1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастырудың маңызын түсіндіріңіз



бет10/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

9. Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастырудың маңызын түсіндіріңіз.

Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігі Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007)үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияныұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалауүдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстардымұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруіолардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолданаалуына байланысты.

Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзінөзібағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзібағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өзбетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күштіжәне әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білімалушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективтіқарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінінанықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауытым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұлсабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді.Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмекбергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады.

Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы. Д.Уильям кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады. Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет