40. 19 ғ, 60жж.Қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің жаулап алуының аяқталуы. 1859ж.Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып,Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.
Шу алқабынан поковник Циммерман тобы шабуылдап,1860жылы 26тамызда Тоқмақты ,4қыркүйекте Пішпекті (Қоқанның Жетісудағы тірегі)алды.Қоқан ханы Верный бекінісіне 22мыңдық әскер жіберді(орыстардан он есе көп).Қазақ феодалдары екіге бөлінді:Кенесарының баласы сұлтан Садық тобы Ресейге қарсы шықты;Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.
1860жылғы 19-21қазан-Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді.Ұзынағаш шайқасының маңызы:Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті.
Патша үкіметінің жеңістері:
1863жыл-Ресей құрамына 4мың шаңырақ Қоңырат,5мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.
1864жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын,Мерке,Әулиеата,Түркістан бекіністерін алды.
1865жылы шілдеде Ташкентті үш күндік шайқастан кейін алды.
1866жыл Бұқар хандығын орыс әскерлері жаулап,1867жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
1868жылғы қаңтар-Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп,Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылады.
1873жыл-Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі XVIIIғасырдың 30жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.
Бұл оқиғаның пргресті жағы:
-Шаруашылық,саяси,қоғамдық қатынаста феодалдық-патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.
-Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті. 41,19 гасырдагы 60-90 ж. Реформалар мен зардаптары.Жауабы: Ресей империясы қазақ жерінде 19 ғ 60-90 жылдары әкімшілік териториялық реформалар жүргізді . 1867 ж *Жетісу ж/е Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже* бекітілді, ал 1868 ж Орынбор ж/е Батысө Сібір генерал – губернаторлығын басқару туралы уақытша ереже бекітілді. Осы ережегесәйкес бүкіл Қазақстан териториясы Түркістан, Орынбор ж/е Батыс сібір генерал губернаторлығына бөлінді. 1867- 1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери сот комиссиясы мен уездік соттар құрылды. Сот мекемелері Ресейдің отаршылдық жүргізу құралы болды.
а)1867-1868жылдардағы реформалар:
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
ХІХғ.60жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды.Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:
1) Батыс облысы,орталығы-Торғай.
2) Шығыс облысы,орталығы-Сергиополь немесе Қарқаралы.
Бұл ұсыныс қабылданбады.
1865 жыл-Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865жылғы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерлерін зерттеу сұрақтары дайындалды:жерді иелену түрлері,сот ісі,ағарту ісі,салық,діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру;әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай,комиссия мүшелері феодалдармен ақылдасып,мәліметтерді солардан жинады.
1867жылғы 11 шілде-«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
1868жылғы 21 қазан-«Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже»бекітілді.
Генерал-губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.
Облыс басқарушысы-әскери-губернатор болды.Әскери-губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып,оны вице-губернаторлар қадағалады.Басқарма үш бөлімнен тұрды:шаруашылық,сот,жарлықты іске асыру.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уақытша енгізілгенмен,бұл «тәжірибе» 20жылға созылды.