1. Жалпы ережелер



бет63/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
.

832. Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрамның күрделі тораптары, құрылғылары, жабдықтары, агрегаттарын және метро вагондарын реттеп, орнатып, тегістеп, теңгеріп, берілген жұмыс параметрлерінде сынай отырып диагностикалау, алдын алу, жөндеу. Электронды жабдық блоктарын теңшеу және сынау. Жөндеуден кейін жүктемемен және контактілі сым арқылы жетекті жылжымалы құрамды сынау. Жүк және жолаушы көліктерінің жетекті жылжымалы құрамын пайдалану кезінде ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: пайдаланылатын локомотивтер мен метро вагондарының барлық үлгілері мен серияларының құрылымы, жабдықтардың, жетекті жылжымалы құрамның, агрегаттар мен құрылғылардың тәсімдері мен өзара іс-қимыл жүйелері, диагностикалауға және жөндеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптары, стенділер, сынудың, тот басудың және апаттың алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары.

Жұмыс үлгілері

1) Жылу аппаратурасы – жұмыс істеп тұрған дизельде сынау және реттеу;

2) Тепловоз дизелінің блогы – технологиялық білік және қырып тегістеу бойынша қиыстырып түбірлі мойынтіркетердің төсемдерін түзулеу;

3) Дөңгелек моторлы блок – стендіде дөңгелетін тегістеу және реттеу;

4) Метро вагондар –жөндеуден кейін кернеумен сынау;

5) Пневматикалық және электр пневматикалық ауа таратқыштар – сынау, реттеу;

6) Электронды жабдық - блоктарды жөндегеннен кейін теңшеу және сынау;

7) Гидромеханикалық редуктор - ортасын дәлдеу;

8) Газ таратқыш жүйелер – сынау, реттеу;

9) Тепловоз – реостатты сынау;

10) Жетек генераторлар, дизель-генераторлы қондырғылар, стартер-генераторлар, гидроберілістер – ортасын дәлдеу;

11) Тепловоздардың, дизельді поездардың, рефрижераторлы вагондардың дизель-генераторлы қондырғылары - диагностикалау, сынау, дизельді генераторлардың автоматтық қорғанысын жөндеу және реттеу;

12) Электровоз - жөндеуден кейін контактілі сым арқылы сынау;

13) КПД бақылау деректерін жинау және тіркеу құралдары бойынша электрондық аспаптар – сынау, реттеу;

14) Жетекті қозғалтқыш зәкірі-теңгеру.

Жол машиналары мен механизмдерін жөндеу жөніндегі слесарь


833. Жол машиналары мен механизмдерін

жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жол машиналары мен механизмдерін жөндеу кезінде 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. Бұранда бұрау, станоктарда немесе пневмоэлектр машинкалармен бұрғылау. Жол машиналары мен механизмдерін бөлшектеуге қатысу және оларды жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: жол машиналары мен механизмдерінің құрылғысы жөніндегі жалпы мәліметтер, жөнделетін жол машиналары мен механизмдерінің жұмыс істеу принциптері, жай айлабұйымдардың, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, өңделетін материалдың таңбалануы және негізгі механикалық қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері және оларды сызбадағы және калибрдегі шартты белгілері.

Жұмыс үлгілері

1) Жол арбалары, роликтер, көлік құрылғылары, Галль тізбегі, тірек пластиналары, буксылау табандары, қар жиятын жартылай вагондардың жіберетін және ұстап тұратын роликтері, тізбектерге орнатылған қапшықтар – бөлшектеу, жинақтау және құрастыру;

2) Электр балластерлік рельсті машиналардың щеткалары, мөлшерлегіштер, электр балластерлері мен жол жонғыларының қанаттары мен байланысы, қар жинайтын машиналардың көлік құрылғылары, жол қалағыштардың алмалы жабдықтары – шешу, жинақтау және орнату.

834. Жол машиналары мен механизмдерін

жөндеу жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол машиналары мен механизмдерінің тораптары мен агрегаттарын жөндеу кезінде 11-12 квалитеттер бойынша әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып, слесарлық жұмыстарды орындау. Машиналардың жекелеген тораптарын реттеу және бұзылғандарын ауыстыру.

Білуге тиіс: жөнделетін жол машиналары мен механизмдерінің негізгі тораптарының құрылғысы, қызметі және өзара іс-әрекеті, 11-12 квалитеттер бойынша өңдеуді қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстың жолдары, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, машинаны майлауда пайдаланылатын майдың сұрыптары, металды термиялық өңдеу тәсілдері мен жолдары, машинаның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері, жоспарлы алдын алу жөндеудің ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Кюветті шығатын бөлшектердің қанаттары, параллелограмм тіректері, жол жоңғаларының шығырлары, электр балластерлердің фермер аралық шарнирлерінің көтергіш рамалары, көтергіш және басты шығырлар, бұру және ағын механизмдері, қар жинайтын машиналардың редукторлары – шешу, жинақтау, орнату;

2) Қар жинайтын жартылай вагон пневматикалық краптарының цилиндрлері, тас кесектерді тазалау машиналарының рамалары, каркас жақтаулары, рессорлық кронштейн тораптары, қар жинайтын жартылай вагондардың редукторлары – жинақтау және құрастыру.

835. Жол машиналары мен механизмдерін

жөндеу жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық монтаждау жұмыстарын орындау. Жол машиналары механизмдерін сынау және баптау. Орташа күрделіктегі жол машиналары мен механизмдерді жөндеу, құрастыру, стенділік сынау және жұмысын реттеу. әмбебап айлабұйымдарды және арнайы аспапты пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жол машиналары мен механизмдердің құрылымдық ерекшеліктері, орташа және күрделі жөндеу өндірісінің ережесі және техникалық шарттары, 7-10 квалитеттер бойынша өңдеуді қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстарды жолдары, жекелеген агрегаттар мен машина тораптарын реттеу әдістері, тораптар мен агрегаттарды құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою тәсілдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1) Электр балластерлік машиналардың көтергіш рама механизмдері – реттеу;

2) Кесек тас тазалау машиналарының редукторлары мен жетектері, жол қалайтын крандар мен рельс қалағыштар – жинақтау, құрастыру;

3) Газ тарау тораптары, механизмдері, шатунды поршенді топтар, іштен жанатын қозғалтқыш тораптары – ақауларын жоя отырып жөндеу, құрастыру, реттеу.

836. Жол машиналары мен механизмдерін

жөндеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жол машиналар мен механизмдерді жөндеу, реттеу және сынау. 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмысындағы ақаулықтарды естіп айқындау және оларды жою, сондай-ақ күрделі жол машиналары мен механизмдердегі ақауларды жою.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі күрделі жол машиналарының, механизмдер мен жылжымалы құрылғыларының конструкциясы және техникалық сипаттамалары, 6-7 квалитеттер бойынша өңдеудің тазалығын қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстарының жолдары, күрделі жол машиналары мен механизмдерін жөндеудің, құрастырудың, сынау мен реттеудің техникалық шарттары, жанамалы бөлшектердің тозу себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдері, сынау стенділердің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Электр балластерлік, кесек тас тазартатын, жоспарлы-тығыздағыш, сорғытатын, звено құрастырғыш, звено бөлшектегіш, тегістегіш, қар жинайтын машиналардың, жол қалағыш және рельсқалағыштардың тораптары мен механизмдері – жөндеу, сынау, реттеу.

837. Жол машиналары мен механизмдерін

жөндеу жөніндегі слесарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі: шпал қағатын, түзетіп қағатын жол машиналарын және ВПО-3000 машиналарын жөндеу, реттеу және сынау жөніндегі жұмыстарды орындау. Дизельдің жылу аппаратурасын жөндеу және реттеу. Машиналардың жұмыс тораптары мен механизмдерін жартылай автоматты басқаратын күрделі жол машиналарының ақауларын анықтау және жою, реттеу.

Білуге тиіс: ауыр үлгідегі күрделі жол машиналарының құрылғысы, жөндеу және реттеу ережесі, слесарлық жұмыстардың жолдары, орындалатын жұмыс шегінде қолданбалы механика, металл технологиясының негіздері, металлды өңдеу тәсілдері, жөнделген жол машиналары мен механизмдерінің дәлдігін тексеру әдістері, күрделі жол машиналары мен механизмдерін жөндеу, сынау және тапсырудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Іштен жанатын жылу қозғалтқыш аппаратурасы – жөндеу, реттеу;

2) Күрделі: шпал қағатын, түзетіп қағатын жол машиналары және ВПО-3000 машиналары - жөндеу, реттеу және сынау.

Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
838. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының жай тораптарын бөлшектеу. Бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерін егеулеу, бүршіктерін тазалау. Металды қолмен кесу. Шыбық, жаймадан жасалған дайындамаларды және құбырларды қайшыларымен, қол араларымен кесу. Дәнекерлеу бұйымдары мен тораптарын дайындау және дәнекерлегеннен кейін тазарту. Машина бөлшектерін шаю, тазарту және майлау. Машинаны жуу және майды төгу. Машиналар мен тракторларды кірден тазарту. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жай машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының жай тораптарын бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары, жай слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, бекіту бөлшектері, металдың, майлардың, жуатын құрамның, жылудың, майламалардың атаулары мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1) Дискілік аршығыштардың батареялары – бөлшектеу;

2) Болттар, гайкалар, шпилькалар – бүршіктерін егеулеу, дайындамаларды қол арамен кесу, кескішпен кесу, бұрандасын кіргізу;

3) Тісті және дискілі борондар – бөлшектеу;

4) Тірек дөңгелектер, соқалардың дискілі пышақтары – бөлшектеу;

5) Культиватор табандары – ауыстыру;

6) Тісті дөңгелектер, біліктер және басқа да бөлшектер – механикалық өңдегеннен кейін бүршіктерден тазарту;

7) Тұқым тукты сепкіштердің жәшіктері – бөлшектеу.

839. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторларды бөлшектеу, оларды жөндеуге дайындау. Жекелеген бөлшектерін және бөліктерін ауыстыра отырып ауыл шаруашылығы машиналарының, комбайндар мен тракторлардың жай құрамалары мен тораптарын жөндеу, құрастыру. Жарықтандыру арматурасын шешу және орнату. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Пневматикалық және электрлік аспаптарды пайдалана отырып және бұрғылау станоктарында жұмыс орындау. Қол белгілегіштері және плашкалармен бұранданы кесу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен орташа күрделіктегі машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың тораптарын қолдану принципі, кезегімен бөлшектеу ережесі, жөндеуге дайындау, кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, салқындататын және тежегіш сұйықтықтарының, майлардың, жылудың қызметі және пайдалану, өңделетін материалдардың механикалық қасиеті, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, орындалатын жұмыстың көлемінде электр техникасы және металл технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1) Бензобактар, аккумуляторлар, кабиналар, қапшықтары - шешу, машинаға орнату және бекіту;

2) Қозғалтқыштар, жіберу қораптары, артқы мостылар - шешу;

3) Дискілер, тежегіш таспалар мен фрикциялық жапсырмалар – зақым келген жерлерін жою және тойтару;

4) Кронштейндер, қапсырмалар, хомуттар – жасау;

5) Аршығыштар – жөндеу және құрастыру;

6) Артқы мостылар, борттық жіберулер, көтеру және аудару механизмдері, шығару рейкасы, теңгергіштер, тежегіштер – жөндеуге бөлшектеу және дайындау;

7) Фрикциялық муфтылар – бөлшектеу және құрастыру;

8) Плафондар, жарық фонарлары, балауыз шамдар, стартерлер - шешу және орнату;

9) Төсемдер – жасау;

10) Комбайндардың тарату редукторлары - шешу және орнату;

11) Шыбықты картоп жинайтын комбайндардың элеваторлары бөлшектеу;

12) Тұқым тукты сепкіштердің жәшіктері – бөлшектеу.

840. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторларды олардың жекелеген бөліктері мен бөлшектерін ауыстыра отырып, жөндеу, құрастыру және реттеу. Жай және орташа күрделіктегі ауыл шаруашылығы машиналарының, комбайндар мен тракторлардың дөңгелекте тұрғанында құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің жай машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Электр жабдықтары мен аспаптары агрегаттарын бөлшектеу. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Сымдарды біріктіру және дәнекерлеу, оларды жасау және зиян келген учаскелерін ауыстыру. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылысы,олардың негізгі тораптары мен бөлшектерінің қызметі және өзара іс-әрекеті, машиналар мен жабдықтарды бөлшектеудің, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі, машиналар мен жекелеген агрегаттардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері мен тәсілдері, тораптар мен механизмдерді жөндеуден кейін сынаудың, реттеу және қабылдаудың техникалық шарттары, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері,әмбебап, күрделі айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, электр техникалық материалдар мен сымдарды ұзарту, дәнекерлеу және оқшаулау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Сепкіштердің себу аппараттары – орнату және реттеу;

2) Сауатын аппараттар – жөндеу және реттеу;

3) Комбайндардың тоқпақтағыш және кесу барабандары – жөндеу және орнату;

4) Қабылдау және шой битерлер, астық жинайтын комбайндардың желдеткіштер – шешу, жөндеу және орнату;

5) Картоп жинайтын комбайндардың жапырақ тазартқыштары – жөндеу және орнату;

6) Шнекті сақтау бункерлері – горн деңгейінде датчиктің жұмысын реттеу;

7) Иінді біліктер, вариаторлар, муфталар – жөндеу, орнату және реттеу;

8) Желдеткіштер, су және май сорғылар, қозғалтқыш сүзгілері – жөндеу және құрастыру;

9) Қозғалтқыштар, жіберу қораптары, артқы мостылар – бөлшектеу;

10) Жандыру құлыптары – жөндеу, құрастыру, реттеу;

11) Астық жинайтын комбайндардың камералары – жөндеу және орнату;

12) Клапандар – ысқылау;

13) Жетекші және алдыңғы дөңгелектер, шынжыр табандар мен тізбектер, ұстап тұратын және тірек роликтер, руль жетектері, тежегіш колодкалары мен таспалары – жөндеу және құрастыру;

14) Алдыңғы мостылар, бортты жіберулер, көтеру және құлату механизмдері, үйіндіні шығару рейкалары, теңгергіштер, тежегіштер – жөндеу, құрастыру және орнату;

15) Картоп жинайтын комбайндардың редукторлары – жөндеу және орнату;

16) Сүт сеператорлары – жөндеу және реттеу;

17) Дискілі сепкіштердің сошниктері – жөндеу және орнату;

18) Комбайн транспортерлері мен елегіштері – жөндеу және орнату;

19) Құбыржолдар – ақауларды жөндеу және жою;

20) Рульмен басқару – ауыстыру, орнату.

841. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің орташа күрделіктегі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Агрегаттар мен тораптарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды анықтау және жою. Шынжыр табанды тракторларды, күрделі ауыл шаруашылығы машиналары мен комбайндарын, сондай-ақ электр жабдықтары агрегаттарын, аспаптарын құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Жай және орташа күрделіктегі конфигурациялы бөлшектерді теңгеру станоктарында статикалық және динамикалық теңгеру. Жөндеуге ақаулық ведомостілерді ресімдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылысы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын реттеу ережесі, тораптар мен механизмдерді жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдері, ауыл шаруашылығы машиналарының электр жабдықтары мен электр аспаптарының, жабдықтардың, комбайндар мен тракторлардың құрылымы, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, шектеулер мен отырғызу жүйесі, теңгеру станоктарын баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, әмбебап және стационарлық айлабұйымдардың конструкциясы.

Жұмыс үлгілері

1) Комбайнның астық жинау аппараттары – құрастыру сапасын тексеру және реттеу;

2) Бау байлайтын зығыр жинайтын комбайндардың аппараттары – жөндеу, орнату және реттеу;

3) Топан толтырғыштар, сабан толтырғыштардың, сабан сілкігіштердің иінді біліктері, эксцентрикті біліктер, ілініс дискілері – теңгеру;

4) Шатунды төлкелер – поршеньді саусақтар бойынша қиыстыру;

5) Комбайндардың, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарының гидрожүйелері – жөндеу;

6) Қуаттылығы 73,6 кВт-қа дейінгі (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар - жөндеу, толықтай құрастыру, тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау, газ тарату, шатун поршенді топтағы және басқа да қозғалтқыш ақауларын жою;

7) Тамыр-түйнек жемістерді майдалағыштар – реттеу және жөндеу;

8) Клапандар – саңылауларды реттеу;

9) Поршеньді сақиналар – поршеньдерге қиыстыру;

10) Тракторлар мен астық жинайтын комбайндардың жіберу қораптары – жөндеу, реттеу, стендіде сынау;

11) Газ тарату механизмдері – құрастыру;

12) Тракторлардың планетарлық бұру механизмдері – құрастыру және реттеу;

13) Қоректендіргіштер – ротор, тығыздағыш және пышақ арасындағы саңылауларды реттеу;

14) Түбірлі және шатунды мойынтіректер – қырып тегістеу;

15) Жем таратқыштар – жөндеу, реттеу және баптау;

16) Тегістеу-тежегіш стенділер – жөндеу, құрастыру және реттеу;

17) Жонатын транспортерлер – жөндеу;

18) Рульдік басқару, редукторлар, артқы мосты, жіберу қорабы, фрикциондар – жөндеу, құрастыру және реттеу;

19) Астық комбайндарының шнектері мен элеваторлары – жөндеу және реттеу.

842. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Күрделі, эксперименталды және бірегей ауыл шаруашылығы машиналарын стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің күрделі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Күрделі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндары мен тракторларын, сондай-ақ электр жабдықтары агрегаттарын, аспаптарын құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Күрделі конфигурациялы бөлшектерді теңгеру станоктарында статикалық және динамикалық теңгеру. Дисбаланс көлемін айқындау жөніндегі есептерді орындау. Ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарын, комбайндар мен тракторлардың жай және орташа күрделіктегі механизмдері мен тораптарын стенділерде және жеке жылжымалы немесе алып жүруге болатын механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электр өлшегіш аспаптарды технологияға сәйкес диагностикалау және жөндеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылымдық ерекшеліктері, күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеудің, құрастырудың, сынау және реттеудің техникалық шарттары, сынау стенділерінің құрылысы, машиналар мен жабдықтарды орау және баптау әдістемесі, диагностикалық аспаптар мен жабдықтарды орау және баптау әдістемесі, жанамалы бөлшектердің тозу себептері, оларды анықтау және жою, мойынтіркетердегі теңгеру ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтарды, комбайндар мен тракторларды техникалық пайдалану және күту ережесі.

Жұмыс үлгілері

1) Шөптен жасалатын ұнды дайындауға арналған агрегаттар – жөндеу, реттеу, сынау;

2) Бау байлайтын зығыр жинайтын комбайндардың аппараттары – жөндеу, орнату және реттеу;

3) Зығыр жинайтын комбайндардың тарайтын барабандары – жөндеу, тегістеу және реттеу;

4) Сүрленген шөптерді жинайтын комбайндардың, кесетін, астық жинайтын комбайндардың уататын барабандары – теңгеру;

5) Маховикті иінді біліктер – теңгеру;

6) Қуаттылығы 73,6 кВт-тан асатын (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар - жөндеу, толықтай құрастыру, тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау, газ тарату, шатун поршенді топтағы және басқа да қозғалтқыш ақауларын жою;

7) Іске қосатын қозғалтқыштардың карбюраторлары, тракторлар мен комбайндардың гидравликалық жүйелері – реттеу;

8) Тракторлардың және астық жинайтын комбайндардың жіберу қораптары – жөндеу және реттеу;

9) Дән тазалайтын, кептірілген шөп жинайтын, тыңайтқыш беруге, пішен және сабан іріктеу және сығымдауға арналған машиналар – реттеу;

10) Зығыр жинайтын комбайн картерлерінің механизмдері – жөндеу, құрастыру және реттеу;

11) Картоп жинайтын комбайндардың негізгі элеваторларын мәжбүрлеп сілкілейтін механизмдер – жөндеу және реттеу;

12) Егін егетін комбайндардың кесетін механизмдері – жөндеу, орнату және реттеу;

13) Егін егетін мотоайырлар – баптау, реттеу;

14) Ілініс муфталары - реттеу;

15) Құс ұстайтын және жем сығымдайтын клеткалы батареялардың жабдықтары – жөндеу, реттеу және баптау;

16) Тежегіштер – реттеу;

17) Сауу құрылғылары – жөндеу, реттеу және баптау;

18) Тізбекті элеваторлар – жөндеу, орнату, реттеу.

843. Ауыл шаруашылығы машиналары мен

жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эксперименталды және бірегей тракторларды, энергоқаныққан, ауыл шаруашылығы комбайндарын қоса алғанда, техникалық шарттарға сәйкес жөндеу, құрастыру, қалпына келтіру, реттеу, кешенді сынау және тапсыру. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің күрделі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Ауыл шаруашылығы комбайндарын, машиналары және жабдықтарын стендіде, автоматтандырылған құрылғыларда, жеке электронды, механикалық, гидравликалық және басқа да аспаптар және жүйелермен технологияға сәйкес диагностикалау және жөндеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы жабдықтарының, комбайндар мен тракторлардың, технологиялық және диагностикалық жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік тәсімдері, жөндеу және құрастыру әдістері, жөндеуден кейін дәлдігін бақылау және сынау ережесі, жұмыс істеп тұрған бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге шектелген жүктемелер, ауыл шаруашылығы комбайндарын, тракторлары мен жабдықтарды диагностикалау әдістері мен жолдары, тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері, машиналардың механизмдері мен тораптарын жалпылама және элементті тексеру әдістемесі, стенділер мен аспаптардың ықтимал ақаулықтары, оларды табу және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Комбайн гидрожүйелерінің қорғау клапандары – реттеу;

2) Комбайндар – барабан және деко, саусақты механизмдердің және егін ору машинасы корпусының қаптамасының арасындағы саңылауларды тексеру және реттеу;

3) Тракторлардың автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу және сынау;

4) Комбайн шөмелерін түсіру механизмдері – жөндеу және реттеу;

5) Комбайн астығын тазалау механизмдері – жөндеу және реттеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет