1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқу мақсаты таксономиясына түсінік беріңіз



бет19/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

18. Оқу мақсаты таксономиясына түсінік беріңіз

Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді

пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, өйткені олар критерийлерді түсінікті анық және жеңіл формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында негізгі бағыт болып табылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:

Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар

мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.

Түсіну – материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру,

материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.

Талдау – біртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру үшін ұсақ бөліктерге ажырату.

Жинақтау (синтез) – жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.

Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.

Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет