Қондырғының жұмыс істеу принципі және құрылысы. Берілген зертханалық жұмысты жүргізу үшін тісті дөңгелек, штангенциркуль мен тісөлшегіш қажет.
Тісөлшегіште номиусты 2 шкала бар (11.4 - сурет). шкала 1 қашықтығын құруға қажет, ал шкала 3 хорда бойынша тісқалыңдығын өлшеуге арналған.
1 шкала бойымен тілім 2 қозғалысы болады. Бұл тілімнің негізгі міндеті шкала 1 мен салыстырғандағы ара қашықтығын анықтау. Одан кейін тісөлшегішті тісті доңғалаққа бекіткенде тілім 2 тістің жоғарғы басына барып тірелуі керек. Келесі ретте тісөлшеуіш пен тістің екі қабырғасын қысып шкала 3 бойынша S тістің қалыңдығын анықтаймыз.
Қосалқы шеңбердегі тістің қалыңдығын хорда бойынша (11.8) формуласына салып есептеу. Сосын штангенциркульдың көмегімен da тістердің төбе шенберінің диаметрін (11.9) тісөлшегішпен – нақтылы өлшемін анықтау.