жөндеу, орнату;

20) Сорғы жүрісін реттегіштер, компрессор қысымын реттегіштер, тежегіш цилиндрлер, тежегіш және пневматикалық жабдықтың клапандары – шешу және орнату;

21) Қорғау қапсырмалары, башмақтар, тежегіш қалыптары – шешу, орнату;

22) Паровоз арбалары – тартып шығару, бөлшектеу, илемдеу;

23) Паровоз сығымдағыш май сауыттарының жетектері – жасау;

24) Ауа, жылу және май сүзгілері, ауа тазалағыштар, май және су құбырлардың біріктірме түтікшелері – бөлшектеу, тазалау, құрастыру және орнату;

25) Түтін қораптың қалқаншалары, жетекті сығым май сауыттар, су сорғылары, паровоздың көмір датчиктерінің бу машиналары – шешу, орнату.

828. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді жөндеу және жасау. Отырғызудың түрлі үлгілерімен негізгі тораптарды бөлшектеу және құрастыру. Бөлшектердің сапасын және оларға қажетті жөндеуді айқындау. Бөлшектерді ысқылау. Шиеленіс және тығызды қоспағанда түрлі отырғызу жағдайларында тораптар мен топтарды біріктіру. Жиналған тораптарды реттеу және сынау. Ақаулық ведомостілер құрастыру.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандарының негізгі бөлшектерінің атауы, конструкциясы, өзара іс-қимылы мен бөлшектеу және құрастыру процесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы, жылжымалы құрам тораптары мен агрегаттарын құрастырудың, сынау және реттеудің техникалық шарттары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Амортизаторлар, желдеткіштер мен калориферлер - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

2) Фрикционды автоілініс аппараттары - шешу және орнату;

3) Дөңгелек-мотор блоктар – бөлшектеу;

4) Призонды болттар – бұрғылап шығару, саңылауларды бөлу;

5) Тарту мойынтіректердің букстар – байқау, мойынтірек жағдайын тексеру;

6) Параллельдер бойынша сырғыма жапсырмалары, мысқал сырғымалардың жапсырмалары, буксты сыналар мен жақтаушалар, поршенді және мысқал оқтаулар сыналары мен паровоздардың поршенді және ортаңғы оталғыштардың артқы қақпақтары – қиыстыру;

7) Цилиндрлік және реттығынды паровоздардың төлкелері – сығымдау;

8) Дизель генераторлық орнату – шешу;

9) Тежегіш дискілер – дөңгелекті жұптардың осьтеріне құрастыру және отырғызу;

10) Жылжымалы құрам есіктерінің құлыптары - шешу, жөндеу және орнату;

11) Поршенді тығыздағыш сақиналар – шешу, орнату;

12) Жартылай вагондардың люк қақпақтары мен көлік вагондарының жылыту жүйесінің кеңейткіштері – жинақтау, бөлшектерді қиыстырып құрастыру;

13) Бу-ауа сорғыларының қақпақтары – орны бойынша ысқылау;

14) Цилиндр қақпақтары, су сорғылары, құбырлары, тепловоздың цилиндрлік төлкелері – гидравликалық сынау;

15) Су, май, жылу сорғылары, турбокомпрессорлар, ауа қысып толтырғыштар, ауа үрлегіш, форсункалар, дизель цилиндрлерінің қақпақтары – шешу, орнату;

16) Жылу торабына су жіберетін сорғылар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

17) Бу-ауа сорғылары, компрессорлары – шешу, орнату;

18) Рычагты тежегіш жібергіштер – жөндеу, құрастыру;

19) Аспалы және рессорлық арбалар – жөндеу, құрастыру;

20) Оталғыш мойынтіркетері мен паровоз сырғымалары – қиыстыру;

21) Поршендер, реттығындар, паровоздардың көмір датчигі бу машинасының редукторлары, оталғыштар мен олардың мойынтіркетері – орнату;

22) Жолаушы вагондарының буферлік аспаптары – жөндеу;

23) Тежегіш және пневматикалық жабдықтардың аспаптары мен ауа өткізгіштері – құраманың тығыздығын сынау және ауаның шығуын жою;

24) Жетекті электр қозғалтқыштардың кардан жетектері – орнату;

25) Тарату біліктеріне жетектер, май сүзгілер, тоңазытқыш секциялары, май салқындатқыштар, жылу араластырғыштар, қыздыру қазандықтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

26) Құятын, жіберетін аспаптар және вагон цистерналарының қорғау клапандары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

27) Реттегіштер, жұпты бөлшектеу колонкалары, цилиндрлерді сығымдағышта сынап және реттейтін қорғау клапандары, қазандықтардың бумен реттелетін қорғау клапандары, оттық білікшелері мен төлкелері, көмір датчиктерінің бу тарататын қорап вентильдері, бу қыздырғыш коллоекторлары, паровоз инжекторларының конустары –шешу, орнату;

28) Жетекті дизельдің иінді білігінің айналу жиілігін реттегіштер – шешу және орнату;

29) Жылдамдық өлшегіштердің редукторлары мен жетектері, желдеткіш жалюздері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

30) Күл үрлегіштер, вентильдер, бу, су ағынды тендерлік бактың клапандары, паровоз қазандықтарының түсіретін крандары – жөндеу;

31) Паровоз арбалары – құрастыру;

32) Болат құятын арбалар – ағымдағы жөндеу;

33) Тепловоз, электровоз, мотор-вагондық жылжымалы құрамның арбалары – шығару, бөлшектеу, жылжыту;

34) Паровоздардың мұнай форсункалары – құрастыру, реттеу, орнату;

35) Жылу форсункалары – сығымдау;

36) Тежегіш цилиндрлер – ревизия;

37) Су және жылу сорғылары жетектерінің тісті дөңгелектері – қиыстыру;

38) Тежегіш цилиндрлердің штоктары - шығуын реттеу;

39) Паровоздың бумен қыздыру элементтері – шешу, жөндеу, орнату, коллектордағы және элементтегі орнын тексере отырып сығымдау.

829. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шиеленісте және тығыз отырғызу жағдайында жабдық тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Тораптарды құрастырудың дұрыстығын тексеру. Үлкен қиыстыру алаңшаларымен бөлшектерді қырып тегістеу. Жиналған тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандары тораптарының конструкциялық ерекшеліктері, қызметі және өзара іс-әрекеті, жылжымалы құрамды жөндеудің техникалық шарттары, негізгі тораптарды құрастыру процесі, тораптарды құрастыру және реттеуді бақылау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Тепловоз дизельдерінің қосымша агрегаттары – ортасын дәлдеу;

2) Антивибраторлар – шешу, конустарын ысқылау, орнату;

3) Дизель блоктары мен картер – отырғызу бургтарын блокта тексеру, қырып тегістеу, ысқылау;

4) Доңғалақ моторлы блоктар – жөндеу, ауыстыру;

5) Роликті мойынтіркетерде букстар, жетекті редукторлар – толықтай ревизия;

6) Сырғыма мойынтіркетерді жылдамдық өлшегіштер, букстар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

7) Реверсивті жылдамдық өлшегіш құрылғысы бар жетекті біліктер – реттеу;

8) Электропневматикалық тежегіштердің вентильдері – жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу;

9) Тербеліс мойынтіркетерінің төлкелері – сығымдау;

10) Блоктардың цилиндрлік, қондыру сақиналарының төлкелері, шатун төлкелері, дизел және жылу сорғылары клапандары жетектерінің, тарату біліктерінің төлкелік мойынтіркетері – сығып шығару, сығымдау;

11) Гидравликалық толқу басқыш – стендіде бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу;

12) Гидрожіберу – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

13) Поршенді оқтаудың қалпақтары, кулисалардың жұмыс беттері, кулисалық тастар, кері клапандар мен сығымдағыш май сауыттардың плунжерлері, реттегіш клапандары, ағындар бойынша поршенді және мысқал сақиналар - қиыстыру, ысқылау;

14) Жетекті қозғалтқыштар – шассиге орнату және троллейбустар коникалық мойынтіркетерді реттеу;

15) Дизель – генераторлық орнату – қою;

16) Бу-ауа сорғылары қалпақтарының реттығындары, бу таратқыш поршендері – қырып тегістеу, ысқылау;

17) Дизель цилиндрлеріндегі қысымдау камералары - саңылауларды тексеру, реттеу;

18) Компрессорлар мен бу-ауа сорғыларының клапандары – ысқылау;

19) Қос доңғалақтар – бандаждарын қайта қысу, көлденең және қиялай ажыраған жерлерін жою;

20) Инжектор конустары - калибрлер бойынша тексеру, инжекторларды буда сынау кезінде реттеу;

21) Цилиндр, реттығындардың, құрғақ парниктердің, жанынан кіретін люктердің, паровоздардың қақпақтары – ысқылау;

22) Тоңазыту машиналары мен вагон жабдықтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

23) Қайырылатын баспалдақтардың және өзінен тығыздалатын есіктердің механизмдері – жөндеу, реттеу;

24) Табан тіректер, моторлық осьтік мойынтіркетер, тісті жіберулер – тозған жерлерін өлшей отырып ревизия жасау;

25) Рычагты жіберулер, тежегіш жабдықтар – сынау және реттеу;

26) Паровоздың буксты және оттық мойынтіркетері – ортасына дәлдеп тексеру;

27) Рефрижераторлы пойыздардың шатунды мойынтіркетері, вагон салқындату жүйесінің механизмдері – ысқылау, реттеу;

28) Паровоздардың буксты мойынтіркетері – қиыстыру, сығымдау;

29) Цилиндрлі төлкелердің, блоктардың белдеушелері, біліктің мойындары бойынша түбірлі және шатунды мойынтіркетердің жапсырмалары, поршень саусақтары бойынша шатун мойынтіркетерінің төлкелері, май сорғыларының қақпақтары мен мойынтіркетері, тепловоз турбокомпрессорлары мен ауа үрлегіш біліктері мен роторларының мойынтіркетері – қиыстыру, қырып тегістеу;

30) Пневматикалық жабдықтардың және вагондағы рычаг берілістердің аспаптары мен арматуралы – жөндеу;

31) Тежегіш аспаптары, ауа магистралі – ревизия;

32) Жетекті электр қозғалтқыштың кардан жетектері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

33) Автоіліністердің табандары мен розеткалары – ауыстыру;

34) Дөңгелек мотор блокты арбалардың рамалары – құрастыру;

35) Арбалар, инжекторлар, оттықтар мен олардың мойынтіркетері, бумен қыздырғыш коллекторлары, бір дөңгелекті поршенді, паровоздың шойын тығыздағыш сақиналы сальниктер – жөндеу;

36) Гидравликалық амортизаторлы жолаушы вагондарының арбалары – жөндеу;

37) Болат құятын арбалар – күрделі жөндеу;

38) Тепловоз, электровоз, жылжымалы құрам моторвагонның арбалары, арбаларды бөлу – жөндеу, құрастыру;

39) Жылу алмастыратын аппараттар және ресивер – жөндеу, сынау;

40) Рефрижераторлы пойыздардың (секцияларының) дизель генератор және орталықтандырылған электр жарақтандырумен құрылғылар – шешу, бөлшектеу, жөндеу және орнату.

830. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру, сынау және тапсыру. Жылжымалы құрамның негізгі құрамалы топтарының және метро вагондарының ақауларын анықтау және алдын алу.

Білуге тиіс: тораптарды белгілеу және орнату тәсілдері, жөнделетін нысанның тораптар кешенін және жинақтау топтарының құрамының дұрыстығын тексеру тәсілдері, жылжымалы құрамның жөнделген жабдықтарының дәлдігін тексеру әдістері, бөлшектердің ақауларын айқындау тәсілдері мен оларды қалпына келтіру әдістері.

Жұмыс үлгілері

1) Жылжымалы құрамның автоілініс құрылғысы – жөндеу;

2) Дөңгелек мотор блоктар, тербету мойынтіркетері – іліністі қиыстырып құрастыру, тісті жіберуді сынау және реттеу, мойынтіркетерді толықтай ревизиялау және жөндеу;

3) Тежегіш және пневматикалық жабдықтардың магистральді поршен төлкелері – сығымдап шығару, сығымдау;

4) Дизель және қосалқы жабдықтар, отын аппаратурасы жетекті жылжымалы құрамның, вагондардың механикалық және тежегіштік жабдықтары - тексеру, жөндеу;

5) Тежегіш жабдық айналары – мысқалдарды тексеру және ысқылау;

6) Компрессорлар - шатунды-поршенді топты және газ таратуды тексеру;

7) Тоңазытқыш агрегаттарының компрессорлары – жөндеу;

8) Жолаушылар вагондарының тоңазытқышты жабдықтарының конденсаторлары мен ауа салқындатқыштары;

9) Магнитті-рельсті тежегіштер – ревизия;

10) Бу-ауа сорғыларының бу тарату механизмдері, сорғы барысын мен компрессорлар қысымын реттегіштер, машинист крандары, компрессорлар – стендіде сынау және реттеу;

11) Паровоздың параллельдері мен жіберетін реттығындары – цилиндрдің осі бойынша орнату және тексеру;

12) Паровоздардағы, қайта бөлгіш механизмдер, поршеньдер, реттығындар – тексеру және реттеу;

13) Тепловоздың тік жібергіштері – жөндеу, реттей отырып орнату;

14) Гидрожіберуді гидростатикалық реттегіш жетектері – жөндеу, құрастыру, тексеру, жылжыту;

15) Жетекті электр қозғалтқыштардың кардан мен бос білікті жетектері – баптау және реттеу;

16) Дизель иінді білігінің айналу жиілігін реттегіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

17) Арбаның рессорлық ілмесі - реттеу;

18) Турбокомпрессор роторлары – сынау;

19) Тепловоз тоңазытқыштарын басқару автоматикасы – тексеру, реттеу;

20) Жылдамдық өлшегіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

21) Паровоз турбогенераторлары, сығым май сауыттары – қозғалтқышты іске қосқанда сынау және сынамалау;

22) Тепловоздағы тораптар мен агрегаттар – дизельді іске қосқанда тексеру және сынамалау.

831. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрам тораптары, құрылғылары, жабдықтары стенділерін және бөлшектердің мөлшері бойынша ортасын дәлдеп, қиыстырып метро вагондарын, агрегаттарды жылжытып диагностикалау, алдын алу, жөндеу, реттеу. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін электронды жабдықты жөндеу және баптау. Турбокомпрессорлар роторын, электр машиналары зәкірлерін, қосалқы жабдық бөлшектері мен тораптарын теңгеру.

Білуге тиіс: барлық жөнделетін сериядағы локомотив және метро вагондарының, тораптарының, құрылғыларының, жабдықтарының конструкциялық ерекшеліктері мен жүйелері, стендіде, ортасын дәлдеу, жылжыту ережесі мен реттеу технологиясы, метро локомотивтері мен вагондарын диагностикалау және сынау әдістері, жабдықтың жұмыс істейтін бөлшектеріне, тораптары, механизмдеріне қойылатын жүктемелер және ақаулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар.

Жұмыс үлгілері

1) Дөңгелекті моторлық блоктар – бос біліктің ортасын дәлдеу, локомотивтің жұпты дөңгелегі осіндегі, мотор вагонды жылжымалы құрамның, метро вагонындағы электр қозғалтқыштың екпінін реттеу;

2) Иінді білік – түбірлі мойынтіркетерді жөндеу;

3) Тарату білігі – білік және төсемі бойынша мойынтіркетерді қиыстыру;

4) Гидрожүйе – стендіде сынау;

5) Шатунь поршеньді және дизельді газ тарату тобы – жөндеу және реттеу;

6) Дизель және қосалқы жабдықтар, отын аппаратурасы жетекті жылжымалы құрамның, вагондардың механикалық және тежегіштік жабдықтары - жұмысты тексеру және реттеу;

7) Дизелдердің иінді біліктері – саңылаулар мен жүруді реттеп қайта салу;

8) Компрессорлар мен турбокомпрессорлар – ортасын дәлдеу;

9) Үш цилиндрлі компрессор – локомотивтің ортасын дәлдеу;

10) Машинистің және қосалқы тежегіштің крандары – стендіде сынау және реттеу;

11) Жоғары қысымдағы жылу сорғылары - өнімділікті реттеу, стендіде сынау;

12) Локомотивтердің автоматты, тежегішті және пневматикалық жабдықтары – жөндеуден кейінгі локомотивте, моторвагонды жылжымалы құрамда және метро вагонында сынау және реттеу;

13) Хоппер типті (астық, минералдар, шекемтастар таситын вагондар, автомобиль тасымалдайтын вагондар) вагондардың жүк түсіру механизмдері мен жүктерді бекіту механизмдерінің пневматикалық және механикалық жүйесі – ревизия, жөндеу, сынау, реттеу;

14) Электронды қауіпсіздік аспаптары – жөндеу;

15) Жылжымалы құрам арбалары мен кузовтарының рамалары – тіреулер және шүберін тораптар бойынша күйін тексеру және реттеу;

16) Реостатты тежегішті автоматты басқару жүйесі – диагностикалау, реттеу;

17) Жылдамдық өлшегіштер – реттеу, метрологиялық сынау;

18) Электр пневматикалық тежегіштер – локомотивтерде, жылжымалы құрамның моторлы вагондарында және вагондарда қысым бойынша сынау;

19) Рефрижераторлы және жолаушылар вагондарының тоңазытқыш қондырғылары мен компрессорлары – сынау;

20) Электр пневматикалық жүйелердің авто режимде жұмыс істеуі - реттеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет