1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны


Қазақ. Территор. Азамат соғысы 1918 - 1920ж. Әскери коммунизм



бет11/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)

Қазақ. Территор. Азамат соғысы 1918 - 1920ж. Әскери коммунизм. Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашыларымен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. 1918ж. мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Чехославак корпусы Солт. Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді. 1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді. 1918ж. аяғы мен 1919ж. басында Жангелдин мен Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын құрды. 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солт. Жетісу майданы жойылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920жж. Оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, кеңес өкіметіне қарсы да заңды болса керек». 1918-1919 жылдары елімізде ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.



53,Түркістан АКСР мен Қазақ АКСР-ң құрылуы.Қ/н мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу: Қазақ жерл. Қазақ Аксрнің құрамына бірігуі. 1920-24жж. 1918-1920 жылдары Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1919 жылғы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін « Сібір Ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды. Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше реет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. Орталық Атқару Комитеті төрағасы Мендешов және Халком Кеңесі төрағасы Радус-зенькович сайланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет