1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны



бет12/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)

54. жана экономикалык саясат
1921ж наурыз –жаңа экономикалық саясатқа көшу тур.шешім қабылданды. ЖЭС-тің белгілері: азық-түлік салығы, сауда еркіндігі, жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру,. Ауыл шар. Және несие, тұтыну кооперациясын дамыту, кәсіпорындарды шар.есепке көшіру, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні-салғыртты салықпен ауыстыру. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. Елде қуаңшылық болып, малдың 80 пайызы қырылды. 1921-1922 ж аштықтың салдары:демографиялық жағдай ауырлады, Орынбор, Қостанай,Ақтөбе,Олар,Торғай губернияларында халық саны 1/3 дейін азайды. 700 мың адам респ-дан тыс жерлерге көшіп кетті. 1921 ж сәуірде патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару тур декрет шығарылды. 1921 ж Жетісуда Жер реформасы жүргізілді.Оның маңызы:еңбекшілерді соц.құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды. Отаршылдық-аграрлық сааясатқа соққы берді. Қазақ ауылындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. Ұлттық келісімнің орнауына жағдай жасады. ЖЭС-тің нәтижелері: күйзелген шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді, өнеркәсіп орнына келді, өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Бұл саясатты «Керемет, ғажайып саясат» дейді.



        1. Қазақ.ғы социалистік индустрияландыру, ерек. Нәтижесі. Индустрияландыру өндіріс құрал жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды. Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілікті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенің айту керек. Голощекин республикада индустриландыру идеясын қолдай отырып, ауыр өнеркәсіптің орнына, республиканы тек пайдалы қазбаларды өндіретін базаға айналдырғысы келді. Голощекиннің мұндай индустрияландырудың мәнін түсінген қазақтын алдынғы қатарлы зиялылары бұған қарсы шықты. Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өндеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Бірақ, Голощекин оларды ұлтшылдар деп айыптады. Қазақстан өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды. Алайда, индустрияландыру Қазақстанда Әміршіл-әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді. Оны жүргізу күштеу мен зорлық, әкімдік, асыра сілтеу әдістерінің белен алуы жағдайында іске асты.




      1. Қазақстандағы ауыл шаруаш. Ұжымдастыру қорыт. Зардаптары. 20-шы жылдардын басында қабылданған жаңа экономиялық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, жартылай феодалдардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырыды. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, олар да тәркіге алынды. Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардын күн көрісіне, көңіл-күйіне мейлінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдардан алынатын етпен жүннің саны белгіленген саннан асырып алуы бой көтерді. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шаруашылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларда жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптін, жайылымның жетпеуінен қырылды.



ХХғ. 20-30 жж. Қаз.ғы мәдени құрылыс. Сталиннің үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатынка сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер мәдениеті әлденеше реет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.



  1. ХХғ 20-30 жж. Қазақ.ғы қоғам. Саяси жағдай. Жаппай репрессия. 30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан еліміз де тыс қалған жоқ. Жергілікті партия комсомол, кеңес, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық ұйымдары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды кудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сол түста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып жатты. 20-шы жылдардын басында қабылданған жаңа экономиялық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, жартылай феодалдардың ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырыды. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, олар да тәркіге алынды




    1. 1941-45 жж. Қаз.ды Ұлы отан соғ. Қатысуы. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кеңес одақғы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға Еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командиры болып азамат соғысына қатысушы генерал Панфилов тағайындалды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8млн. қазақстандықтар қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.


    1. Қазақ. Майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жаңқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және Адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикадағы 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұғындары келді. Республиканың колхоз-совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап – ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.




  1. 1946-65 жж. Қазақ.ның Қоғ. Саяси және экон. Жағдай. 1946 ж. 24-шілде – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР халық шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заң қабылдауы. 1954 ж. 28-ақпан Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобының келуі. 1957 ж. 4-қазан – Байқоныр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық – саяси өмірде жұрттың ой пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунитік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сипатталады. Репрессия жалғасты. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оң. Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанда Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Сол-тегі 5 облыстан тың аймағын құрып Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түркменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 ж. қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды. 1956 ж. партияның ХХ – съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну» және оның зардаптарын жою туралы баяндама жасады. 1949 ж. 29-тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстінде 113 жарылыс жасалды. 1964-1989 жж. дейін жер астында 343 сынақ жасалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет