Күн қызуымен шынығу: күнге дұрыс қыздырына білсе ағзаның жұмыс қабілеті артып, зат алмасуын жақсартады. Күнді артық пайдалану асқынуларға әкеліп соқтырады. Қан аздыққа, зат алмасудың бұзылуы, лейкемияға ұшыратады. Шынығуды жазда (сағ 8ºº-11ºº-ге дейін) көктем, күзде (11ºº-14ºº-ге дейін) жел соқпайтын жерде жасайды. Дені сау адам 10-20 минутттан бастап 5-10 минут қосып 2-3 сағатқа жеткізуге болады. Әрбір 1 сағат сайын көлеңкеде 15 минут дем алады.
Ауамен шынығу: ағзаның суыққа төзімділігін арттырып , суықтан болатын аурулардан қорғайды (сақтайды). Тыныс алу, зат алмасу. Жүрек қан тамыр жұмысы жақсарады. Шынығуды жылы күндері желден қорғалған жерде қозғалу жаттығулары арқылы жасауға болады.
Ұзақтығы адам денсаулығына және температура мен ауа ылғалдығына да байланысты.
Сумен шынығу: суға шомылу немесе үстіне су құю жаттығу жасаумен бірге салқын суда массажбен жасалады. Бірақ салқын суда ұзақ уақыт тұру терідегі қан айналысын нашарлатады, тарылтады, жылуды жоғалтады. Жылу беру жетіспейді, сондықтан ағзалардың қызметі бұзылады. Ысқылау : шынығудың жұмсақ түрі. Әуелі бөлме температурасында кейін судың температурасын түсіріп 2-3 аптада 10-12 С-ге жеткізеді. Қалыптасқан соң шомылуға немесе душқа түседі.
ЕДШ-лар бөлмелерде, алаңдарда, аурухана, тынығу орындарында ,(санатория, курорт) және үй жағдайларында қолданылады. Жаттығулар адамның бүкіл денесіне немесе жеке ағзаларына арнап жасалады., және арнайы жаттығу құралдары арқылы жасалады. Үлкендер мен балаларға жатығу әсерлері бірдей болады. ЕДШ бөлмесін ұйымдастыру үшін үлкен бөлме (зал) қажет. Арнайы жаттығу құралдары және науқастарға арналатын карта ( Ф-№024 у) ДШ картасы Ф(061у) болулары керек .
Көрсетілімдері: ағзаның жұмыс қабілеті әлсірегенде немесе жоғалғанда, асқынулар кезінде, түйнемелерді тарқату үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |