1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыњыз. A а, ¤, І, И



Дата25.08.2017
өлшемі71,56 Kb.
#26928
ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыњыз.

A) А, ¤, І, И.

B) ¦, Ы, О, А.

C) О, ¤, ¦, ‡.

D) Ә, Е, Ы, ¦.

E) Ы, І, И, А.



2. Жалқы есімді табыңыз.

A) Дуадақ.

B) Қарлығаш.

C) Тауық.

D) Сауысқан.

E) Қарға.



3. Бµлшектік сан есімді анықтањыз.

A) ‡штіњ бірі.

B) Тµртінші.

C) Сегіз шамалы.

D) Алтау.

E) Тоқсан.



4. Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.

A) Кiм.


B) Өзi.

C) Осы.


D) Мен.

E) Сен.


5. Етістіктің қ±рамына қарай бөлінуін белгілеңіз.

A) Есімше, кµсемше.

B) Салт, сабақты.

C) Дара, к‰рделі.

D) Болымды, болымсыз.

E) Негізгі т‰бір етістік, туынды т‰бір етістік.



6. Асты сызылған сөздер - мағынасына қарай қандай сөздер, табыңыз.

Үлкен бастар

Кіші қостар.

A) Синоним.

B) Көп мағыналы.

C) Омоним.

D) Ауыспалы мағына.

E) Антоним.



7. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.

A) Разъездің.

B) Коммунистке.

C) Коммуниске.

D) Разъезі.

E) Коммунистік.



8. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Кітаптарыңыз.

B) Геологтің.

C) Жүнісбек.

D) Жолдасым.

E) Естідім.



9. Тәуелдік жалғауының әсерінен өзгеріске ұшырап тұрған сөзді табыңыз.

A) Терегім.

B) Қозыңыз.

C) Жолдасы.

D) Балықтары.

E) Теңізімен.



10. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Бал арасы.

B) Әр уақытта.

C) Оқыған соң ұғу.

D) Мұражайға саяхат.

E) Бас киім.



11. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Түн іші.


A) Толымды.

B) Атаулы.

C) Жақсыз.

D) Жайылма.

E) Жақты.


12. -Қалима ма?

-Үйінде.

Сұрау белгісінің қойылу себебін көрсетіңіз.

A) Көмекші етістік.

B) Ша, ше шылауы.

C) Интонация.

D) Сұраулық шылау.

E) Сұрау есімдігі.



13. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны көрсетіңіз.

A) Көрмес-түйені де көрмес.

B) Ағалы-інілі екеуіне сүйсіндік.

C) Амангелді сынды батырын ел ұмытпас.

D) Он-он бесі келді.

E) Үгіт-насихат жұмысын жүргіз.



14. Анықтама қай стильге жатады, табыңыз.

A) Ресми.

B) Көркем әдебиет.

C) Іс-қағаздар.

D) Ауызекі стиль.

E) Публицистика.



15. Дұрыс жасалған сөзді табыңыз.

A) Білімкер.

B) Білімгер.

C) Білімпаз.

D) Білімжан.

E) Білімқой.



16. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

A) Әдемі.

B) Ақылды.

C) Алпамсадай.

D) Шоқпардай.

E) Еріншек.



17. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

A) Олар бірнешеу еді.

B) Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.

C) Зейнегүл он жылдық мектептің сегізінші класында оқиды.

D) Құлаққа жағымды қоңыр үндердің арасында тыңқ-тыңқ шертілген домбыра дауысы естіледі.

E) Көпшілігі жап-жас жігіттер, араларында екі-үш әйел заты бар.



18. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Бері жібер.

B) Қара торы.

C) Ақ шұбар.

D) Қою қара сақалды.

E) Қас пен көздің арасында.



19. Заттық мағынадағы сөздердің сапасын анықтайтын мүшені табыңыз.

A) Толықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Пысықтауыш.

D) Баяндауыш.

E) Анықтауыш.



20. Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз.

A) Не мен, не сен айт.

B) Жүгіріп еді,сонда да кешікті.

C) Біз ертең-ақ жетеміз.

D) Бірде бар,бірде жоқ.

E) Оқуға да,жұмысқа да үлгереді.



21. Қарсылықты салаласты табыңыз.

A) Ертең мен кетемін.

B) Түн ортасы асып кеткендіктен, берілген жұмыс шала орындалды.

C) Ойлай берсең, басың ауырады.

D) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ.

E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.



22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді көрсетіңіз.

A) Бірақ, мұның сорына – министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады.

B) Бірақ, мұның сорына министр бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады.

C) Бірақ мұның сорына министр, бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады.

D) Бірақ, мұның сорына министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады.

E) Бірақ, мұның сорына, министр бүгін келушілерді ұзақ қабылдады.



23. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Өнер алды – қызыл тіл.

B) Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек.

C) Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз.

D) – Е, біз қайда кетеміз?! – деп, Жетпіс күйіп кетті.

E) Ол даусын соза сөйлеп, өзінің Тайжан екендігін айтты.



24. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

A) Ойбай- Жақа-ау ол Жоламанның дүмпуі ғой!

B) Ойбай, Жақа-ау! Ол- Жоламанның дүмпуі ғой.

C) Ойбай Жақа-ау! Ол, Жоламанның думпуі ғой.

D) Ойбай Жақа-ау ол - Жоламанның дүмпуі ғой.

E) Ой-бай, Жақа - ау, ол - Жоламанның дүмпуі ғой.



25. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Үлбірейді гүл алаңы.

B) Ер адам әйелін үлбіретіп ұстағаны жөн.

C) Сарғайған, әбден үлбіреп тозған қағаз екен.

D) Ақша беті үлбіреп тұр.

E) Ол бұл жолы үлбіреген қыз алыпты.



26. Омонимді табыңыз.

A) Аңсаған шөлде су тапса, Бас қоймай ма бастауға?

B) Бес саусақтың әлдісі, жуаны - бас бармақ.

C) Бала өсіру - барша жанның мақсаты.

D) Баршын қыздың киімі - жұқа жібек, жолақ баршын, мақпал, атлас.

E) Баспадан жаңа кітап шығыпты.



27. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.

A) Қас адам.

B) Қарапайым адам.

C) Адал адам.

D) Сақ адам.

E) Дос адам.



28. Бірге жазылатын қос сөзді көрсетіңіз.

A) Әп-әдемі.

B) Бессайыс.

C) Биыл.


D) Көкпеңбек.

E) Жолсоқты.



29. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.

A) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

B) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.

C) Аяғы жазылды ма өзінің?

D) Олар егіннен мол өнім алу үшін жұмыстанады.

E) Жомарт биыл келген.



30. Қос нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

A) Жалпылауыш сөз.

B) Кезектес салалас.

C) Ыңғайлас салалас.

D) Қарсылықты салалас.

E) Себеп-салдар салалас.



ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет