22.Жұқпалы аурумен ауыратындарды анықтау кезіндегі, үйде немесе мекемеде анықталған жағдайдағы негізгі іс-шаралар.(100% уник)
Үйде, мекемеде науқас анықталған кездегі іс-шаралар
Науқасты үйде (мекемеде) емхананың немесе жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігері анықтаған кезде дәрігер оны жеке бөлмеде уақытша оқшаулау үшін шаралар қабылдайды, науқасқа өзін жұқтырудан барынша қауіпсіздендіре отырып, медициналық көмек көрсетеді. Науқастың туыстарының, көршілерінің немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің көмегімен анықталғаны туралы емхананың немесе жедел медициналық көмектің бас дәрігеріне хабарлайды.
Науқасты анықтаған дәрігер эпиданамнезді жинауға, науқастануы басталғаннан бері науқаспен байланыста болуы мүмкін барлық адамдарды есепке алуға міндетті.
Науқасты эвакуациялағаннан және дезинфекторлар бригадасы келгеннен кейін дәрігер жұмыс киімін шешіп, оны дезинфекциялық ерітіндіге салады, аяқ киімді өңдейді, жеке шұғыл профилактика құралдарын (қоса) қабылдайды.
Безгекке күдікті науқас анықталған кезде сипатталған шаралар қажет емес. Науқас арнайы көлікпен емдеуге жатқызу үшін инфекциялық стационарға жіберіледі. Мүмкін болса, ол зерттеу үшін қан алады, дайын препараттар науқаспен бірге клиникалық зертханаға жіберіледі.
23. COVID-19 кезінде карантиндік стационарлардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар.
Жұқпалы және провизорлық стационарлар инфекциялық стационарлар оларды қатаң түрде «таза» және «лас» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.
«Таза» аймақтарға:
• медициналық қызметкерлердің кіруіне және сыртқы киім шешуге арналған орындар, кіру кезінде «лас» аймаққа дейінгі, шығу кезінде «лас» аймақтан кейінгі санитарлық бақылау пункті (СБП), аталған блоктардағы көмекші бөлмелер;
• дәрігерлер бөлмесі, мейіргерлер бөлмесі, бөлімше жетекшісінің бөлмесі, аға мейіргердің бөлмесі, шаруашылық мейіргердің бөлмесі және басқа да қызметкерлерге арналған бөлмелер, санитарлық бөлмелер мен шаруашылық орындар. Аталған орындарға кіру жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз бен жуынатын бөлме арқылы болуы тиіс;
• Әкімшілік кабинеттер мен басқа да әкімшілік бөлмелер;
• Сырттан кіруге арналған және «лас» аймақ іші арқылы шығу жолдары жоқ техникалық бөлмелер жатады. «Лас» аймақтарға стационардың жоғарыда аталған орындардан басқа барлық аймақтары жатады. Санитарлық бақылау пункттерін (СБП) екі ағынға арнап бөліп қамтамасыз ету қажет:
• жұмыс ауысымына кірерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа өту кезінде;
• жұмыс ауысымынан шығарда «лас» аймақтан «таза» аймаққа өту кезінде;
• бұл жағдайда ағындар түйіспеуі керек;
• «таза» аймақта киім шешетін орын, ЖҚҚ киетін және санитарлық бөлме болуы тиіс;
• «лас» аймақта – ЖҚҚ шешетін, ЖҚҚ жинайтын бөлмелер, жеткілікті көлемде душ кабиналары мен санитарлық бөлмелер болуы тиіс.
• Бөлімшенің «лас» аймағында қызметкерлердің демалуы мен жұмыс жасауына арналған (құжаттармен, компьютермен жұмыс) орындардың орналасуына жол бермеу қажет.
• Медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау, профессионалдық сұрақтарды талқылау, құжаттармен жұмыс, демалыс, тамақ пен сусындар қабылдау және т.с.с. тек қана «таза» аймақтарда ғана жүзеге асырыла алады. • Аталған «таза» орындар бөлімшенің ішінде немесе оған жақын жерде орналасып, жабдықталуы керек.
• «Таза» аймақтарға жататын орындарға науқастардың және өңделген ЖҚҚ киген қызметкерлердің кіріп тұруына қатаң тыйым салынады.
• Стационардың қызметкерлері «таза» аймақ пен «лас» аймақтың арасына өту жиілігін ескере отырып, жеткілікті көлемдегі ЖҚҚ мен залалсыздандырушы құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
• Жұмыс ауысымы кезінде қызметкерлер «лас» аймақта 3 сағатқа дейін ғана үздіксіз жұмыс жасауы тиіс. Одан кейін қызметкер «таза» аймаққа өтіп, қажет болғанда «лас» аймаққа қайта бара алады.
• Әкімшілік, техникалық немесе басқа да көмекші қызметкерлердің «лас» аймақта ЖҚҚ-сыз болуына жол берілмейді. Бір бөлімше жағдайында «таза» және «лас» аймақтар құру мүмкін болмаған жағдайда келесі нұсқа ұсынылады :
• жұқпалы аурулар стационарының бір бөлімшесін қызметкерлерге арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;
• «таза» аймаққа кірер тұста «таза» және «лас» ағынға бөлінген СБП ұйымдастырылады;
• әр түрлі бөлімдердің, оның ішінде қабылдау бөлімінің қызметкерлерінің бір-бірімен байналысуын мүмкіндігінше азайту мақсатында қызметкерлердің «таза» аймақта кестеге сәйкес болуы қамтамасыз етіледі; бұл ретте «таза» аймақтың бөлмелері әр бөлімшелерге бөлініп арнайы бекітіледі;
• «лас» аймақтың бөлімшелеріндегі қызметкерлерге арналған бөлмелер науқастарға арналған палатаға қайта бейінделеді.
• «Лас» аймақтар медициналық қызметкерлерді жұмыс ауысымдары кезінде ішкі байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс (рация, ішкі телефон).
• «Лас» аймақта мобильді телефонды, қол сағатын, әшекейлер мен т.б. жеке заттарды қолдануға жол берілмейді.
• Провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларын арнайы белгілер мен навигациялық көрсеткіштерді көрнекілеу жүйесімен қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте, «таза» және «лас» аймақтар анықтағыш белгілермен нақты белгіленіп отырады.
• Жұмыс ауысымы кезінде медициналық қызметкерлердің тек «таза» аймақта ғана тамақтануына жол беріледі.
• Госпиталды эпидемиолог маманы жұқпалы аурулар стационарында эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, қызметкерлерге инфекциялық қауіпсіздікті сақтау мен эпидемияға қарсы тәртіпке бағыну бойынша күн сайын нұсқаулық беріп, тәжірибелік сабақтар өткізіп отырады.