3. Жасушаның құрылысы. Биологиялық мембрананың маңызы жасуша құрылысының негізі ретінде. Құрылысының басты қасиеті және функциясы.
Биологиялық мембраналар, цитоқаңқамен бірге тірі жасушаның құрылымын қалыптастырады. Жасушалық немесе цитоплазмалық мембрана әрбір жасушаны қоршап тұрады. Ядро екі мембранамен қоршалған: сыртқы және ішкі. Барлық жасашуішілік құрылымдар: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосомалар, пероксисомалар, фагосомалар және т.б. мембранамен шектелген визикулдар (көпіршіктер) болып табылады. Биологиялық мембраналар көлемі өте үлкен (мысалы, адам организмінде беткейлік мембраналардың өзі оншақты мың м2 тең) және заталмасу процестерінде әмбебап реттеушілік рөл атқарады. Сондықтан биологиялық мембраналардың құрылысы мен қызметін зерттеу — цитологияның басты мақсаттың бірі болып табылады.БИОЛОГИЛЫҚ МЕМБРАНАЛАР, жасушалар беткейінде және субжасушалық бөлшектер беткейінде орналасқан, және протоплазмада кездесетін өзекшелер мен көпіршіктерді құрайтын молеклалық өлшемді шекаралық құрылымдар болып табылады. Биологиялық мембрана қалыңдығы 6-10 нм құрайды. Биологиялық мембраналардың түрлері: • плазмолемма; • жасушаішілік; • базальді. Биологиялық мембраналар а) Тек жасуша ғана емес, сонымен қатар жасушаішілік көп құрылымдарда (ядро, митохондриялар, эндоплазмалық тор цистерналары, Гольджи кешені мембраналары және т.б.) мембраналармен қоршалған. б) Әрбір мембраналардың өзіндік ерекшеліктері болады, алайда олардың барлығына ортақ жалпы құрылыс принциптері бар. Жасушалық кез-келген мембрана табиғаты липопротеидті (яғни, липидтер мен ақуыздар жиынтығы) болып келген, жұқа (6—10 нм) пласт түрінде кездеседі. Негізгі химиялық құрамына: липидтер (~40%), ақуыздар (~60%) және көмірсулар (5—10%) кіреді. Мембраналардың компоненттері: •Липидті компонент •Ақуыздар •Көмірсулық компонентБиологиялық мембрана негізінде - амфифильді липидтердің қос қабаты жатыр. а) Бұндай липидтер молекуласынының 2 бөлімі болады: гидрофобты (май қыш-ң екі көмірсутекті «құйрықтары») және гидрофильді (көмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі). Липидті компонент б) Сулы ортада бұл молекулалар өздігінен қос қабатты құрайды, онда гидрофобты бөлімі бір-біріне, ал гидрофильді бөлігі – сулы ортаға бағытталған. Мембраналардың құрамында кездесетін липидтердің өкілдеріне: фосфолипидтер (глицерофосфатидтер), сфингомиелин және стероидты липидтер ішінде — холестерин жатады. Мембрана құрамына сонымен қатар ақуыздар да кіреді. Интегральді ақуыздар (3) мембрананың липидті қос қабатына толық терең еніп тұрады. Ал перифериялық ақуыздар (4) мембрана беткейінің бірімен байланысады. Мембранаға жартылай еніп тұратын ақуыздар – жартылай интегральді (5) деп аталады. Ақуыздар Қызметі бойынша түрлері: фермент-ақуыздар, тасмалдаушы ақуыздар, рецепторлық, құрылымдық ақуыздарКөмірсулар мембрана құрамыда бос күйінде емес, липид пен ақуыз молекуларымен байланыста болады (гликолипидтер және гликопротеиндер). б) Әдетте бұл компоненттер мембрананың сыртқы беткейінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |