-Дұрыс мамандық таңдауда қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады. Осы жөнінде маңызды не айтар едіңіз? – Сіз жарты ғасырдан астам уақыт бойы бір шаңырақта қызмет істейсіз. Академиялық театрдағы ұстаздарыңыз, тұстастарыңыз туралы жақсы айтып жатырсыз. Ал өзіңізді осындай биікке жеткізген мамандығыңыздың қадір-қасиеті жайында не айтар едіңіз?
2-жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишіміз
Көрінген көштің басынан.
2-жүргізуші: Рамиса мен Нургүлдің орындауында қазақ биі 1-жүргізуші: Аружан тағы да әсем ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты. Олай болса әсем әнге кезек берсек
2-жүргізуші: Меруерттің орындауындағы ............. әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Сахнада Сәбит атамызға өзінің жыр шашуымен мектебіміздің айтыскер ақыны, көптеген қалалық, республикалық айтыстың жүлдегері Сатыпалды Әмір
2-жүргізуші: Әбунасыр әл-Фараби
«Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.
1-жүргізуші: Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін
Ақыл,сана білім мен-өнеріме сенемін.
Арым таза- ақ көңіл-адалдыққа сенемін,
Абыройлы ақ ниет- адамдыққа сенемін- дегендей қандай маман иесі болсақ та ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!
1-жүргізуші: Олай болса, осы ұстанымды, бүгінгі айтылған атамыздың кеңестерін есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген сеніммен кешімізді жабық деп жариялаймыз. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскеніңізге көптен-көп рахмет. Еңбегіңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Тақырыбы: Мың мамандық бәрі бар,таңдап талғап бірін ал.
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс таңдау
Мамандық таңдауда. Өзіңді- өзің танысаң істің басы. Біздің болашағымыз-біздің мамандағымыз.