2-жүргізуші:Аружан бүгінгі кешіміздің екі бөлімнен тұратынын және ол бөлімдердің барысы жайлы айтып өткеніміз жөн болар.
1-жүргізуші:-Ия. Дұрыс айтасың, кешіміздің бірінші бөлімі «Сұхбаттасу» деп аталады. Мұнда қонағымызға сұрақтар қойып ,жауаптар алып ой бөлісетін боламыз.
2-жүргізуші:Ал екінші бөлімде танымал тұлғаға оқушылар өздері дайындаған өнерлерін көрсетпек.
1-жүргізуші: Олай болса атамызға сұрақ қоюға асығып отырған көрерменді күттірмей бірінші кезеңді бастайық.
Сәбит Оразбаевпен сұхбат жүру кезеңі өткізіледі. Сұрақтар - Сәбит ата, адам өмірінде көп нәрсе балалық шақтан басталады. Сондықтан әңгіме өзегі мамандық таңдау тақырыбы болғандықтан өнерге қалай келгеніңіз жайлы бастасақ…
- С Оразбаев сөзі... — Сәбит ата, Сайрам жерінен арман қуып Алматыға барған бозбала шағыңызда малдәрігерлік институтына оқуға түсіп қойған жеріңізден консерваторияға қайта құжат тапсырып, өнер жолын таңдағаныңыздан хабардармыз. Бүгінде ел таныған қазақ өнерінің марқасқа тұлғасысыз. Өнер майданында жүріп, осы таңдауыңызға өкінген кездеріңіз болды ма?
-Сіздің актерлік, әншілік өнеріңізден өзге, жас кезіңізде киім тігіп, оператор жұмысын атқарғаныңызды баспасөз беттерінен оқығанбыз. Одан қалса, суретке түсіру қабілетіңіз тағы бар. М.Әуезов атындағы академиялық театрының мұражайындағы фотосуреттердің 70 пайызға жуығы сіздің қолыңыздан шыққан көрінеді. Нағыз қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіті болған екенсіз…осы жайында әңгімелеп берсеңіз? - Сәбит ата, әңгімемізді шәкірт тәрбиесі туралы ойларыңызбен өрбіткенді жөн көріп отырмын. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп Абай сөзімен айтсақ, сізді талай-талай шәкірт тәрбиелеген тәжірбиелі ұстаз ретінде де танитындар көп. Шәкірттеріңіз жайында не айтасыз? Бүгінгінің жас актері туралы қандай пікірдесіз?