1.Жер кадастрын жүргізу тәртібі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйекте №958 « ҚР мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі » туралы қаулысында көрсетілген. Жер учаскесі жөніндегі мәліметтер жер кадастрлық карталарымен сәйкестендіріледі,онда « карта » жер учаскесі нөмері,орналасу мекен – жайы, шекаралар және мәтіндік сипаттамалар көрсетіледі.
Кадастр мазмұны :
- дайындық жұмыстар ;
- шығыс мәліметтерін жинақтау мен өңдеу ;
-ақпараттық жүйені құру мен жүргізу .
Кадастрдың картографиялық негiзi болып жер - кадастрлық карталар саналады , олар жер учаскелерiнiң сызыктық және аудандық сипаттамаларының өзгерісін енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Кадастрды автоматтық түрде жүргізу барысында картографиялық негіз электрондық карта түрінде қалыптасады ,ол геоақпараттық технологиялар мен қағаз түріндегі көшiрмелер шығаруды пайдаланылады . Егер жер учаскесiнiң белгiленген шекаралары және оған жер кадастырлық iсi жүргiзiлсе ол толық қалыптаскан болып саналады . Кадастр қағаз жүзінде және ақпараттарды жинақтау , өңдеу және сақтау электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Мамандандырылған программалык – техникалық кешендер базасына негізделіп ,қалыптасады. ҚР аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады . ҚР аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады . Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға , республикалық маңызы бар қалаларға , аудандарға және облыстық, аудандық маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесін ҚР әкіметі белгiлейдi . Жер - кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде : базалық , мезгіл - мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды .Базалық жер - кадастр құжаттамасына жер - кадастр істері , жер - кадастр кітабы , жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі , жер-кадастр карталары жатады .Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың , өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін . Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі ҚР заңдарында белгiленедi. Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жер кадастр карталары кадастрдың негізі болып табылады.