1. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы. Иммунопрофилактиканың құқықтық және этикалық негіздері


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және (немесе) паразиттік аурумен ауыратын науқас анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар



бет18/24
Дата08.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#157181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Эпидемиология №2рк
2 T, U 7, Презентация (3)

24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және (немесе) паразиттік аурумен ауыратын науқас анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар.


Жағдай ұшақта немесе аэропортта болган жағдайда
Ұшақ бортында науқас анықталған кезде оны жеке бөлікте немесе салонның артқы орындықтарында айналасындағы жолаушылардан оқшаулау шаралары қолданылады, қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Өкпе обасына, КВГЛ-ға күдік болған кезде, қандай да бір дәрежеде инфекцияның ауа-тамшы арқылы берілу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады (науқастың орындығын экранмен, пленкамен, материалмен қоршау). Анықталған науқас туралы ақпарат ұшақтың жүру жолы бойынша ең жақын әуежайға жіберіледі.
Тырысқаққа күдік туған кезде науқас оның бөліндісін жинау үшін қажетті крафтпакет санымен қамтамасыз етіледі. Экипаж мүшесі немесе науқасқа көмек көрсететін медицина қызметкері асқазан-ішек инфекцияларының жеке алдын алу шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Әуежайға келгеннен кейін ұшақ санитарлық алаңға шығарылады. Оны СКП дәрігері қарсы алады. Ұшақ бортында СКП дәрігері қорғаныс киімімен көтеріледі.
Науқас әуежай көлігімен немесе жедел медициналық жәрдем машинасымен изоляторға (әуежайдың медициналық пунктіне және т.б.) немесе бірден инфекциялық стационарға жеткізіледі.
Жолаушылар экипажбен бірге науқастың тұрған жерінен қарама-қарсы шығу жолы арқылы эвакуацияланады. Ұшақтың басқышына дезрастворға малынған кілемше (жол) қойылады. Әуежай көлігімен ұшақта науқаспен бірге болған барлық адамдар әуежай үй-жайларының біріне жеткізіледі, онда оларға сұрау жүргізіледі, жақын арада жүру жолы, мекенжайы, орналасқан жері көрсетіле отырып, тізімдер жасалады (мерзім анықталған аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты). Ұшақ бортындағы барлық адамдарға науқаспен бірге тізімдер жасалады.
Науқаспен байланыста болған жолаушыларға, экипаж мүшелеріне қатысты шаралар туралы мәселені келген эпидемиолог нақты жағдайға сүйене отырып шешеді.
Науқасты (мәйітті), жолаушылар мен экипажды эвакуациялағаннан кейін салонда, ұшақ дәретханасында қорытынды дезинфекция жүргізіледі, трап, көлік те дезинфекциялауға жатады. Одан әрі іс - шаралар әуежайдың эпидемияға қарсы іс-шараларының жедел жоспарына сәйкес және Ресей Федерациясының аумағын санитарлық қорғау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген талаптарды ескере отырып, ал шетелдік азаматтарға қатысты-халықаралық санитарлық ережелердің талаптарын ескере отырып жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет