1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет19/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Механизмі: ЕДШ жаттығулары іш кеңістігіндегі қысымды азайтып, өттің бөлінуін, бауыр, өт қабынуларын қалыпқа келтіреді. Ас қорыту жүйесіне ауыр жаттығулар маторлық-сектреторлық қызметін нашарлатады, ал жеңіл жаттығулар қалыпқа түсіреді. Ем әсерлі болуы үшін жаттығу қалпын таңдай білу керек. Ауру асқынған кезде жатып сақтықпен жасалады. Шынықтыруларды суда ( бассейнде, минералды суда) жатқызып, отырып, тұрғызып жасауға болады. 20-40 минутқа дейін /*-24-26 С. Емдеуі 12-15 рет. Жеке дара және топпен.
Гастрит: ЕДШ аурудың ауырсынуы басылып дене қызуы қалпына түскен соң жасалады. Асқазан ауруында сөл бөлінген жағдайда минералды суды жаттығу алдында ішеді, ал тамақты жаттығудан кейін 15-20 минуттан кейін ішеді. Асқазан сөлінің аз бөлінуінде минералды суды жаттығудан кейін тамақтануға 15-20 минут қалғанда ішеді. Сөл аз бөлінгенде жеңіл жаттығулар, ал көп бөлінгенде күштірек жаттығулар беруге болады. Е.Г.мақсаты:

Орталық нерв жүйесін жақсарту және сергіту, ас қорту ағзаларының қызметтерін жақсарту. Жүрек қан тамыры, зат алмасуды нығайту, іштің бұлшық еттерін қатайтуға арналған жаттығуларды отырып тұрып жатып жасатып біртіндеп жүктемені көтеруге болады. Жүріп, кейін құралдармен жаттығуды жалғастырады. Суда жүзу коньки тебу, шаңғымен жүру.т.б.


Асқазан жарасы мен 12 елі ішек ойық жарасы.

ЕДШ-ды аурудың бәсеңсіген кезінде жасайды. Қан анализдері (ЕТЖ, лейкоцид) қалыпты жағдайға жеткенде. Бұндай жағдай аурудың 5-7 күндері болады. ЕДШ төсек жағдайында күніне 2-3 рет 10-12 минуттан баяу жасалады. Е.Г.-ны палата жағдайында жасап бірте-бірте күшейтіп барлық бұлшық еттерге жасайды, бірақ іш аумағында оқыс қозғалыс жасауға болмайды. Гантельмен (0,5-2кг) және 2кг дейінгі тығыздалғын доппен, орындықта немесе гимнастикалық қабырға ағаштарында жаттығулар жасайды. Таза ауадағы қыдыру ұзақтығы 20-25 минут.


Холицистит-өт қалтасының қабынуы. Асқазан үйқы бездері ауырғанда қосымша болып кездеседі. ЕДШ жазылу кезеңінде қалыпқа келген соң жасалынады. Бауыр, өт жолдары зақымданғанда ең алдымен тамақтану тәртібі жолға қойылады. Адам оң жақ бүйірімен жатқанда өт жақсы бөлінеді. Жаттығу осы қалыпта жасалады. Дұрыс қолданған жаттығулар дәрісіз де өт жолын ашып, оның ағып ішекке түсуіне көмектеседі. Е.Г. тыныс алу және бұлшық еттерді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Жасалған қимыл-қозғалыстар тыныс алумен ұштасып отыру керек, өйткені ішке терең дем алған кезде, құрсақтың көк еті (диафрагма) бауырға массаж сияқты соққылап әсер етеді, оның өзі бауыр ішіндегі қан – лимфа айналымын жақсартады да өттің жүру жолынашады Мұндай жаттығу жасаған адамдар оң қырымен жатса, өттің жүруіне үлкен ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп тұрса, ал жаттығулар жасағандашалқадан жатса, өте нәтижелі болады. Түрегеліп тұрып бір орында жүру, тізені жоғары көтеріп қимыл жасау өте пайдалы.Жаттығулар байыппен, асықпай, бірқалыпты ырғақпен 20-30 мин жасалады.


Қарсы көрсетілімі. Өт жолының қабынуы жоғары температура , (СОЭ) жоғары болуы, қатты ауырсыну.
Спланхноптоз. Ішкі құрылыстағы ағзалардың бұлшық еттер мен байланыс аппараттарының әлсіреуінен төмен түсуі. Ол кенет азып, арықтап кеткен адамдарда, көп босанған аналарда, ауыр жұмыстан қажыған, әлсіреген адамдарда кездеседі. Бұған ең тиімді ем гимнастика. Жаттығу жасау үшін төсектің аяқ жағы көтеріңкі болуы керек. 1 қолды көтеріп, 1аяқ, 1 қолды көтеру, «Қайшы», велосипед, алма кезек аяқтарды көтеру. Жүгіруге, секіруге, тартылуға күш жұмсайтын жаттығулар жасауға болмайды. Мөлшерлі жүзу, ескек есу, шаңғы тебу, волейбол, теннис ойнау өте пайдалы. Бұлар бұлшық етті жетілдіріп, іштегі қысымды қалпына келтіреді. Есте ұстайтын бір жай- жаттығулар жасаған кезде құрсау киіп алған жөн. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, біртіндеп күрделенеді. Қанша қайталанатынын адам өз жағдайына қарай ықшамдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет