1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет60/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Медициналық бақылау негіздері.
Дене тәрбиесі мекемелері мен спорттық жаттығулармен айналысатындарға дәрігерлік бақылау жасау денсаулық сақтау саласының ажырамас бір бөлігі. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік тексеру 3 кезеңнен тұрады.
1) Алғашқы тексеру. Спортпен шұғылдануға, дене шынықтырумен айналысуға берілетін алғашқы рұқсат. Баланың жасын, денсаулығын, дене бітімін қарайды.
2) Қайталап тексеру. Әрдайым спортпен шұғылданудың адам ағзасына әсерін айқындау.

3) Қосымша тексеру. Спорттық жарыстарға шығар алдында және жаттығу арасындағы ұзақ үзілістен кейін, науқастанғаннан кейін дәрігерлік тексеруден өткізу.

Денсаулықтарына байланысты оқушылар мен студенттерді спорттық және дене шынықтыру сабақтарында 3 топқа бөліп жаттықтырады.
1) Негізгі топ – денсаулықтары қалыпты ағзаларында өзгерістері жоқ балалар.
2) Дайындық дәрігерлік топ – денсаулықтарында ауытқулары бар оқушылар.
Дене шынықтыру мен спорт сабақтарына қатысады, бірақ жаттығудың жеңіл түрлерін жасайды. Спорттық жарыстарға қатыстырылмайды.
3) Арнайы дәрігерлік топ - денсаулықтарында физикалық дамуында айтарлықтай өзгерістері бар оқушылар дене шынықтыру сабақтарына босатылмайды да ЕДШ бөлмесінде айналысады. Жарақаттанған және ауырып ем алғаннан кейін уақытша немесе толық дене шынықтыру сабағынан босатылады. ЕДШ сабағына алмастырылады.
Спорттық тәжірибеде спортпен шұғылданатындардың физикалық жұмыс қабілеттерін бағалау үшін мөлшерленген жүктемелерді қолданады. Ең көп тараған түрлері – велоэргометрия және степэргометрия . Тексеруді жүргүзу алдында және жүктеме берілгеннен кейін уақытша тамыр соғысын тексеріп, жүрек соққысын кардиограммаға түсіріп, қан қысымын өлшейді. Осы тексеру құралдарының көмегімен спортшылардың және науқастардың физикалық, жұмыс қабілеттерін анықтайды. Медициналық бақылау және ЕДШ арқылы өкпедегі ауа айналысын, сыйымдылығын, сыртқы тыныс алу қызметі мен бұлшық еттердің қуаттылығын, жиілігі мен тыныс алу тереңдіктерін зерттейді. Дені сау адамдардың тыныс алу жиілігі 14 –тен 18-ге дейін 1 минутқа. Спортшылардың тыныс алу жиілігі аздау болады 8-ден – 16-ға дейін 1 минутта және тыныс алу тереңдігі үлкен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет