3) Гайкалар, су өткізгіш крандар, термометрлердің құрсау жиектері, рупорлар, тегіс және спиральді серіппелер – екі аралық қабатымен никельдеу (күңгірт);
4) Күрделілігі орташа тұрмыстық электр жарықтандырғыш арматураның бөлшектері - декоративті гальваникалық қабат;
5) Қыш бөлшектер - гальваникалық қабат;
6) Ауаны салқындату, электр желдеткіш жүйесінің бұйымдарына арналған бекіткіш бөлшектер желдету – қорғаныш эматальдеу;
7) Кемелердің су бетіндегі траптарының, сүңгуір қайықтар траптарының бөлшектері, траптарға арналған қоршаулардың бөлшектері, қапсырмалар, коуштер, обушкалар, пассивтендірілген мырышталған таллерлер;
8) Аспаптардың бөлшектері - анодтау;
9) Электр және радиоаппаратура бөлшектері (экрандар, панельдер, қаңқалар, қаптамалар, фигуралы кронштейндер) - пассивтендіріп мырыштау;
13) Бетінің әр жерінен оқшауланған барлық мөлшерлі кронштейндер – анодтау, тотықтандыру;
14) Табақтар, үштіктер, фланецтер – химиялық тотықтандыру;
15) Ниппельдер, үштіктер, қалқандар - кадмийлеу;
16) Планкалар, жолақтар, қапсырмалар мен басқа қарапайым пішінді, шағын көлемді бөлшектер - қорғаныш эматальдеу;
17) Мыс металл құрылымды торлар - гальванопластикалық әдіспен жасау;
18) Барлық мөлшерді фланецтер, шайбалар мен тістегершіктер – екі қабаттап никельдеу, қапталмайтын жерлерді оқшаулай отырып мырыштау;
19) Әртүрлі қималы шынжырлар мен сым - гальваникалық қалайылау;
20) Әртүрлі өлшемді мойынтіректер мен сақиналар – никельдеу;
21) Ішкі арматураның барлық металл бөлшектерін бекітуге арналған шуруптар, рамалардың бұрандалары, терезеге және қорғаныш торларға арналған жолақтар, вагондардың жолақтары, тұтқалары мен тұтас металдан жасалған есіктердің личниктері - гальваникалық қаптау.
582. Гальваншы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді, қаптау үшін қолжетімділігі қиын жерлері бар бұйымдар мен бөлшектердің сыртқы және ішкі беттерін гальваникалық қаптау. Машина бөлшектерін, аспаптардың қозғалтқыштарды, электрорадиоаппаратуралар мен агрегаттарды мөлшерлі хромдау және 8 - 10 квалитеттер бойынша никельдеу. Күрделі емес қосымша анодтарды орнату. Электр вакуум аспаптары мен алмас құралдарға арналған күрделі бөлшектерді гальваникалық жасау. Белгілі бір қалыңдықты мыс және никель қабатты өсіру. Күкірт қышқылды және хром қышқылды тотықтандыру. Электролиттер мен ерітіндіні өз бетінше дайындау. Іріктелген электролиттер мен ерітіндіні бейтараптандыру және қалпына келтіру. Астаудың сыйымдылығын тиімді пайдалану олардың белгіленген жұмыс режимін белгілеу және оны сақтау. Аралық операциялар кезінде бөлшектерді гальваникалық өңдеудің және дайын өнімнің сапасын сырттай тексеру арқылы, өлшеу және бақылау құралдарымен, механикалық және химиялық тәсілдермен айқындау. Астауларды баптау және реттеу. Қорғаныш эматалдеу және күрделілігі орташа бөлшектерді декоративтендіру.
Білуге тиіс: электролиз астауларының құрылысы, металл коррозиясының пайда болу себептері және олардың түрлері, одан сақтау тәсілдері, дайындау және өңдеу жұмыстарының ерекшеліктері және олардың қаптау алдындағы жүйелілігі, гальваностегия кезінде қолданылатын материалдар және олардың негізгі қасиеттері, электролиттегі зиянды қоспалар және олардың гальваникалық тұнбаларға тигізетін әсері, оларды жою тәсілдері, оқшаулау пасталарының рецептурасы, іріктелген электролиттер мен ерітінділерді бейтараптандыру және қалпына келтіру, әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы.
Жұмыс үлгілері
1) Әртүрлі бөшкелер мен цилиндрлер, ас пісіруге арналған қазандар, ет турағыштар, самаурындар, су қайнатқыштар және басқа да ыдыста - гальваникалық қалайылау, мырыштау, кадмийлеу, никельдеу;
2) Болат бөшкелер, қақпақтар мен осьтер – қосымша анодты қолдану арқылы жекелеген жерлерді оқшаулай отырып, үш қабаттап жағу;
3) Сатылы білікше, тығындар, тегершік, әртүрлі мөлшерлі штоктер – хромдау және никельдеу;
4) Біліктер – мысты отырғызылатын учаскелерде олардың мөлшерін қалпына келтіру үшін өсіру;
19) Корпустар, қаңқалар, қаңқалардың қаптамасы, ауаны салқындату жүйесінің бұйымдарына арналған жиынтық күйіндегі тамшы айырғыш (пісіру және бекіту) - қорғаныш эматальдеу;