1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны


Алаш үш жүз партияларының құрылуы



бет9/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)
Гос.сұрақтары-2022(Соңғы вариант) (4), волейбол зарина русс
Алаш үш жүз партияларының құрылуы. 1917ж. 21-26 –шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров, Шоқай, Тынышбаев, Досмұхамедов, Ғаббасов т.б кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы – Алашорда Үкіметі – ұлт кеңесі өқрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2. қазақ ұлт автономиясын ұүру; 3. халықтар арасында тең құқықтар орнату; 4. дінді мемлекеттен ажырату; 5. елдегі билік және сот туралы; 6. әскер және халықтық милиция құру; 7. халықтың табысына қарай салық жасау; 8. жұмысшылар туралы; 9. ғылым және білім туралы; 10. жер мәселесі. Халық кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Большевиктер билікке келісімен-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Алаш партиясына пролетарлық төнкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады.

  • 49. 1917ж. қазан төңкерісі. Қаз.да Кеңес үкімет. Орнатуы. Қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүрсілкіндірді. Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт ұзамай-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрест те жүріп жаты. Соның нәтижесінде 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аударында Кеңес өкіметі орнады. Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аударында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет