1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқытудағы құзыреттілік тәсілдерінің жеке тұлғаға бағытталуы туралы айтыңыз



бет11/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

10. Оқытудағы құзыреттілік тәсілдерінің жеке тұлғаға бағытталуы туралы айтыңыз

Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін - білім берудің нәтижесі. Құзыреттілік – бұл білім алушының алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. «Құзыреттілік» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында көрініс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзыреттілік, құзыретті деп түрліше қолданылып жүр. Құзіреттілік сөзі латын тілінен аударғанда «компетенция» (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) – белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері; біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттік шеңбері деген мағынаны білдіреді. Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.

Ұстаздың құзіреттілігі.Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру,баланың көзқарасын мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай,қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан – жақтыталдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының:«Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымынан «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу,проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасыныңқұрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде мұғалімнің төмендегідей құзыреттілігі бар:

Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті,ұжыммен, топпен қызмет ету, кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу.Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Пәндік құзіреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Ақпараттық құзіреттілік – ақпараттарды іздеп табумен , оларды сақтай білумен,таратумен ерекшелінеді. Оқыту процесі барысында оқушының пәндік, ақпараттық жәнет.б. құзыреттіліктері қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет