Мойыномыртқа остехандрозы. Омыртқалар бір жағына шығып кетпес үшін мойынға мақта дәкеден жасалған тіреуіш жаға кигізеді. Мойынға киілген қамыт бүкіл бір емдеу курсы біткенше шешілмейді. Бұл артық қимыл жасамай зақымданған жердің жетілуіне көмек болады. Жаттығулар: иық, жауырын, бұлшық еттерін босатып мойын бұлшық еттерін жетілдіруге ықпал жасайды. Қарсыласу жаттығулары басты артқа итергенде науқас алға итеріпқарсыласу керек. Мойын бұлшық етін жетілдіру үшін жатқан бойда басты көтеріп 2-5 секунд ұстап тұру үлкен әсер етеді. Шалқадан, етпеттен, бір қырынан жасауға болады. Тыныс алу жаттығуларымен қоса суда жүзу пайдалы, мойын бұлшық етін қатайту үшін қабырғаға арқаны беріп шүйдемен тіреледі. Қатты тіреп босаңсып тағы қайталайды.( 3-5 секунд). Жон етке массаж жасайды.