1 Жазық иінтіректі механизмдердің құрылымдық талдауы Жұмыс мақсаты



бет11/84
Дата12.03.2018
өлшемі7,97 Mb.
#38618
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Жұмысты орындау тәртібі

1) Зертханалық жұмысты жүргізу үшін мұғаліммен алтыбуынды механизмнің үлгісін алу керек.

2) П.Л. Чебышев формуласымен (1) иінтіректі механизмнің қозғалу коэффициентін анықтайды.

3) Механизмді құрылымдық топтарға (Ассур топтары) бөледі және П.Л.Чебышев формуласымен талдау дұрыстығын тексереді.

4) А.П.Малышев формуласымен (2) артық қатынас санын анықтайды.

5) Механизмдегі артық қатынастырды алып тастау іске-асырылады.

6) А.П.Малышев формуласы (2) бойынша артық қатынастарды алып тастаудың дұрысьығы тексеріледі.
Баяндаманы құрау. Жұмыс бойынша баяндама мынадан тұрады:

1) Жұмыс мақсаты.

2) Теориялық жағдай.

3) Алты буынды иінтіректі механизмнің сұлбасы.

4) П.Л. Чебышев формуласы бойынша механизмнің қозғалыс дәрежесін анықтау.

5) Бірінші құрылымдық топтың сұлбасы.

6) П.Л.Чебышев формуласымен бірінші құрылымдық топтың қозғалыс дәрежесін анықтау.

7) Екінші құрылымдық топтың сұлбасы.

8) П.Л.Чебышев формуласымен екінші құрылымдық топтың қозғалыс дәрежесін анықтау.

9) Жетекші буынның (қос иіннің) сұлбасы.

10) П.Л. Чебышев формуласымен жетекші буынның қозғалыс дәрежесін анықтау.

11) П.Л. Чебышев формуласымен (2) механизмнің артық қатынастар санын анықтау.

12) Артық қатынассыз алты буынды иінтіректі механизмнің сұлбасы.

13) А.П.Малышев формуласымен механизмдегі артық қатынастарды алып тастаудың дұрыстығын тексеру.


Қауіпсіздік ережесі.

Осы зертханалық жұмысты орындау барысынды қауіпсіздік ережесінің ортақ талаптары сақталуы тиіс.


Бақылау сұрақтары.

1. Механизм деген не?

2. Кинематикалық тізбек деген не?

3. Кинематикалық жұп деген не?

4. Кинематикалық жұптың класы қалай анықталады?

5. Буын деген не?

6. Кинематикалық жұптың бостандық дәрежесі деген не?

7. Кинематикалық жұптың байланыс шарты деген не?

8. Механизмнің қозғалыс дәрежесі деген не?

9. Механизмнің қозғалыс дәрежесі қандай формуламен анықталады?

10. Құрылымдық топ (Ассур тобы) деген не?

11. Артық қатынас деген не?

12. Артық қатынастар деген не?

13. Механизмдердегі артық қатынастар саны қандай формуламен анықталады.




2 Белгілі орналасқан теңестірілмеген массамен айналып тұрған роторды теңестіру
Жұмыс мақсаты:

Айналмалы массаларды теңестіру әдістері мен және шарттарын зерттеу, статикалық және динамикалық теңестіру процестерімен танысу.



Теориядан қысқаша мәліметтер. Өлшемі мен бағыты ауыспалы жылдамдықты механизм буындарының қозғалуы кезінде инерция күштері пайда болады, олардың әсерінен кинематикалық жұптарда толықтырғыш динамикалық қысымдар пайда болады. Өлшемі мен бағыты ауыспалы бола отырып бұл қысымдар іргетасқа машина мен іргетасты, сонымен қоса айналасындағы машиналармен құрылыстарда тербелмелі қозғалысқа келтіретін периодтық күштер түрінде әсер етіп беріледі. Одан басқа, динамикалық жүктемелер кинематикалық жұптардағы үйкеліс күштерін үлкейтеді және машина буындарындағы толықтырғыш кернеулер тудырады. Инерция күштерінің жағымсыз әсерлерін жоғалту үшін машиналарды теңестіруге тура келеді.

Айналмалы буын массасын тарату, сол кезде инерция күшінен буынның тіреуішке қысымы толық немесе бөлшекті жойылуы кезіндегі айналмалы буын массасын тарату айналушы буынды теңестіру деп аталады.



Теңестіру есебі келесі талаптарды орындауға әкеледі:
(2.1)

(2.2)

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет