1. жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары


Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу



бет2/5
Дата08.12.2023
өлшемі32,58 Kb.
#195981
1   2   3   4   5
Байланысты:
балалар

2. Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу.
Денсаулық – бүл физикалық, рухани, әлеуметтік тұрақтылық, ауру және жарақаттардың болмауы қоршаған ортамен байланыста болумен (бейімделу) сипатталатын табиғи жағдай.
Балалардың денсаулық жағдайымен дамуын кешенді бағалау критерийлері:

  1. Анамнезінде ауытқулардың болуы немесе болмауы (генеологиялық, биологиялық, әлеуметтік)

  2. Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі

  3. Жүйкелік-психикалық дамуы және оның үйлесімділік дәрежесі

  4. Ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдайлары

  5. Резистенттілік және реактивтілік

  6. Созылмалы аурулар немесе туа біткен даму ақауларының бар немесе жоқтығы

Балалардың денсаулық жағдайымен дамуының кешенді бағалау құрылымы:

  • Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын негізгі критерийлер бойынша зерттеу

  • Балалардың денсаулық жағдайының деңгейін (тобын) анықтау тұралы қорытынды

  • Медико – педагогикалық ұсыныстарды тағайындау

  • Есепке алу медициналық документациясын толтыру (Ф 112/у және 26/у)

Денсаулық топтары (деңгейлері)



  1. Топ - абсолютті дені сау балалар (дамуымен қызмет деңгейі қалыпты, яғни барлық 6 негізгі критерий бойынша ауытқулардың болмауы)

  2. Топ – дені сау, бірақ функционалды және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмен балалар

  3. Топ – компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональды мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация жағдайындағы, ағзаның функциональды мүмкіншілігі төмендеген; декомпенсация жағдайы, ағзаның функциональды жағдайы айтарлықтай төмендеген


3 Ана сүтімен емізу бойынша ДСҰ бағдарламасы
Босанған әйелдерде және ана сүтімен емізуге көмектесу және қолдау бағдарламасы ұсынуды кең тәжрібеге енгізу мақсатында ДСҰ және халықаралық балалар ұйымы БҰҰ ЮНИСЕФ (1989, Женева) «Ана сүтімен емізудің тиімді 10 тәсілін» жасақтады және «балаға қамқор аурухана» атты жобасын жүзеге асыра бастады. Босанған әйелдерде көмектесу қызметін көрсететін және жаңа туған балаларға күтім көрсететін әрбір мекемеде болу кажет:

  1. Ана сүтімен емізу тәжрибесі тұралы жазбаша түрде бекітілген саясаты болу және барлық медико-санитарлық қызметтерге жеткізу

  2. Саясатты жүзеге асыруға қажетті барлық дағдыларды медико-санитарлық қызметкерлерді үйрету

3. Жүкті әйелдердің барынша ана сүтімен тамақтандырудың жақсы жақтары мен әдістері тұралы ақпараттандыру
4. Босаңғаннан кейін алғашқы жарты сағатта анаға ана сүтімен тамақтандыруды бастауға көмектесу
5. Аналарға ана сүтімен тамақтандыру тәсілдерін және баласынан алшақ болған жағдайда да лактацияны сақтап қалу тәсілдерін көрсету
6. Медициналық көрсеткіштерден басқа уақытта, жаңа туған нәрестелерге ана сүтінен басқа тағамдар бермеу
7. Ана мен баланы тәуліктік бірге болуын бақылау – бір палатаға тәулігіне 24 сағат бірге болуды қамтамасыз ету
8. Ереже бойынша ана сүтімен тамақтандыруды қолдау
9. Емшектегі балаға емшек тәрізді немесе тыныштандыратын (емізік немесе ойыншықтар) заттар бермеу
10. Ана сүтімен тамақтандыруды қолдау мақсатында құрылған топтарды қолдау және шыққан соң сау аналарды сол топқа жіберу

Алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады, кейін ана сүтімен қатар қосымша тамақтандыруды екі немесе одан да жоғары жасқа дейін жалғастыру






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет