1. Кіріспе. Ежелгі Шығыс халықтарының тарихы. Ежелгі Шығыстық өркениет тарихы. Ежелгі Египет



Дата07.02.2022
өлшемі66,5 Kb.
#85780
Байланысты:
Лекция 2


1. Кіріспе. Ежелгі Шығыс халықтарының тарихы. Ежелгі Шығыстық өркениет тарихы. Ежелгі Египет.

Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.


Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Египет – ең байырғы елдердің бірі. Оның 5 мын жылға тарта тарихы бар. Ежелгі Египет мәдениеті жайында перғауын патшалардың сағанасы алып пирамидалар, ғажайып ғибадатханалар мен тас бетіндегі муреттер сыр шертеді. Елдің халқы түгелге дерлік ежелден Африкадағы кәрі Ніл өзені бойына шоғырлынған. Ніл аңғарында дүниедегі ең сапалы мақта өсіріледі. Бұл – Египеттің негізі байлығы.
7 ғасырда Египетте арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін – исламды таратты. Египет 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды.
Египет Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Египеттің Синай түбегін басып алды. Египет халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде.
1974 ж. Египет халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.Ежелгі дүние тарихына жалпылама түсінік беру. Оның дүние жүзілік тарихтағы орны, кезендері. Тарихи деректер мен тарихнамасы. Батыс, ресей, қазақстандық ғалымдардың алғашқа өркениет туралы концепцияларына тоқталу. Хронологиясы. Адамдардың пайда болу туралы, олардың мекены, еңбек құралдары, алғашқы адамдар тобыры. Алғашқы еңбек бөлінісі мен топтардың шығуы. Жеке меншіктің пайда болуы.
Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн). Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.
Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) “Ежелгi патшалық” құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.
Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.
Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.
Жаңа патшалық (б.з.б. 1555-1090 жж.) ХVIII-ХХ династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.
Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.
Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұл табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. ХХIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды.
Б.з.б. 712-525 жж. кезеңiнде ХХV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды. ХХVI династия Мысырды Эфиопиясыз тағы да бiрiктiре алды. Осы династияның соңғы патшаларының бiрi – III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тауып, Мысыр парсы провинциясына айналды. Осымен б.з.б. 525 жылы Ежелгi Мысыр тарихы мен Мысыр өркениетi тарихы аяқталады.
Сосын Мысыр парсы, одан кейiн грек-рим үстемдiгiнде болады.Ежелгі Шығыс халықтарының тарихы. Жалпы тарихи деректер мен оның зерттелуіне тоқталу.
Алғашқы таптық мемлекеттердің пайда болу, алғашқы кұлиеленуші мемлекеттер. «Класикалық Шығыс» деген атауға сипаттама беру. Ежелгі Шығыс халқы және тілдік топтары. Ежелгі Шығыстағы құлдық, оның ерекшеліктері. Ежелгі Шығыстағы мемлекет оның формалары мен даму ерекшеліктеріне сипаттама.
Ежелгі Шығыстық өркениет тарихы. Афр-азиялық континенттегі жануарлар дүниесінен адамдардың бөлініп шығуы. Термешіліктен егіншілікке өту процесі.
Ежелгі Египет. Тілі, халқы, шаруашылығы туралы тарихи деректер негізінде сипаттама беру.
Ежелгі патшалық кезіндегі Египет. Деректері, табиғат жағдайы, халқының этникалық құрамы, шаруашылығы. Кұлиеленушіліктің пайда болып дамуы, мемлекеттің шығуы ІІІ-ІҮ династиялар кезіндегі экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуға сипаттама. Ерте патшалық кезіндегі Египеттің сыртқы саясаты, фараондардың ішкі және сыртқы саясаты.
Орта патшалық тұсындағы Египет тарихы (б.э.д. ХХІІІ-ХХІ ғғ.) Египеттің бытыраңқылыққа ұшырап номдарға бөлініп кетуі, ішкі шиеленістер. Египет шаруашылығы мен әлеуметтік жағдайының төмендеуі. Гераклеполь мен Фив қалалары арасындағы саяси билік үшін күрес. ХІ-ХІІ династичлар кезіндегі Египет. Экономикалық жағдай мен қоғамдық қарым-қатнастар, ирригациялық жұмыстар, пирамидалар, храмдар салу кезі. Египеттегі әлеуметтік шиеленіс, құлдар мен кедейлер көтерлісі. Гиксостар тайпасының Египетке шабуылы және оның билік кезі.
Жаңа патшалық тұсындағы Ұлы Египет державасы. ХҮІІІ династия тұсындағы сыртқы саясат. Тутмос Ш. Экономикалық, саяси, әлеуметтік дамудағы қайта құрулар. Кұлиеленушіліктің дамуындағы ерекшеліктер. Мемлекет басқару, соғыс ісі, армиядағы қайта құрулар мен оның нәтежесі. Эхнатонның діни-саяси реформасы, оның маңызы мен салдары. Ішкі тартыстар. ХІХ династия кезіндегі Египет. Рамсес ІІ ішкі және сыртқы саяси ХХ династия тұсы. Жаңа патшалықтың ақырғы кезі, бытыраңқылыққа ұшырау себептері, оның нәтежелері.
Соңғы патшалық тұсындағы Египет /Ливиялық-Саи кезеңі/. Кейінгі патшалыққа шолу. Египет шетжерліктер билігінде. Эфиоптардың басып кіруі, ливиялықтардың жаулаушылығы. Ассириялықтар Египетте. Египетті парсылардың жаулауы. Камбиз бен Дарий І тұсындағы Египет. Б.э.д. 332 ж. Александр Македонскийдің Египетке жорығы, оның державасының құрамына Египеттің енуі. Грек-македон династиясы Птоломейлер кезіне сипаттама. Египет өркениеті және оның ерекшеліктері.
Ежелгі Алдынғы Азия. Ежелгі Месопотамия. Географиялық жағдайы, тілі, халқы, шаруашылығы. Оның даму ерекшеліктері. Ежелгі Месопотамияны оқыту, кезендері. Деректерге сипаттама. Ур. Урук, Ашшур қалалары орнынан табылған археологиялық деректерге сипаттама. Алғашқы мемлекеттердің пайда болуы. Кұлдықтыңшығуы, ирригациялық жұмыстар, қоғамдағы мүлік теңсіздігі, жириелену формалары, саяси қүрылысына сипаттама. Месопотамия туралы жазбаша деректер. Тарихнамалық шолу жасауклинопистік жазуларды оқу маңызы, оның зерттелу тарихы. ХҮІІІ-ХХ ғғ. Зерттеулер. Археологиялық қазбалар кезінде табылған деректерді талдау және оның маңыздылығын көрсету.
Ежелгі Египет өркениеті төрт мың жыл бойы Ніл өзінінің атырауы мен аңғарында, Солтүстік Шығыс Африканың территориясында дамыған. Б.з.д. IV мыңжылдықтың соңынан бастап ежелгі Енипет халқы өзінің бірыңғай құндылықтар жүйесін қалыптастырған еді. Оның ішінде ең бастылары Ніл ғибадаты (Хапи құдайы) және патша ғибадаты («сарай» деген мағынаны білдіретін египеттік фараон) болды. Ніл өзені жылдың бір мезгілінде тасыды (19 шілде), оның жайылуы аспанда Сириус жұлдызының пайда болуымен сәйкес келді. Сондықтан египетттіктер осы жұлдызды Нілді билеген патша құдайы деп санаған.
Ежелгі Египеттік патшаны өркениеттің басынан құдай деп таныған: құдайдың еркімен Ніл тасып, Күн шыққан; Египеттің территориясындағы барлық жер патшаның қолында болды (сондықтан ол қасиеттідеп саналды). Қалған басқа құдайлар перғауыннан кіші деап саналып, оның қол астында болды.
Египеттің әрбір номында (облыс) кезінде белгілі бір жердің рухы немесе осында мекендеген күшті тайпалардың тотемі болған өзіндік құдайлары белгілі. Осылай Абидос пен Бисуристе осирис құдайын құртеттеген, Эдфуда Горға табынған, Коптосте мабаююат құдайы Хаторды қадірлеген, Гелиопольде – алдымен Атумді, кейін – Раны (Күн құдайы), Мемфисте – Птах құдайын, Гермопольде - ай құдайы Тотты құрметтеген. Сонымен қатар Егиет өркениеті зооморфты ғибадаттардың санымен ерекшеленеді: сұңқардың (Гор), ибистің (Тот), крокодилдің (Себек), қорқаудың (Анибус), скарабей қрңызының (Атум), бұқаның (Апис), қойдың (Хнум), мысықтың (Баст) қасиетті күштеріне сенген, жыландар, шаяндар, балықтың кейбір түрлерін құрметтеген. Египеттіктер өсімдіктерге де (сикомора (іңжір тұқымдас ағаш), құрма ағашы, лотос, папирус), жансыз заттарға (негізінен инсигнияларға – патша билігінің белгілері - скипетр, патша киімі, тәж) табынған
Египет дінінің екі негізгі аспектісі - құнарлық және елдің тұтастығы болды, олар Осирис құдайының кейпінде белгіліенген еді. Нәтижесінде египет мәдениетінің басты мифі болып табылатын, бірақ ешбір ешбір жазба деректерде толық көрсетілмеген «Осирис пен Исида туралы мифі» пайда болды. Мифтің кейбір фрагметтері патшалардың мазарлары мен пирамидаларында, әнұран мн ертегілерде кездеседе, бірақ оның толық нұсқасын ежелгі грек тарихшысы Плутарх «Исида мен Осирис туралы» деген атпен жазып қалдырған.
Б.з.д. XVII ғасырда Египетті көп санды гиксостар тайпалары (Таяу Шығыс тұрғындары) басып алып, бір ғасыр бойы өз биліктерін жүргізді. Гиксостар Египетке өз мәдени дәстүрлерін, соның ішінде өздерінің құдайлары туралы мифтерін таратты. Египетттіктер олардың мифтерін қолдады, осы уақытттан бастап номдық пантеондардың құрамында Иштар (вавилондық махаббат құдайы), Хадад (жаңбыр мен жел құдайы), Ям (теңіз құдайы) және семит тайпаларының басқа да құдалар пайда болады.
Б.з.д. XIV ғасырда IV Аменхотеп өзінің діни реформасын жүргізеді. Оның көріністері бойынша, Атон дүниенің барлық бөліктерін құрстырған құдай. Оның билігі әлемнің барлық халықтарына тарайды, солардың ішінен ең сүйіктісі египет халқы еді. Перғануын Атонның ұлы деп саналады. Имхотеп барлық тас жазбаларынан Амонның есімін алғызып, Атон деп жазғызды, ал өзінің есімін Эхнатон деп ауыстырды. Эхнатон өлген соң Атон ғибадаты әлсіреп, патша тағының мұрагерлері Амонның ғибадатын құрметтей бастайды. Египеттте Аман-Раның ғибадаты күшейген соң, Атонның есмі жоғалған.
Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Жерорта теңізіндегі ежелгі порт Библиос қай заманда да өз патшасы бар іргелі мемлекет еді. Оның соңғы патшасы Кинирдің римдік қолбасшы Помпей басын шауып өлтірген-ді.
Библиос та — дүниедегі ең ескі қалалардың бірі. Жыл санауымыздан кейінгі бірініиі ғасырда өмір сүрген Филонның айтуынша бұл қаланы дүние жаратылып, су аққан бойда Уран мен Гейдің кіші ұлы Элл тәңірі салдырған.
Археологтардың жобалауынша, ол жер бетінде біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда пайда болған. Содан екі ғасыр өткен соң Финикия мен Египет арасындағы ірі сауда орталығына айналған. Перғауындар өз сарайлары мен табыттарына пайдаланған ливан самырсынын осы порт арқылы алдырып тұрған. Кіші Азия жеріндегі таза хананей мәдениеті ықпалының орталығы — өлі қала Угарит пен тірі қала Баальбек, селевкіліктер тұсындағы парсы мәдениеті ықпалының орталығы — өлі қала Апамея мен тірі қала Латакия, Византия ықпалының орталығы Алеппо болса, ежелгі мысырлықтар ықпалының көп тиғен жері — осы Библиос. Біздің автобус төрістікке тура тартқан күретамыр магестральдан бұрылып, теңіз жағасынан онша алыс емес қоңырқай қалаға бұрылдық.
Аңыздан тағы да тарихқа көштік. Библиос қаласына келдік. Кітапқа байланысты барлық «библио» деп басталатын термин осы қаланың атынан туған, Алғашқы кітап, алғашқы кеме осыдан шыққан. Ескі қаланың орнында тұрмыз.
Библиос — Жабалъ қорғанынын тәбесіне шығып қарасаңыз, сонау алғашқы кеме суға салынған қайраңнан бастап, мынау археологиялық қазбалардан табылған заттарды тасып алып кетуге арналған тар табанды темір жолға дейінгі екі ортадан барлык, ғасырлардың жұрнағын көресіз. Біз Библиостың Тәңірана храмының, ежелгі финикиялықтар храмының, ғұлпы тастар храмының орнын, көне амфитеатрды аралап шығып, жер астына түстік. Шахта ла-валарына ұқсайтын қап-қараңғы үңгір біраздан соң айырылды, біреуінде кісі бойынан биік ақ мәрмәр саркофаг түр. Екіншісіндегі саркофаг ағаштан жасалған болса керек адамнын қаңқасы қалыпты да, саркофагтың өзі жоқ болып шығыпты. Бұл — финикия королінің саркофагы. Археологтар Библиостан әр ғасырдағы әр алуан саркофагтардың бүтін бір коллекциясын тауыпты, Оны Бейруттағы ұлттық музейде көргенбіз. Кейінгі дәуір саркофагтарының қақпағында жерленген адамнын шалқасынан жатқан скуль-птуралық бейнесі салынады екен. Ең ежелгі финикия королінің саркофагін ғалымдар ұзак, уақыт таба алмай жүріпті. Бір дауылды күні теңіз жақтан келе жатқан бір әйел жел ашып тастаған үңгірді керіпті. Ғалымдар әлгі біз көрген моланы солай тауыпты.
Елдің ең терістігіндегі Триполи де — ежелгі порт. Ол қазір де үш құрлықтың кемелерін түгел қабылдаңды. Ондағы крест жорығы тұсындағы қамалдың үстіне шығып, қаланы қызықтадық. Триполи — елді мамлюктер билеген кездегі астана. Олар шаһарға кеп мешіт, медресе салыпты.
Қай басқыншы да әуелі қирата, бүлдіре келіп, көп ұзамай сол қиратқанын қайтадан жөндеп, әзі де ескерткіштер тұрғыза бастайды. Римдіктер финикия храмдарын бұзып, өз храмдарын салды. Оларды арабтар бұзып, өз мешіттерін салды. Алайда, әрбір жаңа құрылыс өзінен бұрынғы құрылыстың архитектуралық дәстүрлерін аттап ете алмайды. Төрт халықтың, төрт дәуірдің құрылысшыларының қолы тиген Баальбек храмдарының архитектуралық бүтіндігіне, көркем үйлесіміне қайран қаламыз. Кешегі құртушы бүгін шәкірт құрылысшыға айналады. Жеңілген мәдениет жеңген басқыншыны қайтадан әз ырқына бағындырады. Мәдениеттен жеңімпаз ештеңе жоқ.
«Мәдениетсіз» көшпелі арабтар Египет пен Индияның, Түрікстан мен Византияның мәдениетін Европаға тарат-ты. Арабы аруаналардың жал қомында барған қытай ком-пасы, арада әлденеше ғасыр өткен соң, ез Отанына отаршыларды бастап әкелді. Сонда кеткен оқ-дәрі Европадан бомба боп оралды. Ал, енді готтар мен вандалдарға, франкілерге Муса ибн Нусеирдің әскері апарған қыш ванна эмальге боялған темір астау боп қайта оралғанда, ежелгі отандастары, шығыстың көп жұрты танымай да қалды.
Триполидің қақ ортасынан өтіп, Жерорта теңізіне құятын Хадиша өзенін бойлап, теңіз деңгейінен екі мың метр биіктегі әйгілі ливан самырсынынан қалған шоқ то-ғайға көтерілдік. Тау аңғарын сақина-сақина ғып, орағы-тып өрмелеген ирелең жол бізді «пейіштің» өзіне бастап келе жатқандай. Астында шоқ-шоқ ақ шаңқан қалалар, Тебеңде түксиген тау. Артыңда — бұрылыс, алдыңда бұры-лыс, қапталыңда — сарқырама сулар. Шыңырау құздыту сонау төрінде, аспанның қақ ортасында ақша бұлттай ап-пақ қарлар жатыр. Бір кезде мынау жалаңаш таулардың бәрін ливан самырсынының сыңсыған ормандары орап жатыпты. Ежелгі финикиялықтар қолына балта ұстаған-нан бастап шабылып келе жатқан ағаштан қазір бүкіл елде жүзге жетер-жетпес түп қалыпты. Сүлеймен патшаның өзі ордасып содан салдырыпты. Әбу-Бәкір мен Омар мұсылманды қалтыл-даған қайыққа мінгізуге қарсы болғанмен, олардың ізбасары Мағауия халиф араб флотилиясын самырсыннан жасатыпты. Ежелгі фараондар мен патшалар ливан самырсынынан өздерінен саркофаг жасатса, кейінгі кездің сұрқылтайлары әйеліне кереует, машинасыпа гаражды да содан істетеді. Енді біз келген ең үлкен самырсын тоғайында бар болғаны елуге жуық ағаш тұр. Мәңгі гүлдеп, төрт мың бес жүз жыл өмір сүретін, әрі сұлу, әрі берік бұл ағаш киелі саналады. Самырсын тоғайынан бас алған тау өзеніне қойылған Хадиша (Хадиджа) деген ат ескі арамей тілінде «киелі» деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет