Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады. Қосымша тамақ беру шарттары: 1. жасы 5-6 айдан кем болмау керек. Қосымша тамақ балаға емізер алдында беріледі. 2. ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі. 3.ауызға түскен затты шайнауға бейімділігі. 4. тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы. 5. тойғандығын сезіну. 6. ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.
Қосымша тамақ тағайындағанда келесі принциптерді сақтау қажет:
Қосымша тамақ тағайындағанда келесі принциптерді сақтау қажет:
1. біртіндеп енгізу 2. қосымша тамақты сау балаға, ауырып тұрғаннан кейін 2-3 аптадан соң беру 3. қосымша тамақты енгізіп болғаннан кейін қасықпен беру 4. баланың жүйке-жүйесінің ерекшелігін ескеру 5. тағамдар механикалық қорғау, тамақ жұтуға оңай ұнтақталған, ұсақталған болуы керек
Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда көрсетілген белгілер болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емегнне кейін беру керек. 7 айлығында дәнді дақылдар қосымша тамаққа енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда. Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап , ет пюресі ретінде беріледі. Ана сүтінің тәуліктік көлемі 1 жасқа дейін 600 млден кем болмауы тиіс.
Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар: a) Анасы жағынан жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процестер, бүйрек ауруларының ауыр түрлері. b) ЖТБ жағынан асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру. Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.