1. жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары


Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы



бет3/5
Дата08.12.2023
өлшемі32,58 Kb.
#195981
1   2   3   4   5
Байланысты:
балалар

4 Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
Ана сүтімен (табиғи) тамақтандыру- бұл бала өмірінің алғашқы жолында тек ана сүтін алуы. Егер қосымша тамақтандыруды енгізгенде, сүт жалпы тағамның 4/5 құраса немесе донорлық сүт болса, тамақтану табиғи деп аталады. Ана сүтімен тамақтандырудың артықшылығы:

  1. Ана сүтінінң сиыр сүтінен айырмашылығы, құрамында ұсақ дисперстік төмен молекулярлы ақуыздар – альбумин және глобулиндердің болуы. Олардың қатынасы 4/1. Сиыр сүтінде жоғары молекулярлы ақуыздар – казеиногендер бар. олардың қатынасы 1/4. Ана сүтінде көп мөлшерде тауриндер-аминоқышқылдар бар, олар өт тұздарын біріктіруге (май сіңірілуіне көмектеседі), тіндердің қалыптасуына (көз тор қабаты, бас миы) қажет

  2. Майлардан ана сүтінде липаза ферменті бар, ол ана сүтіндегі 90-95% майды сіңіреді. Дисперстіліктің жоғары дәрежесі, қаныққан май қышқылдарының төмен болуы, қанықпаған (эссенциальды) май қышқылдар көп болуы

  3. Ана сүтінде көмірсулар бета-лактаза (90%) түрінде болады, ал сиыр сүтінде альфа-лактаза болады. Бета – лактазаның функциональды ерекшелігі: аш ішек әлсіз сіңетін болғандықтан, әлсіз ортасы (pH 5-5,5) қалыптастыра отыра, тоқ ішекке дейін барады, ол бактерияларды өлтіре алады. Бета лактазаның бір бөлігі «бифидус фактор» деген ат алған. Ол В тобындағы витаминдердің синтезін белсендіреді.

  4. Ана сүтінің осмостығы жоғары (260-270) болуы, тағамның жақсы қорытылуына және гомеостаздың физиологиялық жағдайына әсер етеді, себебі емшек жасында бауырлық механизммен оның регуляциясы толық қалыптаспаған.

  5. Витаминдер және микроэлементтер. Ана сүтіндегі витаминдермен микроэлементтерің көлемі ананың тамақтануына байланысты. Ұрық ағзасында майда еритін витаминдердің жинақталуы жүктіліктің соңғы айында болады. Ананың дұрыс емес тамақтанбауында және күні жетпей туылған балаларда көбінесе гиповитаминоз дамиды. Ана сүтінде кальций мен фосфордың идеальды қатынасы сақталады, 2/1, ол баланың өсуіне және сүйек тінінің дамуын қамтамасыз етеді. Сиыр сүтінде кальций аз, ал фосфор көп. Соңғысы жақсы сіңеді және бұл қосымша тамақтануда жүрген балада гипогликемияның дамуына алып келеді. Темір ана сүтінде сиыр сүтіне қарағанда аз, бірақ оның резорбциясы 50-70%, ал сиыр сүтінде 30%. Ана сүтінде айтарлықтай цинк және мыс бар.

  6. Құрамында активті ферменттер (протеаза, трипсин, амилаза, липаза), қалқанша безі, бүйрек үсті, гипофиз және ішек жолдарының гормондары, арнайы (спецификалық) қорғаныс факторлары (лизоцим, макрофагтар), антиденелер (эшерихия, шигелла, кок және басқа флоралары) бар

  7. антигендік қасиеттің толығымен болмауы, ал сиыр сүтіндегі нәруыздар антигендері жоғары

  8. Ана сүті әрдайым жылы, стерильді, бала қабылдауына ыңғайлы

  9. Ана сүтінің психо-әлеуметтік әсері

Тамақтандыру тәртібі: Еркін тамақтандыру немесе «қажеттілік бойынша» - бұл баланың алғашқы кезеңіндегі тамақтандыру тәртібі, ол кезде баланың қалауы бойынша анасы емізеді. Ему уақытында болса таңдауы бойынша.
Дұрыс емізу белгілері:

  • Анасының емізу кезінде дем алуға ыңғайлы жағдайды таңдауы

  • бала барлық денесімен анасына бұрылған және тығыз жатуы, беті емшекке жақын, мұрыны үрпіге қараған болуы керек.

  • баланың басымен денесі бір сызықта жатыу, анасы бір қолымен басы және иығын, ал екіншісімен жамбасын ұстау керек

  • баланың иегі ана кеудесіне тығыз жақындаған

  • баланың аузы кең ашылған

  • төменгі ерні сыртқа ашылған

  • баяу, тереңінен сору паузамен, баланың сүтті жұту дауысының естілуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет