1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны


,Қазақстан тер.ғы сақ тайпаларының одағы. Шаруаш, қоғ.құр. мәдениеті



бет2/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)

5,Қазақстан тер.ғы сақ тайпаларының одағы. Шаруаш, қоғ.құр. мәдениеті Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жерінде көшпелі тайпа. Олар барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа : оңтүстікте тиграхауда сақтары грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары, Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақ. Солт. Шығ.- aримаспы, Орта Қазақстан – исседондар, Батыс савроматтар. Сақтардың парсылармен соғысы, Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны. Сақтармен Ахеминидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з бұрынғы 519-518 жж. Сақтарға қарсы Дарий І жорық ашқан. Сақтар тарихының тағы А.Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты. М.шаруашығы: көшпелі, жартылай к., отырықшы. Малдың негізгі қой болды. Жылқи жиі болды. Жетісу жерінде Есік қорғаны табылған. Маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақтар көп қоңыстанған орталық Іле алқабы, Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба мазарлары.


6. Ғұн тайпалық одағы. Ұлы қоңыс аудару.
Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан, қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, ассимиляцияғв түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды. Енді Хунну емес Ғұн дейміз, олай батыс деректер де айтады. 55 жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екі елге бөлінеді. Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. ЧЖичжи төңірегінлегі көптеген ағайын туыстарымен, бала шаға, қатын қалашымен, текті бекзаттарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынып, өлтірілді. Ғұндардың қоңыс аударуының екінші толқыны б.з. 93 ж. басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғас. Олар Европадан бой көрсетеді. Ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы мәліметте. Елді шанью басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.
7. Үйсін және қаңлы тайпалық одақтары.
Үйсіндердің мемлекеттік құрылыс б.з.д. І мың. Аяғында Жетісу, Тянь Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде Үйсін елі аталды. Алғашында олар Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан моңғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында Күнбек титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мем. Құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемл. Айналды. Үйсін этнонимі бүгінгі күнге жетті, Қаз.дың Ұлы жүзінің бір руы аталады.Кангюй атауы, қытайша Канцзюй алғашқы рет деректерде б.з.д ІІ ғ. Кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді,ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемл. Сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Халқының этникалық сипаты әлі де күрделі сұрақ, қай тілде сөйлеген туралы жоқ мәлімет. Бернштамның пікірінше, олар түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з. І ғ. Ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпал. Келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен.
8. Түрік және Батыс түрік қағанаты.
Қаз. Жерінде YI ғасырда құдіретті держава билеушілері ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этнонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында. Қытайдың Вэй князьдігіне солт. Бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап, жайлы жазылған. 546ж. тирек тайпалары қазіргі Монголияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерде үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемл. Орнында олар Түрік мемл. Құрады. Бұл этникалық әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 ж. көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасайды, күйретеді. Анағұй өзін өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш құатын да, барлық иелектерін алады. 553 ж. Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара Еске отырады. Оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға тусуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы, Түрік қағ. Екі дербес қағанатқа Шығыс, Батыс бөлінуі 603 ж. аяқталады.
Батыс т. Қағ. Шығыс түрік қағанатының біршама саяси тәуелділікте болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған. Орталығы Суяб, террит. Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алған. Қатар Түрік қаған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар Ябғу, шад және елтебер қаған руының өкілдері тиеселі еді. Сот қызметтерін атқарған. Бектер тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті ақсүйектер сословиесінің басты тірегі.
9. Қазақстан тер.ғы алғашқы феодалдық мемлекеттер YIII-XОғыз мемл-ті. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғари(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.
Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ертіске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды.ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.
Қарлұқ мемлекеті.Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті.9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді.Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б


10. оңтүстік Қаз. Арабратдың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 ж. ҮІІІ ғ. Басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауереннахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түргеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испижджабқа (Сайрам) жоғарғы түргештердің Орта Азиядағы шекара маңына шоғырлануға бастау болды. Түргеніштердің қолдасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспенциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. Қарай түргеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түргеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады. /3/ Б. Ғафуров: „714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды” /4/,- деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлерде қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәртүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады.Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды./5/Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет - ғұрып заң нормалары қоғамның бірден - бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға - тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет – ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс - туыстарымен ру - ру болып көшіп - қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.Арабтар Мауараннаһрді Әбдімәлік ибн Маруан (685 - 705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде - ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.
11. YI-X ғғ. Қазақстанның мәдениеті.
Қаз. Ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір тіршілігі дамыған ірі тарихи мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңт. Қаз. Мен Жетісу болады. Оңт. Қаз. Сырдария алқабы айрықша орын алады. Ежелгі атын гректер Яксарт деп жазған, ол VII ғ. Дейін сақталады. Сосын Сойқан, Қанғар, Гүл Зариун аталады. Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдылардың отарлауы арқасында пайда болған дейді. Жетісу қала мәдениетінің шығуының бұған қарама қарсы, осы жердің өзінде пайда болды деген моделі бар. Соғдының мәдени кешені түсінігінен қаланың қолөнер мен сауда, ауылшаруашылық орталығы ретіндегі қызметі айқын көрінеді. Жетісудың оңт. Батысында археологиялық мәліметтерге қарағанда, 27 қалажұрты бар деп есептеледі, олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан, Атлах, Джамуқат, Мерке қалалары болар, дейді.Қалалардың қамалдарында билеушілердің сарайлары болған, ол сарайлар іші әшекей өрнектермен, оюлы ағаш, бедерлі қыш бетіндегі көркем суреттермен әсемделеді екен. Қалалар күллі қолөнер мен сауда саттықтың орталығы болып табылған.
12. Қарахан әулетінің мем: саяси тарихы, Шаруаш. Және қоғамдық құрылысы.
942-1210 жж. Атасы Сатуқ Бограхан. Қарахандар мем. Құрулуы мен оның ерте тарихында басты рөлді Қарлық конфедерациясының тайпалары атқарды, оған қоса шігіл мен ягма да кірген. Қарахан иелегі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мауараннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін кең көсіліп жатады. Шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Екі иелектен: Шығыс хандық. Оңт. Шығыс Қаз. Мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар. Батыс хандық орталығы Тараз, кейде Бұхар Самарқанды. Шығыс хандықтың қағаны ұлы деп саналған. Аса маңызды әлеуметтік саяси иститут әскери мұралық жүйе болған. Халқының ең басты тірлігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Түрік тайпаларының тұтас бір бөлігі егіншілікпен айналысады және қала мәдениетіне барып қосылады. Ежелгі түріктердің діни түсініктері орын алды. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең болған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет