1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны


-1991 жж казакстаннын мадени омири



бет15/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)

1945-1991 жж казакстаннын мадени омири

Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысының аяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдың тамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.
Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.
Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Сырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.

Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін тарихи деректемелерді ғылыми мақсатта пайдалануда түбірлі өзгерістерге негіз салынды. Тарихшылар бұрын құпия болып келген құжаттарға қол жеткізді. Орталық пен жергілікті жерлердегі бұрынғы партиялық мұрағаттар жабылды. Олардың қорлары мемлекет меншігіне өтті. Бұрынғы жабық мұрағаттар мен олардың құпия сақталған құжаттарына жол ашуда халық депутаты, академик М.К. Қозыбаевтың басшылығымен 1931-1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру, аштық, жаппай саяси қуғын-сүргін жағдайларын зерттеу жөнінде 1991 жылдың 8 қарашасында құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Комиссиясы үлкен жұмыстар атқарды. КазОАК мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» (1928 жылдың 27 тамызынан), «Кәмпескелеуге және аса ірі байлар мен жартылай феодалдарды жер аударуға қарсы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы» (1928 жылдың 13 қыркүйегінен), «Ауыл шаруашылығын қайта құруды одан әрі жалғастыру және бай-құлақтармен, ірі байлармен күрес шаралары туралы» (1930 жылдың 19 ақпанынан) қаулыларын және басқа да нормативті құжаттарын, сондай-ақ басқарушы органдардың шешімдерінің жүзеге асырылу барысын және олардың салдарларын зерттей келе, Комиссия салихалы ғылыми баяндама және қорытынды дайындады. Ол 1992 жылы 21 және 22 желтоқсан күндері «Егемен Қазақстан» мен «Қазақстанская правда» газеттерінде жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет