1. Жер кадастрын жүргізу тәртібі. Жер пайдаланушыларға берілетін ақпараттар



бет1/5
Дата15.03.2022
өлшемі18,33 Kb.
#135570
  1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕФЕРАТ МАКЕНОВ НУРБОЛ
1 тапсырма Жұлдыздар әлемi., Топырақ тығыздығы

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1. Жер кадастрын жүргізу тәртібі.
2. Жер пайдаланушыларға берілетін ақпараттар.
3. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны және тәртібі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Жер кадастры – мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кадастрды жүргізу тәртібі біріңғай жүйе бойынша жүргізіледі. Ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау,құжаттау,жинақтау,өңдеу,есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады.
Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жер-кадастр карталары кадастрдың картографиялық негізі болып табылады.
Жер-кадастр карталарының масштабы есепке алу бірлігінің мөлшеріне және кадастрды жүргізудің деңгейіне байланысты таңдалады. Жер телімдерінің орналасқан жері , нысаны , пайдаланылуы , ауданы мен шекарасы сапалық сипаттамасы , жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді . Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған , жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған , жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады . Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде , құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін . Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады . Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады . ол мудделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі . Мемлекеттік органдарга Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады . Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет