1-жүргізуші: Армысыздар,жыр сүйер қауым 2-жүргізуші: «Ереуіл атқа ер салып,егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы»



бет2/7
Дата26.03.2023
өлшемі55,21 Kb.
#173056
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Жырдың алмас қылышы»атты әдеби кеш.

2-жүргізуші: Алдарыңызда 8 –ші класс оқушылары «Жұмыр қылыш» күйіне би билеу. https://yandex.kz/video/preview/9807383477134162195
1-жүргізуші: Махамбет ең алдымен халқын,Отанын сүйген патриот ақын.Қалың көпшілікті езіп,жаншып отырған хан,сұлтан,би-төрелерге қарсы шықты.Найзасына асыл сөз, өткір тілін қоса жұмсады.Көпшілікті ханға қарсы күреске шақырды. «Соғыс» өлеңі.Оқитын-7 «Ә» класс оқушысы Ертілеу Ернұр «Мұнар күн» өлеңі оқитын 7 «Ә»класс оқушысы Болат Саян
"Соғыс"

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраныммсв.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды,итит
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын -
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында...
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ, әр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды -
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға -
Қамалды бұзып аларға.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді,
Орыс добын үш атты...
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр неғылсын? -
Ерсары менен Қалдыбай -
Екі арыстан тең өлді...
Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді...
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді

"Мұнар күн"

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн,
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн,
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн,
Бұлаңдай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн,
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн -
Түс қыла гөр, құдайым,
Біздей тақ мейманасы тасқанға
Біздің ер Исатай өлген күн!
Он сан байтақ бүлген күн!
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн;
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн;
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан
Теріскей дауыл соққан күн;
Сағағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн.
Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып көңілі тынған күн!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет