1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру


Табиғи тамақтандырудың негізгі принциптері



бет2/3
Дата08.11.2022
өлшемі358,73 Kb.
#157174
1   2   3
Байланысты:
вскармливание

Табиғи тамақтандырудың негізгі принциптері:

  • 1. Пастеризацияланған донор сүтімен немесе банкадағы сүтпен тамақтандыру альтернативті жол болғанымен, ана сүтімен тамақтанғандай болмайды. 2. Галактоземияда, фенилкетонурияда, зәрден үйеңкі иісі шығатын ауруда емізуге болмайды деп есептелінеді. 3. Жаңа туылған нәрестенің дене салмағының қалыптасуының бәсеңдеуі жасанды сүт қоспалары сияқты үстеме тамақ берудің көрсеткіші бола алмайды. 4. Сүт безінің қабыну аурулары, хирургиялық ем жасау көрсеткіштері пайда болғанша, емізуді тоқтатуға немесе сүтті пастерилизациялауға негіз бола алмайды.
  • Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы. Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады. Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол кою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелерде көп. Уыздын құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.

ТИІМДІ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ 10 ПРИНЦИПІ (ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1998))

  • Жаңа туылған нәрестеге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен ауруханалар міндетті: 1. Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі түрде хабардар етіп отыру. 2. Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып үйрету. 3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету. 4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу.
  • 5. Аналарға, тіптен уақытша сәбилерінен бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны қалай сақтау керек екендігін көрсету. 6. Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ пен сусын бермеу. 7. Анамнез жаңа туған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету. 8. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау. 9. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәрі-дәрмек және емшекті имитациялайтын құралдар бермеу. 10. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет