1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру


Ас қорыту ағзаларындағы жаттығулар



бет20/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Ас қорыту ағзаларындағы жаттығулар;

1.Шалқадан жатқан қалыпта, жанбастың астына жастықша қойып ішпен тыныс алу. Ішті тыныс алғанда көтеріп , тыныс шығарғанда босату. 6-8 рет.

2. Шалқадан жатқан қалыпта жанбастың астына жастықша қойып, қолды денемен бірге ұстап, оң аяқты бүгіп қолмен тартып кеудеге тигізгенде ішті тартып тыныс шығару, қалыпқа келгенде тыныс алу. Осы жаттығуды сол аяқпен қайталау. Әр аяққа 5-6 реттен.

3.Шалқадан жатқан қалыпта аяқты тізеден бүгіп табанды еденге қойып, 1 аяқты түзу жоғары көтеріп «4» санағанша ұстап тұру. Қалыпқа келіп келесі аяқты көтеру. Тыныс алу қалыпты, әр аяққа 5-6 реттен қайталау.

4. Шалқадан жатқан қалыпта екі аяқты тізеден бүгіп, бүгілген тізені оңға, солға бұру. Тыныс алу бір қалыпты. Әр бағытқа 5-6 реттен қайталау.

5. Шалқадан жатқан қалыпта қол денемен бірге. Аяқты кезекпен дөңгеленте айналдыру.(велосипед). Тыныс алу қалыпты. Қайталау 6-8 рет.

6.Оң қырымен , екі аяқты қосып жатқанда сол аяқты бүгіп кеудеге тигізіп, ішті тартып тыныс шығару. Қалыпқа келгенде тыныс алу. Әр аяққа 5-6 рет.

7. Ішпен жатқан қалыпта сол аяқты түзу жоғары көтеріп осы қалыпты 2-4 секунд ұстап тұрып қалыпқа келу. Осылай оң аяққа қайталау. Тыныс алу қалыпты. Әр аяққа 5-6 рет қайталау.

8. Төрт тағандап тұрған қалыпта қолды бүгіп, белді қайқайтып, басты сол ға бұрып 5-6 секунд тұру. Қалыпқа келген соң жаттығуды қайталап басты оң жаққа бұру. Әр бағытқа 3-4 рет қайталау.

9. Төрт тағандап тұрған қалыпта , оң аяқты түзу артқа созып тыныс алып, қалыпқа келгенде тыныс шығару. Жаттығуды сол аяққа қайталау. Әр бағытқа 5-6 реттен қайталау.

10. Тұрған қалыпта, аяқ иық деңгейінде, қол денемен бірге. «1-2» денемен оңға бұрылғанда қолды жанына қарай созып, тыныс шығару. «3-4» қалыпқа келгенде тыныс алу. Жаттығуды сол жағына қайталау. 3-4 рет әр бағытқа.

11. Тұрған қалыппа аяқты бірдей қойып түзу ұстап, қолды төмен жібереміз.

«1-2-3» санағанда өкшені еденнен көтермей денені толқындатып жартылай отырып тұрғанда екі қолды алға созып тыныс шығару. «4» қалыпқа келіп тыныс алу. Қайталау 6-8 рет.

12. Тұрған қалыпта орындықтың арқасынан ұстап, өкшені еденнен көтермей отырғанда тыныс шығарып, тұрғанда тыныс алу. Қайталау 6-8 рет.

13. Отырған қалыпта, екі қолды артқа қарай еденге тіреп, аяқты түзу ұстап кезекпен жоғары көтеру. Тыныс алу қалыпты. Әр бағытқа 5-6 реттен қайталау.

14. Отырған қалыпта екі қолды артқа қарай еденге тіреп, аяқты кезекпен дөңгеленте айналдыру. Қайталау 5-6 рет.



15. Шалқадан жатып денені бос ұстап, ішпен тыныс алу. Тыныс алғанда ішті керіп, тыныс шығарғанда ішті тарту. Қайталау 8-10 рет. Жаттығудан кейін ішке сипалап массаж жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет