1-кезең: зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсатын анықтауға дейінгі, болжамды құру кезеңдері



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі108,64 Kb.
#157145
1   2   3   4
Байланысты:
КЖ кезендер

ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ
4. Нәтижелерін талқылау. студент өзінің ғылыми жұмысында қорытындылар туралы есеп жасаумен бірге ғылыми жетекшімен бірлесіп, мәселені талдап және жалпылап, заңдылығын және үрдістерін анықтап, жетіспеушілігі мен себептерін жоюға жолын тауып, ұсыныстар ойластырып, жақсартуға бағытталған практикалық зерттеудің нәтижесін қолданады.
5. Жұмысты жазу мен рәсімдеу. Жұмысты орындау уақыты үнемдеу үшін бірінші үзіндіні жазудың алдында жұмыстың рәсімдеу тәртібін меңгеру керек.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ ЖОСПАРЫ
Курстық жұмысты (жобаны) орындау бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – дайындық, оны ұйымдастыру кезеңі ретінде қарастыруға болады.
Аталған кезеңнің негізгі міндеттері болып табылады:
  • Болашақ жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту;
  • Жұмысты орындау тәртібін анықтау және бекіту;
  • Курстық жұмыстың мазмұнының жалпы жоспарын жасау.

  • Курстық жұмысты (жобаны) дайындау барысында әдістемелік көмек көрсету тәртібін анықтау. Курстық жұмысты (жобаны) орындау басталуына қалғанға дейін кеңес беру тәртібі және ағымдағы әдістемелік көмек көрсету тәртібі жетекшімен келісілуі керек. Әдістемелік көмек курстық жұмысты орындаудың бүкіл кезеңі бойына күн сайын көрсетіліп отырады. Бұл кеңес беру формасында(кесте бойынша) жүргізіледі, дегенмен онда курстық жұмысты (жобаны) орындау әдістемесінің жалпы сұрақтары қарастырылады: бастапқы кезеңде – көбіне курстық жұмыстың мазмұнына қатысты, ал қорытынды кезеңде – жұмысты таныстыруға және оны қорғауға байланысты сұрақтар. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының жалпы жоспарын жасау.
    Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының жалпы жоспары – курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтайтын ұйымдастырылған құжат.
    Курстық жұмыс мазмұнының баяндалуының логикалық кезектілігін және алдын-ала құрылымдық тұрғызуды орнату мақсатында бекітілген тақырып негізінде жасалады.

Екінші кезең. Курстық жұмысты орындау жұмысты орындауға қажет ақпарат көздерін таңдауды болжайды. Аталған кезеңнің негізгі міндеттері – іздеу, ақпараттық мағынадағы маңызды және бағалы көздерді. Бастапқы ақпарат көздерін жинау – бұл ең қарапайым технологиялық рәсімдердің бірі. Оны орындау үшін белгілі бір мерзімге дейін бастапқы көздердің ең үлкен бөлігін жинау жеткілікті. Әрі қарай жүйелендіру керек, яғни жиналған материалды мазмұны бойынша және оны қолдану кезектілігін есепке ала отырып біріздендіру және топтастыру керек. Қосымша бастапқы ақпарат көздері, егер оларды жұмыста қолдану қажеттілігі ешқандай күман келтірмейтін болса және жұмыстың жетекшісіқарсылық танытпайтын болса тізімге қосылады. Курстық жұмыс (жоба) өзіндік түрде жасалуы керек, Ғаламтордан немесе басқа көздерден көшірілмеуі керек.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша білім алушының қолында болуы керек:
1) Курстық жұмыстың (жобаның) мәтінің алдын-ала (жұмыс) нұсқасын дайындау үшін ақпараттар көздерінің тізімі;
2) Материалды кейіннен зерттеу үшін таңдалынған алдын-ала таңбалаудың нәтижелері;
3) Материалды алдын-ала зерттеу барысында білім алушы жүргізген жұмыс жазбалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет