1. жалпы мәліметтер оқытушы



бет1/11
Дата11.12.2022
өлшемі173,77 Kb.
#162344
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СиллабусҚозғал-ой-2курс ОӘ 2023






1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: Бекмаганбетов О.А.. магистр, оқытушысы, oktyabr0683@mail.ru,


Пәннің қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Пәнің мақсаты және міндеттері. Ойын – дене тәрбиесінің әдісі. Қозғалмалы ойындардың педагогикалық мінездемесі. Қозғалмалы ойындардың жіктелуі. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру түрлері. Қозғалмалы ойындардың сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу мағынасы. Қозғалмалы ойындарды оқыту әдістемесі және қолдануы. Әр түрлі сыныпта дене шынықтыру сабағында қозғалмалы ойындар. Ұлттық қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындардың жарысы. Көнілді сөре. Жазғы сауықтыру лагерінде қозғалмалы ойындар. Қозғалмалы ойындарды спорттық іріктеуде қолдану.


Оқыту мақсаты: Студенттерге оқу-жаттықтыру үрдісінде қозғалмалы ойындардың орны мен маңызы туралы қазіргі білім беру, қозғалмалы ойындарды жоспарлаудың, ұйымдастырудың және өткізудің кәсіби-педагогикалық дағды мен іскерлікті қалыптастыру.


Оқыту нәтижелері:
1) Әртүрлі мектеп жасындағы балалармен қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесі сабақтарын өткізу әдістемесін үйретіп, , арнайы терминдерді қолданады;
2) Балалар спорттық ұжымына басшылық ете білуі, қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесі сабақтарын кезеңге сәйкес ұйымдастырады, қозғалмалы ойындардың практикалық әдіс тәсілдерің қолданалады ;
3) Әртүрлі жастағы топтарда спорттық дайындықты басқару әдісі мен құралдарын меңгеріп, сабақ барысында берілген мәліметтерді интегралды түрде қолдана алады;
4) Педагогикалық шеберліктің негіздерін игеріп, сабақ барысында алынған білімдерің жинақтап баяндама, әссе, мақала жазу біледі;
5) Спортшыларды дайындау әдістемелеріне анализ жасай алады, оқушыларға басшылық ете алады. Әр бір сабақ бойынша маңыздылығын анықтап, қортынды жасай біледі.


Пререквизиттері: «Гимнастика оқыту әдістемесімен», «Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен», «Дене шынықтыру (спорт түрлері бойынша)»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет