1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру Орындаған: ЖМ13 Өртбаева Балжан Тексерген: Байгабылова Н.С.
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
| |
«КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
| - Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Баланы тамақтандыру режимі - 5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек. 5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру. 1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру. 5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек. 6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ – көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады. 6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ – ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі. 7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі. 9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады. 11-12 айында еттен котлета беру керек.
Тамақтандыру түрлері: - 1.Табиғи тамақтандыру 2. Жасанды тамақтандыру 3. Аралас тамақтандыру
- Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар: - Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы: a) Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер мен глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбе ірі болады. b) Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын. c) Қанттары - бета лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза – ішек таяқшасын өсіреді. d) Минералды тұздардың құрамы – оптимальды. e) Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдер бар. Сиыр сүтін қайнатканда олар бұзылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |