1. Жалпы ережелер



бет65/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71

Жұмыс үлгілері

1) Дизель қозғалтқыштар – отынның жұмсақ және қатты тазалау сүзгілерін ауыстыру;

2) Жиклерлер – бөлшектеу, шаю, үрлеу;

3) Карбюраторлар – қалтқыны, бекіткіш клапанды, ауа сүйеніші және дроссель торабын жөндеу;

4) Карбюраторлар, бактар, тұндырғыштар, форсункалар – ауыстыру;

5) Жылу жүйесінің түтіктері, форсункалардың сорғылары, сүзгілер, жылу сорғылары, шайқайтын сорғылар - ауыстыру.

855. Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі модельдегі карбюраторлар және жылу сорғыларын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу. Орташа күрделіктегі жылу аппаратурасын тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Жылу аппаратурасы жүйесіндегі ақаулықтарды айқындау және жою.

Білуге тиіс: жай және орташа күрделіктегі карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратурасының құрылысы, негізгі модельдегі карбюраторлар мен жылу сорғыларының тораптары мен бөлшектерінің конструкциясы мен қызметі, карбюратордың, жылу сорғысының және дизельдің жылу аппаратурасы тораптарын жөндеуде қолданылатын материалдар, қозғалтқыштың жылу аппаратурасының негізгі тораптарын жөндеу және реттеудің техникалық шарттары, сынау стендінің құрылысы және сынау технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1) Газ баллон аппаратурасы – бөлшектеу;

2) Шайқалатын сорғылар, форсункалар, қатты және жұмсақ тазалау сүзгілері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

3) Форсункалардың сорғылары – бөлшектерді ауыстыра отырып бөлшектеу және құрастыру; отынның тозаңдатылуын тексеру, герметикалығы мен өнімділігі;

4) Бұрамаларды реттегіштер – ауыстыру;

5) Форсункалар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

856. Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, стендіде сынау және реттеу. Жылу аппаратурасының күрделі ақауларын айқындау және жою.

Білуге тиіс: түрлі қызметтегі машиналардың бензин және дизель қозғалтқыштары жылу аппаратурасының тораптары мен бөлшектерінің құрылысы, қоректену тәсімі және жұмыс істеуін, жану процесінің негіздері, жиклерді орау технологиясы мен нақыштау тәсілдері, дизель карбюраторлар мен жылу аппаратурасын үнемді жұмысқа реттеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Дизель жылу аппаратурасының агрегаттары мен тораптары – жөндеу;

2) Газ баллон аппаратурасы – жөндеу және реттеу;

3) Дизель қозғалтқыштар – жылу жүйесінен ауаны шығару;

4) Карбюратор қозғалтқыштар – бөгде ауаны соруды болдырмау;

5) Жиклерлер – аспапта орау;

6) Карбюраторлар – стендіде сынау;

7) Жылу және шайқалатын сорғылар, форсункалар, айналым санын реттегіштер – сынау және реттеу.

857. Жылу аппаратурасы жөніндегі слесарь 5разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қызметтегі, үлгідегі және маркадағы карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, стендіде сынау және реттеу. Аппаратураны бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың конструкциясы мен жұмысы, карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының агрегаттары мен тораптары, карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының барлық агрегаттары мен тораптарын жөндеу, сынау және реттеудің технологиялық процесі, аппаратураны бақылау және реттеу үшін күрделі жабдықтарды, айлабұйымдарды, дәлме-дәл аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Жылу дизель аппаратурасының агрегаттары мен тораптары – герметикалығын сынау және реттеу, өнімділігін тексеру және отынды тозаңдату;

2) Жылу аппаратурасы – жұмыстағы ақауларды жою;

3) Жылуды автоматы реттегіштер – сынау және баптау.

Слесарь - жөндеуші
858. Слесарь - жөндеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Жоғарырақ білікті слесарьдың басшылығымен жай, сондай-ақ орташа күрделіктегі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Бөлшектерді шаю, тазалау, майлау және құйма ақауын алу. Пневматикалық, электр аспаптарды пайдалана отырып және бұрғылау станоктарында жұмыс орындау. Механизацияланған аспап арқылы бөлшектерді қырып тегістеу. Жөндеу және құрастыруға арналған жай айлабұйымдар жасау.

Білуге тиіс: жай тораптар мен механизмдерді, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмысты орындаудың негізгі жолдары, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, майларды, жуатын құрамының, металлдар мен майламалардың қызметі, таңбалануы және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Мартен пештердің арматурасы, дроссельдер, кесілген клапандар – шешу, жөндеу, орнату;

2) Болттар, гайкалар, шпилькалар – бұранданы кесу, қиыстыру, оларды ауыстыру және бекіту;

3) Ауа, май және суға арналған бекіткіш бұрамалар – орнына қиыстырып орнату;

4) Толтырма терезелер, қақпақ көтергіштердің канаттары мен асыратын құрылғылар – ауыстыру;

5) Құбыржолдарға арналған иіндер, үштіктер – гидравликалық сынау және құрастыру;

6) Лубрикаторлар, желілік қоректендіргіштер – жөндеу, реттеу;

7) Май салқындатқыштар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

8) Поршенді сорғылар – жөндеу, орнату;

9) Жабдықтар – қышқыл және сілті ортаны бейтараптандыру;

10) Қоршаулар – шешу және орнату;

11) Төсемдер – жасау;

12) Галтті барабандардың редукторлары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

13) Металл торлар – ауыстыру, жасау, жөндеу;

14) Зімпара қайрақтар мен олардың шаңсорғыштары – жөндеу, құрастыру, ауыстыру және абразивтік шеңберді түзету;

15) Шпонкалар – егеулеу;

16) Арқау машиналарының шпулярниктері – машинаны жөндеу және орнату.

859. Слесарь - жөндеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың орташа күрделіктегі тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Жоғарырақ білікті слесарьдың басшылығымен орташа күрделіктегі, сондай-ақ күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Футерленген жабдықтар мен қорғау материалдары мен ферросилициядан дайындалған жабдықтарды жөндеу. Фаолитті және керамикалық аппаратура мен коммуникацияларды бөлшектеу, құрастыру және тығыздау. Жөндеу және құрастыруға арналған орташа күрделіктегі айлабұйымдар жасау. Жерден басқарылатын жай жүк көтеретін құралдар мен механизмдер арқылы жүктерді жылжыту кезінде такелажды жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың құрылысы, негізгі тораптар мен механизмдердің қызметі және өзара іс-әрекеті, жабдықтардың, агрегаттар мен машиналарды бөлшектеудің, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі, тораптар мен механизмдерді сынау, реттеу және қабылдаудың техникалық шарттары, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, әмбебап айлабұйымдар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, жүкті ілмектеу, көтеру, жылжыту ережесі, жерден басқарылатын жүк көтеретін құралдар мен механизмдерді пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Орташа күрделіктегі құрылғыларда жоғары вакуумды вакуум агрегаттар – жөндеу;

2) Барлық диаметрдегі бұрамалар – клапандарды ысқылау;

3) Желдеткіштер – жөндеу және орнату;

4) Жапсырмалар – параллельдер бойынша қиыстыру және егеулеу;

5) Газ құбырлар – соратын жерлерін диабазды майлама және мұнай битуммен тығыздау;

6) Шойын құюға арналған науалар – ауыстыру;

7) Күрделі қаптар мен рамалар – жасау;

8) Металл конвейерлер – роликтерді ауыстыру;

9) Орташа күрделіктегі металл өңдеу станоктарындағы жылдамдық және жіберу қораптары – құрастыру және реттеу;

10) Қалақтар, билалар, біліктер, транспортер пластиналары, шнек орамдары – түзету;

11) Люнеттер – жөндеу;

12) Аспап дүкендері, аспапты автоматты ауыстыру құрылғылары – жөндеу, реттеу;

13) Орайтын (текстиль) машиналар – пластиналарды, көтергіш рычагтарды, прикландарды, ұршықтарды күрделі жөндеу;

14) Құятын машиналар – конвейер тізбегін жөндеу, металл қалыптарды ауыстыру;

15) Көмір тиейтін машиналар – рычагты тежегіш құрылғыны құрастыру және орнату;

16) Диірмендер, елегіштер, кептіру барабандары – ағымдағы жөндеу;

17) Орталықтан тебетін сорғылар – жөндеу, орнату;

18) Пісіру жартылай автоматтары, құрылғылар – орташа және ағымдағы жөндеу;

19) Газ электр кескіштер – электродты орталықтан тебетін ұштамаларын ауыстыру;

20) Елек және пышақ – шешу, орнату және реттеу;

21) Ағаш өңдейтін станоктар – ағымдағы жөндеу;

22) Тоқу станоктары – төменгі біліктер мен қысқыштарды ауыстыру;

23) Токарлық станоктар – ұзына бойы және көлденең салазкаларды, суппорттарды толық жөндеу;

24) Жылу ауыстырғыштар – жөндеу, құрастыру;

25) Құбыржолдар – бөлшектер;

26) Шпиндельді позициялау құрылымдары – реттеу;

27) Шлак шығарғыштар – байқау, майлау және жөндеу;

28) Электр пештер – бөлшектеу және жөндеу.

860. Слесарь - жөндеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан алу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді және тораптарды слесарлық өңдеу. Жөндеу және монтаждауға арналған күрделі айлабұйымдар жасау. Жөндеуге арналған ақаулық ведомостілер жасау. Көтергіш-көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып такелажды жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың құрылысы, машиналарды реттеу ережесі, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақаулықтарды жою тәсілдері, пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы, күрделі емес түрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсілдері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, қышқыл төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеті, жабдықтарды жоспарлы-ескертпелі жөндеуінің негізгі шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Колонналы үлгідегі аппараттар – жөндеу, құрастыру;

2) Электр балқыту пештерінің қышқыл және аргон аппаратурасы – жөндеу, қызмет көрсету;

3) Бекітпе арматура – ревизия, жөндеу, орнату;

4) Дірілмен елеуіштер – сигаларын ауыстыру;

5) Газоходтар – шиберлерін ауыстыру;

6) Скуббер гидроқақпақтар – реттеу;

7) Гидрокүйшейткіштер, гидромоторлар – жөндеу, құрастыру, сынау;

8) Көп позициялы автоматты қалпақтар – жөндеу, реттеу;

9) Грануляторлар – футерлеу және борттарды ауыстыру;

10) Уатқыштар – бұзылған бөлшектерді ауыстырып және қиыстырып жөндеу, уату ірілігін реттеу;

11) Үтіктеуге арналған әмбебап және ротациялық каландрлар, сығымдағыштар – жөндеу және баптау;

12) Қышқыл сығатын компрессорлар – ағымдағы және орташа жөндеу;

13) Шпиндель конустары – ысқылау әдісімен тексеру және қалпына келтіру;

14) Металл өңдеу станоктарының жылдамдығы мен жіберу қораптары – құрастыру және реттеу;

15) Бу және су жылытқыш қазандықтар – жөндеу;

16) бұрғылау машиналары – монтаждау және орнату;

17) Қысыммен құюға арналған машиналар – жөндеу;

18) Мартен пештерінің үйінділеу машиналары – тік осі және деңгейі бойынша колонналарды тексеру, тартатын механизмді және тұмсығының бұрылуын жөндеу;

19) Иіру машиналары – күрделі жөндеу және реттеу;

20) Тігу машиналары – ағымдағы және күрделі жөндеу;

21) Диірмендер, елегіштер, кептіру барабандары – орташа жөндеу;

22) Тереңдік және штангілі сорғылар – жөндеу және құрастыру;

23) Конверторлар мойындарын тозаңдатқыштар – монтаждан алу, монтажда;

24) Мазут жабдықтар – жөндеу;

25) Өсімдік майларын өндіруге арналған дайындау цех (учаскелер) жабдықтары мен май өңдеу өндірісінің аппараттары – құрастыру, реттеу және сынау;

26) Пневмосорғылар, түтін сорғылар, эксгаустерлер – жөндеу;

27) Жауапты мойынтіркетер – баббит құю және қырып тегістеу;

28) Айналып тұратын пештердің, бу диірмендерінің, конвейерлердің, пластиналық транспортерлердің, қоректендіргіштердің редукторлары – жөндеу;

29) Конвертерлер мен ватержакеттердің ауа жүйелері – реттеу, күрделі жөндеу;

30) Араластырғыштар мен сульфураторлар – біліктер мен муфтыларды ауыстыру;

31) Ағаш өңдейтін және металл кесетін станоктар – күрделі жөндеу, реттеу;

32) Тоқу станоктары – күрделі жөндеу және қайрайтын механизмдерді баптау;

33) Секциялық және шпиндельді құбыр бұрғылағыштар – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау;

34) Чушкоқалағыштар – бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу.

861. Слесарь - жөндеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан алу, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді және тораптарды слесарлық өңдеу. Кернеулі және тығыздағыш отырғызу жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструкциялық ерекшеліктері, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, құрастыру және сынау, реттеудің және жабдықтарды орнатудың дұрыстығының техникалық шарттары, жабдықтарды жөндеу, құрастыру және монтаждаудың технологиялық процесі, машиналардың жабдықтарын статикалық және динамикалық теңгерілуін сынау ережесі, күрделі белгілеу кезіндегі геометриялық құрылымдар, тозған бөлшектерді қалпына келтіру және төзімдету және қорғау қабатын жағу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Токарлық-револьверлі автоматтар, көп шпиндельді, көшірмелі, координатты-қайрайтын, тіс қырнайтын және білік токарлық станоктар – орташа жөндеу, монтаждау, реттеу, дәлдігін тексеру, іске қосу және пайдалануға тапсыру;

2) Жоғары қысымдағы агрегаттар (синтез бағаналары), сепараторлар, буландырғыштар, су конденсаторлары, тоңазытқыштар – ағымдағы және орташа жөндеу;

3) Оттекті мен мартен пештерінің аргонды аппаратурасы – жөндеу, қызмет көрсету;

4) Брагоайдаушы және брагоректификациялық аппараттар – күрделі жөндеу;

5) Жоғары қысымдағы аппараттар, газ құбырлар – ревизия, жөндеу және сынау;

6) Күрделі кинопроекциялық аппараттар мен шығаратын машиналар – орташа жөндеу;

7) Газ үрлегіштер – күрделі жөндеу және сынау;

8) Кептіретін-үтіктейтін вакуумды катоктар – жөндеу және баптау;

9) Оттекті – ағызатын компрессорлар – күрделі жөндеу;

10) Токарлық жартылай автоматтардың жылдамдық қораптары – шлицті біліктерді өзара қиыстырып құрастыру және қайта қосу;

11) Жүк көтергіш машиналар – кран асты жолдарды жөндеу, реттеу және нивелирлеу;

12) Хаттарды сұрыптауға арналған машиналар – жөндеу;

13) Мартен пештерінің үйінділеу машиналары – шахтаны ауыстыра отырып толықтай жөндеу, механизмдердің барлығын реттеу;

14) Тиейтін машиналар – жылжыту және бұру механизмін ревизиялау, бөлшектеу, құрастыру, тексеру және бөлшектерді ауыстыру;

15) Автоматтандырылған жуу машиналары – жөндеу және баптау;

16) Диірмендер, елегіштер, кептіру барабандар – күрделі жөндеу, сынау, реттеу және тапсыру;

17) Металл өңдейтін станоктардың гидравликалық жіберу механизмдері – жөндеу және реттеу;

18) Станоктардың гидроқұбырлардың механизмдері – жөндеу, құрастыру, реттеу;

19) Вакуумды және форвакуумды сорғылар – күрделі жөндеу;

20) Домна пештер – еңіс көпірді орнату;

21) Реакторлары – жөндеу;

22) Айналып тұратын пештердің кран редукторлары мен илемді стандардың дифференциалды редукторлар – ревизия, жөндеу;

23) 20 бірлікке дейінгі күрделі жөндеу санатындағы бағдарламалы басқару роботтары мен манипуляторлары – күрделі жөндеу, реттеу;

24) Терең бұрғылайтын бұрғылық станоктар – жөндеу;

25) Күрделі қиғаш сызықпен жіберетін тісімен тегістейтін, тісімен уататын, тісімен сүргілейтін станоктар – дәлдігін тексеру;

26) Бағдарламалық басқарылатын станоктар – қаттылығын тексеру;

27) Дәл құятын көлемді, редукторлы, реактивті-турбиналық, тез қататын құбыр бұрғылар – жөндеу, құрастыру, орнату, реттеу, сынау;

28) Вакуум – булайтын құрылғылар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;

29) Цилиндрлер, түбірлі және шатунды мойынтіркетер – дөңгелетіп тегістегеннен кейін тексеру және барлық бірікпелерді түпкілікті бекіту;

30) Экономайзерлер, бу қыздырғыштар, компрессорлық және ауа үрлегіш құрылғылар – күрделі жөндеу, сынаудан кейін тапсыру;

31) Электр және кен термиялық пештер – көтергіш бұрамалардың, конвейерлердің біліктестігін және пеш корпусының төрт бағанаға да отырғызылуын тексеру.

862. Слесарь - жөндеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ірі габаритті, бірегей, эксперименталды және тәжірибелік жабдықтарды, агрегаттарды және машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан шығару, сынау және реттеу. жабдықты пайдалану және жөндеу процесінде тексеру кезіндегі ақаулықтарды анықтау және жою. Жөнделген жабдықтардың жүктемесінің дәлдігін сынау және тексеру.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструкциялық ерекшеліктері, кинематикалық және гидравликалық тәсімдері, жөнделетін жабдықтардың дәлдігін жөндеу, құрастыру, монтаждау, тексеру және сынау әдістері, жұмыс істейтін бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің шекті жүктемелері мен сынықтарды, тоттану механизмдер мен апаттардың алдын алу шаралары.

Жұмыс үлгілері

1) Токарлық көп шпиндельді автоматтар, токарлық көп тісті тікелей жартылай автоматтар – күрделі жөндеу;

2) Гидравликалық аппаратура – жөндеу және баптау;

3) Кинопроекциялық күрделі аппараттар мен көрсететін машиналар – күрделі жөндеу;

4) Илемдеу стан көтермелері – жөндеуден кейін тексеру, реттеу, сынау және тапсыру;

5) Өңдеудің барлық кескініндегі күрделі агрегаттары бар автоматты желілер – күрделі және орташа жөндеу;

6) Қалыптаушы автоматты желілер – күрделі жөндеу, құрастыру, реттеу және тапсыру;

7) Ұн, кондитерлік, макарон және нан өнімдерінің кешенді механизацияланған және парфюмерлік-косметикалық өндірістегі автоматты желілері – жөндеу және баптау;

8) Агломерациялық машиналар – машина мен жылу саңылауының қозғалысын реттеу, басты радиустың осі бойынша жетекті тексеру;

9) Скипті және көтермелі шахталық көтерме машиналары – жөндеу, сынау, тапсыру;

10) Прецизионды жабдықтар – жөндеу, тапсыру;

11) Кен термиялық пештер – контактілі жүйені күрделі жөндеу және бұзылған бөлшектерді іріктеп шығару;

12) Пеш құбырлары – ирекшені сынау;

13) Гидравликалық сығымдар – күрделі және орташа жөндеу;

14) Бу гидравликалық сығымдар – күрделі жөндеу;

15) 20 бірліктен жоғары күрделі жөндеу санатындағы бағдарламалы басқару роботтары мен манипуляторлары – күрделі жөндеу, реттеу;

16) Жұдырықшалы және коникалық біліктерді үшкірлеуге және тегістеуге арналған арнайы тегістеу фрезерлік және арнайы, автоматтар мен жартылай автоматтар – жөндеу;

17) Координатты қайрайтын станоктар – координаттарын қалпына келтіру;

18) Бағдарламалық басқарылатын станоктар – дәлдігін тексеру, координаттарын қалпына келтіру, жөндеу, сынау;

19) Электр импульсті станоктар – жөндеу;

20) Суперцентрифугалар, сырды сүртетін импорт машиналар, планетарлық редукторлар, ротациялық вакуумды сорғылар – жөндеу;

21) Құбыр компрессорлар – күрделі жөндеу және тапсыру;

22) Ауа бөлетін құрылғылар – күрделі жөндеу;

23) Кеме түсіруге арналған түсіретін құрылғы – күрделі жөндеу, ортасын дәлдеу және реттеу;

24) Жоғары қысымды тоңазытқыштар, агрегаттар (синтез бағаналары), сепараторлар, буландырғыштар, су конденсаторлары – күрделі жөндеу;

25) Экстрактор, кіші сығым, (мөлшерлейтін, кесетін, орайтын және т.б.) автоматтар мен жартылай автоматтар, компрессорлар – құрастыру, баптау және реттеу;

26) Электр пештері, ватержакеттер, конвертерлер – гидроаппаратураны реттеу және жөндеудің толықтығын тексеру.

863. Слесарь - жөндеуші 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Икемді өндіріс жүйелеріндегі күрделі жабдықтарды диагностикалау, алдын алу және жөндеу. Механикалық, гидравликалық және пневматикалық жүйелерді жөндеу және баптау жөніндегі жұмыс кешенін орындаумен пайдалану кезінде жабдықтардың бұзылуын болдырмау.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, гидравликалық және кинематикалық тәсімдері, жөнделген жабдықтарды диагностикалау, жөндеу, құрастыру және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістері, жабдықтардың жұмыс істеп тұрған бөлшектеріне, тораптарына, механизмдеріне шекті жүктемелер, жабдық механизмдері мен ақаулықтардың алдын алу бойынша алдын алу шаралары, күрделі жабдықтарды жөндеу, сынаудың технологиялық процесстері және пайдалануға тапсыру.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

864. Слесарь - жөндеуші 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Икемді өндіріс жүйелеріндегі бірегей және эксперименталды жабдықтарды диагностикалау, алдын алу және жөндеу және оны жұмыстың берілген параметрлеріне шығаруды қамтамасыз ету жұмыстарында қатысу.

Білуге тиіс: жөнделетін эксперименталды және бірегей жабдықтардың конструкциясы, кинематикалық және гидравликалық тәсімдері, жабдықтарды диагностикалау, жөндеу және қызмет көрсетуге арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен стенділері, бірегей және эксперименталды жабдықтарды жөндеудің технологиялық процестері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Ескертпе. Аталған кәсіптің 7-8 разрядтары өндірісті дайындау жөніндегі цехтардағы жұмыс кезінде, эксперименталды және тәжірибелік цехтарда беріледі.

Слесарь – сантехник
865. Слесарь – сантехник 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сантехниктің басшылығымен орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағымдары санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Құбырларды, фитингілерді, үлгілік бөліктерді, арматура және бекіту құралдарын сұрыптау. Тұлымдарды, ерітінділерді және басқа да қосымша материалдарды дайындау. Құбыржолдардың, санитарлық-техникалық аспаптар мен басқа да жүктердің бөлшектерін тасымалдау. Жібермелерді муфтылар және контргайкалармен, гайка болттарымен құрастыру.

Білуге тиіс: санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен қызметі, құбырларды, фитингілер мен арматураның сұрыптамасы мен өлшеу тәсілдері, қол аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі.

866. Слесарь – сантехник 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Конструкцияларда саңылау бұрғылау немесе тесу. Құбырларда қолмен бұранда ою. Құбыржолдар мен аспаптарға бекітпелер орнату және бекіту. Тіке құбырлардың құбырлары мен үлгілік бөліктерін құрастыру.

Білуге тиіс: орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелерді пайдалану принципі, қызметі және жөндеудің ерекшелігі, санитарлық-техникалық жүйелердің, құбыр бірікпелері мен құбыржол бекітпелерінің негізгі бөлшектерінің түрлері, оттегі және ацетилен салынған баллондарды ұстау және тасымалдау ережесі, механизацияланған аспаптың қызметі мен пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Бітеуіштер мен қорғау тығындарын;

2) Төсемдерді;

3) Фланецті бірікпелерді;

4) Құбыржол келтеқұбырларын;

5) Унитаздарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру - манжеталарын ауыстыру.

867. Слесарь – сантехник 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағар санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Аспаптар мен бекітпелерді орнату орнын белгілеу. Жөндеу орнындағы шойын радиаторларды топтастыру және топтан шығару. Жылу панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналары мен блоктардың құбыржолдарын біріктіру. Поршеньді пистолеттердің көмегімен бөлшектер мен аспаптарды бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет